ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы алматылық команданың жейдесін әлі киіп жүргендігін жеткізді

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы алматылық команданың жейдесін әлі киіп жүргендігін жеткізді

«Қайраттың» сербиялық экс-қорғаушысы Жарко Маркович Sports.ru сайтына берген сұхбатында алматылық команда сапындағы жылдары, жарақаты және Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралу мүмкіндігі жайлы айтты.

– «Қайраттан» кеткесін бір жарым жылдан кейін ғана жаңа команда таптың, онда да көп тұрақтамадың. Не себепті?

– Жарақатымнан екі жылға жақын уақытта әзер айықтым. «Инджияға» таныс бапкерімнің телефон соғуы арқылы ауыстым. Бірақ ол маған сенім артпады: «Тағы сәл күтші, қазір ойнайсың» деді. Мен одан әрі күте алмадым, солай екі жыл өтті, мен 15-17 жасар жігіт емесін ғой. «Радникпен» тез арада келісімге келдім де, онда бара сала алаңға шықтым.

Басында ол командада қиын болды: аз ұпай жинадық, Суперлигада қалу өте қиынға соқты, бірақ ол біздің қолымыздан келді.

– Өзіңнің нағыз бабыңда болған кездерде басқа клубтардан ұсыныстар болды ма?

– 2017 жылғы ОЖЖ-нда жүрген кезде бір ресми шақырту болған. Агентім маған айтпастан Италияда бірнеше келіссөздер жүргізген екен. АҚШ-тың МЛС лигасындағы құрамында Пирло мен Вилья ойнайтын «Нью-Йорк Сити» екі жылдық келісімшарт ұсынды. Мен «Қайраттағы» жағдайдың бәрі менің көңілімнен шығатынын, бірақ олардың алдымен клубпен сөйлесуін сұрадым. Егер Боранбаев мені жіберсе ойланып көретінімді айттым. Алматыда маған бәрі ұнайтын, жанкүйерлер мені жақсы көрді. Бірақ барлығы бес минуттық телефондағы әңгімемен бітті. Агентім «Қайраттың» мені клубқа керек ойыншы, жібере алмайтынын айтқанын жеткізді. Содан кейін біз бұл тақырыпқа қайта оралмадық.

Бәрі жақсы басталды: Суперкубокты жеңдік, екі гол соқтым, ал содан кейін жарақат алдым да менің өмірім аяқ астынан өзгеріп сала берді.

– АҚШ-та «Қайраттағы» жалақыдан аз төлейміз деді ме?

– Кішкене көп төлейтіндерін айтты. Алайда, қайталап айтам, «Қайрат» ұсынған жағдайлар мені толық қанағаттандырды. Ал болмашы ақша үшін команда ауыстыруды қаламадым. Оған қоса, мен ол жаққа барған күннің өзінде ойнап-ойнамауым белгісіз еді, ал «Қайратта» мені бәрі жақсы көрді.

Жарақат алған соң қараша айына дейін тезірек емделгім келді. «Қайрат» мені Италияға, Германияға емделуге жіберді, бәрін төледі. Клуб мені айықтыруға қатты тырысты. Алайда, 4-5 ай өткен соң мен кету жайлы өзім ойлана бастадым. Мен оларға алаңда ойнамасам неүшін керекпін? Алда бір жылдық келісімшарт мерзімі бола тұра менің былай жасауым әділетсіз болар еді. Біз барлығы жөнінде сөйлестік, келісімшартты үзуге келістік. Бәрі түсінікті жағдай – оларға жаңа қорғаушы керек болды, ал менің қашан жазылатынымды ешкім білмеді. Маған «Қайраттың» дәрігері футболды біржола қоятынымды айтты. Диагноз солай деді. Бірақ мен емделіп шықтым. Қазір ойнап жүрмін, барлығы ойдағыдай.

– Гоу клубтан кеткен соң егер Қазақстанға қайта оралса тек «Қайратта» ойнайтынын айтты. Сенде ондай принциптер жоқ па?

– Жауап беру қиын. Мына командада ешқашан ойнамаймын деу де дұрыс емес. Мен «Қайратты» қатты жақсы көрем, бірақ мен ісіме кәсіби тұрғыда қарайтын адаммын. Егер маған «Астанада» ойнау керек болса ойнаймын. Әрине, егер «Қайрат» пен «Астана» арасында таңдау жасау керек болса, жүз пайыз «Қайратты» таңдайтыным анық. Егер ҚПЛ клубтарынан ұсыныс келіп жатса қарастырамын.

«Қайраттың» жейдесін әлі киеді екенсің, сол жейдемен жаттығасың. Қимастық па?

– Өте жақсы жейде. Мен Қазақстанда керемет төрт жылымды өткіздім. Мен бұл жейдені сүйемін. Достарыммен доп тепкенде осы жейдеде ойнаймын. «Қайрат» әрдайым менің жүрегімде және менде әрқашан бұл команданың формасы болады.

– Былтыр сені Қазақстанға қайта оралады деген сыбыстар болды, бірақ артынша сен «Инджияға» ауыстың. ҚПЛ клубтары шақырды ма?

– Бірнеше қоңыраулар соғылғаны рас, алайда ол кезде 30 жастан асқан футболшыларды алуға болмайды деген заң болатын. Бірақ мені шақырған кей кісілер мені бұл елде төрт жыл ойнаған, біраз титулдар ұтқандығымды айтып шешкісі келді. Дегенмен федерация тсол күйі рұқсат берген жоқ. Қай клубтар екендігін айтпай-ақ қояйын, жақында тағы қоңыраулар түсті, бірақ болмады. Әйтсе де, трансферлік терезе әлі ашық, көре жатармыз. Бір клубтың президенті менің ойынымды көріпті және мені шақыруға дайын екен. Бірақ ол сөз күйінде қап кетті. Шамасы, 34-ке келген футболшыны сатып алды деген сынның астында қалудан қорықса керек. Қазақстанда неге футболшы 30-дан асса болды, оны кәрі, ойнай алмайды деп ойлайтындығына түсінбей-ақ қойдым. Егер әлемдік футболға қарайтын болсақ, 36 жасар Роналду, 39-ға келген Ибрагимовичтер шауып жүр. Футболшының жасы емес, қалай ойнайтыны маңызды. Трансферлік терезе жабыла қойған жоқ, көрерміз. Егер ұсыныс түсіп жатса Қазақстанда қуана-қуана ойнар едім. Сол бір жарақат болмағанда, менің мақсатым «Қайратта» мансабымды аяқтау болатын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!