ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Жас футболшылар сын көтермейді». Роналду «Юнайтедтің» менталитеті және қанша жасқа дейін ойнайтыны туралы

«Манчестер Юнайтед» командасы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жиі сұхбат беретіндер қатарынан емес. Дегенмен жақында екі бірдей ақпарат құралы ақпан айында 37 жасқа толатын футболшымен көлемді әңгіме-дүкен құрды. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі ESPN Brazil басылымы жариялаған сұхбаттың негізгілеріне тоқталғанды жөн көрді.

Роналду мен Рангник

Криштиану алдымен Сульшерді алмастырған Рангникке баға берді және неміс маманының тапсырмасының ауқыымын айтты.

«Ол бізге бес апта бұрын келді. Аз уақыттың ішінде көп нәрсе өзгертті. Рангникке өз идеясын ойыншыларға жеткізуге уақыт керек. Мен жаңа бапкердің өз жұмысын жақсы атқаратынына сенемін. Қазір ойынымыз жақсы емес екенін түсінемін. Бірақ жағдайды түзеуге мүмкіндік бар. Футболшылардың менталитетін өзгерту оңай емес. Соған қарамастан оның қолынан бұл келеді деп ойлаймын».

«Ал Сульшер жайлы айтатын болсақ, командадан бапкер кеткен кезде қимастық болатыны белгілі. Мен онымен алдымен бір командадан ойнағанмын. Одан кейін бапкерім болды.Өте керемет адам. Қызметінен кеткенде бәріміз қамықтық. Бірақ бұл өмірдің заңы. Егер нәтиже болмай жатса, бірдеңені өзгертуге тура келеді. Сульшер кеткенде көңіл күйім түскені рас. Дегенмен ол бұл шешімді түсінді. Өмір мұнымен бітпейтіні тағы бар.

Жаңа бапкердің өз идеясын жүзеге асыруға уақыт қажет. Оле кеткенде уақытша бұл қызметті Кэррик атқарды. Енді Рангник келді. Аз уақыттың ішінде осындай көп өзгерістің болғаны қиын. Соған қарамастан біз жақсы маусым өткізетінімізге сенімдімін».

Роналду

Криштиану «Юнайтед» ойыншыларына менталитетті өзгерту қажет. Әйтпесе, топ-4 қатарына ену онсыз мүмкін емес деп айтты.

«Футболда менталитет бастысы деп ойлаймын. Біздің менталитет топ-3 болу керек. Басқасына келісе алмаймын. Кейде жақсы бірдеңе тұрғызу үшін ескісін бұзуға тура келеді. Қазір неге солай жасамасқа? Жаңа жыл, жаңа өмір… МЮ ойыншылары жанкүйерлер қалаған деңгейге көтеріле алады деп ойлаймын. Олар бұған лайықты. Біз қазір өзгеруге қабілеттіміз. Мен негізі мұның жолын білемін. Бірақ қазір айтсам, этика тұрғысынан дұрыс болмайды. Тек бұдан да жақсы ойнай алатынымызға сенімді екенімді жеткізгім келеді. Турнир кестесіндегі жағдайымызды жақсартуымыз қажет».

Чемпионатта бесінші, алтыншы, жетінші орындар үшін ойнағым келмейді. Мен мұнда жеңіске жетіп, өзгелермен бәсекелестікке түсу үшін жүрмін. Біз басқаларға лайықты қарсылас болуға тырысамыз. Бірақ әзірге өзіміздің толық бабымызға келген жоқпыз. Әлі де көп нәрсе қосу қажет. Команданы жоғары деңгейге көтеру үшін осында жүрміз. Енді сонымен айналысу керек.

Жаңа жыл басталды, тарихтың жаңа парағы жазылады. Енді көп ойынды жеңуге тиіспіз. Әйтпесе, масқараның көкесі сонда болады.

Роналду

Роналдудың жасы 36-да. Ақпан айында 37 жасқа толады. Бірақ әзірге футболмен қоштасу ойында жоқ сияқты.

«Генетикалық тұрғыдан өзімді 30 жастағыдай сезінемін. Өзімнің денсаулығыма ұқыпты қараймын. Жақында 33 жастан кейін адамның денесі дұрыс жаттықса, кез келген тапсырманы шеше алатынын түсіндім. Бірақ нағыз шайқас – ақыл шайқасы.

Ең қиыны – талай кедергілерден өтіп келіп, жоғары деңгейде өзінді сақтап қалу. Соңғы жылдары мен осы мақсатпен өмір сүріп жүрмін. Өз ақыл-ойыммен көп жұмыс істеймін. Өмірде әр түрлі сәттер болады. Жақсылық та, жамандық та кездеседі. Төменге құлағанда қайта тұра алатындай күш қажет. Мен қазір бақыттымын. Футболда әріқарай да қалғым келеді. Оның соңы неге әкелетінін уақыт көрсетер. 40,41, 42 жасқа дейін ойнай аламын ба? Соны түсінгім келеді. Ең бастысы – футболдан ләззат алу».

Роналду

«Футболға ментально қарай білу керек. Мен өзіме қарап: «Криштиану, өз деңгейінді көтеріп, командаға қандай көмек бере аласың?» деп сұраймын. Әрине, команданың нәтижесі жақсаруына өз үлесімді қоса аламын. Егер командаластарым шаршаса, олар көмектесуге дайынмын. Ойын кезінде кішкентай детальдарға да мән беру керек. Алаңда ақылды әрі қу болу керек.

Әрбір матч өзінше ерекше. Ойыншылардың да айырмашылығы бар. Командалар да әр түрлі схемамен ойнайды. Стадиондарда бір-біріне ұқсамайды. Егер ойында жолың болмай жатса, бір тұтас команда болып ойнауға тырысу қажет. Сондықтан да біздің команданың аты «Манчестер Юнайтед» деп аталған болар. Бізге қиын сәтте бірлік керек».

Роналду мен Погба

«Тәжірибелі ойыншылардың жастарға айтар ақылы, берер кеңесі болады. Әрине, оның да өзіндік нюансы бар. Мысалы, мен жас бір футболшыға кеңес айтсам, егер қабылдамаса онда қиын. Адаммен күні бойы сөйлесуге болады. Егер өзінде ештеңе жоқ болса, бірдеңе шығуы неғайбыл. Кезінде 18-19 жасымда менен үлкен ағаларым өз ақылдарын айтты.

Сол кезде: Криштиану, саған бәрін ой елегінен өткізу керек. Олардың тәжірибесі мол. Айтқандарын тыңда» деп өз-өзіме шарт қойдым. Олар талай қиындықтан өткен адамдар. Ал қазір көбісі сынды көтере алмайды. Мен бұл жерде командаластарым туралы емес, жалпы қазіргі жас футболшылар жайлы айтып отырмын. Менің де балаларым бар. Кейде қаталдық танытсаң, олар керсінше істейді. Сондықтан сөйлескен кезде баланс табу керек.

Меніңше, барлығы адамның ішкі-жан дүниеміне байланысты. Айнаның алдына қарағанда мақтана алатындай болуың керек. Егер біреуге көмек керек болса, бірінші болып қолғабыс етуге дайынмын. Ал ондай қолдауды қажет етпесе, өз жұмысын істеп, команданың дамуына үлесің қосуы тиіс».

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте