ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Жетінші рет «Алтын допты» жеңіп алған Лионель Месси қандай рекордтар орнатты?

Роберт Левандовскийдің бірде-бір голы мен рекордтары«Алтын допты» алуға мүмкіндік бермед. Ал Лионель Месси жетінші рет аталмыш сыйлықты өзқанжығасына байлады. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі «Алтын допқа» қатыстыстатистикалық нәтижелерді назарларыңызға ұсынбақ.

Месси

Леоға сәттілік жолдас болды деп айтуға болады: ол дауысберу қорытындысы бойынша 613 ұпай жинады, ал Левандовски 580 ұпайға ие болды. Бірақбұл тарихтағы ең аз алшақтық емес. Себебі, 1996 жылы Маттиас Заммер бразилиялықРоналдодан бір ұпай көп жинап, «Алтын допқа» қол жеткізген болатын. Месси үшінде арадағы алшақтық аз болып көрінбейді, өйткені ол екі жыл бұрын Вирджил ванДейктен небәрі жеті ұпайға ғана озып кеткен еді.

Соңғы рет Франция чемпионатының өкілі «Алтын допты» 1991жылы жеңіп алған – Жан-Пьер Папен «Марсель» сапындағы керемет ойыны үшінмарапатталған болатын. Соңғы 11 жүлде Испания Ла Лигасының өкілдеріне бұйырғанеді, бірақ Мессидің жазға дейін «Барселонада» ойнағанын ескерсек, бұл суперсерияны Лига 1 аяқтады деп айту қиын.

Соңғы рет 2008 жылы Испанияға еш қатысы болмағанКриштиану Роналду «Манчестер Юнайтедте» жүріп, АПЛ-ге бұл жүлдені сыйға тарқанеді. Ал 2007 жылы А сериясының өкілі соңғы рет «Алтын допқа» (Кака, «Милан»)қол жеткізді, Бундеслига Заммерден кейін бұл жүлдеге лайықты ойыншы шығараалмады.

Леоның үстемдігі Аргентинаны «Алтын допты» жеті реттенжеңіп, көш басында тұрған Германия, Нидерланды және Португалияны қуып жетуге өзсептігін тигізді. Аргентиналық футболшылар бұл жүлдеге ие болу мүмкіндігіне тек1995 жылы ие болды, бұрындары ол тек еуропалық футболшыларға ғана берілетін.

Месси

Жалғызайырмашылық, Германияға жеті «Алтын допты» бес түрлі ойыншы, Нидерланды менПортугалияғаүш ойыншы жеңіп әперсе,Аргентина үшін жетеуін де бір Мессижеңіп алды.

Атақты France Football басылымы аталмыш сыйлықты біріншірет жергілікті клубтың ойыншысына беріп отыр. Бұған дейін «Пари Сен-Жерменнің»бірде-бір ойыншысы «Алтын допқа» қол жеткізе алмаған.

Месси

Лионель Месси (34 жас, 158 күн) «Алтын допты» жеңіпалған ең егде жастағы ойыншылардың ішінде екінші орынға көтерілді. Ол ЛевЯшинді (34 жас, 56 күн) артқа тастағанымен, алғашқы сатыда тұрған СтэнлиМэтьюздің (41 жас, 321күн) рекордын бұза алмады.

Егер бұл жүлдені Роберт Левандовски жеңген жағдайда, бұлстатистика өзгеріссіз қала берер еді. Биыл қорғаушылар мен қақпашылардың жолыболмады. Өткен маусымда «Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил ван Дейк екінші орыналса, қақпашы Алисон жетінші орынға табан тіреген болатын. Ал биылқақпашылардың ең мықтысы Джанлуиджи Доннарумманың өзі оныншы орыннан бір-ақшықты, ал үздік қорғаушылар 13-14 орындарды қанағат тұтты. Бұл жолы бір-біріненажырамайтын Леонардо Бонуччи мен Джорджо Кьеллини жылдың үздік қорғаушылары дептанылды.

Қорғаушылардың арасында «Алтын допты» соңғы рет 2006 жылыФабио Каннаваро жеңіп алған болатын. Бұл трофейге ие болған жалғыз қақпашы бар.Бұл, әрине, Лев Яшин (1963 жыл).

Левандовски мен Жоржиньо алғаш рет үздік үштікке енді,бірақ қос ойыншының арасындағы алшақтық 120 ұпайды құрады. Бұл жолы КаримБензема мансабындағы ең сәтті көрсеткішті тіркеді. «Реал Мадридте» көптегенжылдар бойы жоғарғы деңгейде ойнағанына қарамастан, француз шабуылшысы осы уақытқадейін ешқашан үздік 15 ойыншының қатарына кіре алмады. Ал биыл 239 ұпаймен төртіншіорынға тұрақтады. Бірақ бұл нәтиже Бенземаныңсалтанатты рәсімге қатысуына себеп болған жоқ.

Роналду мен Бензема

Роналду да бұл жиынға келмеді, бірақ оның себебітүсінікті болған секілді. Ол 178 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреді. Бұл оның 2010жылдан бергі ең нашар нәтижесі. Бәлкім, 36 жастағы шабуылшының дәурені өткеншығар?

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте