ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Қайрат» «Бәйтерекке» жауапсыз алты гол соғып, «Аят» «Каспийден» басым түсті

Футзалдан Қазақстан чемпионатының 26-тур ойындары өтті.

«Атырау» алғашқы ойында (4:0) «Нұр-Сұлтанға» кеткен есесін қайтарып, екінші матчта 4:6 есебімен жеңіске жетті.

«Нұр-Сұлтан» — «Атырау» 4:6

Голдар: Кайо (дубль), Кошкин, Борханов — Витиньо (хет-трик), Өмірбаев, Сағындықов, Болт

Көкшетаулық «Оқжетпес» тағы да «Рахметтен» айласын асыра алмай, 2:5 есебімен есе жіберді. Алғашқы ойында ақтөбеліктер 1:6 есебімен жеңіске жеткен еді.

«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Рахмет» (Ақтөбе) 2:5

Голдар: Хамидов, Двирный — Бақтияров (дубль), Сәрсенбаев, Нағашыбай Г, Мажитов

Рудныйлық «Аят» екінші мәрте «Каспийден» басым екенін көрсетіп, 5:3 есебімен жеңіс тойын тойлады. Бірінші ойында 6:3 есебімен жеңген еді.

«Аят» (Рудный) — «Каспий» (Ақтау) 5:3

Голдар: Карпюк (дубль), Леандриньо, Жеже, Валиуллин — Тиаго Кабеса (дубль), Әбдрахманов

Ал алматылық «Қайрат» оралдық «Бәйтерек» қақпасына жауапсыз алты гол соқты. Алғашқы кездесуде оңтүстік астаналықтар 1:3 есебімен жеңіске жеткен еді.

«Бәйтерек» (Орал) — «Қайрат» (Алматы) 0:6

Голдар: Оразов (дубль), Акбаликов (хет-трик), Игор Шашу

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!