«Қайраттың» экс-шабуылшысы Қазақстанға оралуы мүмкін

«Қайраттың» экс-шабуылшымы Адеринсола Эсеолаға Қазақстаннан ұсыныстар түсті. Бұл туралы футболшының агенті Александр Панков хабарлады.

«Қазір біз жаңа командалармен келіссөздер жүргізіп, нұсқаларды талқылап жатырмыз. Қазіргі уақытта Грекия, Сауд Арабиясы және Түркия клубтары футболшыға қызығушылық танытуда. Сондай-ақ Қазақстан чемпионатының топ-командаларының ұсыныстары да бар.

Украина? Кейбір клубтардан қызығушыляқ бар. Бірақ әлі нақтылық жоқ. Дұрыс таңдау жасау үшін және футболшы «Қайраттағыдай» көп гол соққан деңгейге қайта оралу үшін асықпай ойланамыз», — деді Панков.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!