ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Әзербайжан құрамасы туралы не білуіміз керек?

Бұл елдің командасының да биылғы жарыстан үміті зор. Әзербайжан құрамасы сапындағы футболшылар тізіміне шолу жасасақ.

Әзербайжан

Ең алдымен қақпашылар жайлы сөз қозғағанда біз міндетті түрде Еміл Балаевқа көз тігеміз. Бұл қақпашы кезінде «Тобыл» намысын қорғады, ал қазір ол «Тұран» командасының ойыншысы ретінде тіркелген. Ал қорғаушыларға тоқталатын болсақ онда бірден көзге Максим Медведев түседі. 70-тен астам ойын өткізген тәжірибиелі қорғаушы Әзербайжан құрамасының қорғанысының көшбасшысы. Ол сонымен қатар құрама команданың капитаны. Команданың көшбасшы ойыншысы ретінде баспасөз мәслихатына келіп, қазақ тілшілерінің сауалына жауап берді.

Максим Медведев

Ал Эдди Сильвестр туралы қазақ жанкүйерлері көп ақпарат білмеуі мүмкін. Ол Испанияда туып-өскен азамат. Кейіннен шешесінің отаны Әзербайжанды таңдап, осы елдің құрамасының намысын қорғаймын деп шешті. Жартылай қорғаушы әлі де Испанияда доп тебеді.

Эдди Сильвестр

Шабуылшы Дмитрий Назаров туралы Қазақстанда көп жазылды. Бұл футболшы негізі Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Тайынша елді*-мекенінде дүниеге келген. Кейіннен Германияға қоныс аударып, сонда футбол әліппесін ала бастады. Шабуылшы қазір «Ауэ» Эрцгебирге командасының намысын қорғап жүр. Өткен жылы бұл команданың тізгінін Алексей Шпилевский ұстаған болатын. Белоруссиялық маман қазақстандық жанкүйерлерге «Қайраттағы» жұмысымен жақсы таныс.

Дмитрий Назаров

Сонымен қатар, «Динамо» Загреб командасында ойнайтын Махир Эмрели туралы да айта кетуге болады. Бұл футболшы әкесінің тегінен бас тартып, шешесінің фамилиясы – Эмрелиді алды. Хорватиялық клубқа дейін ол «Легия» Варшава клубының ойыншысы болған.

Эмрели

Конференция лигасы аясында «Қарабах» пен «Қайрат» кездескен тұста жартылай қорғаушы Филип Озобич көзге түсті. Хорватияда дүние есігін ашқан Филип кезінде «Спартак» Мәскеу клубында ойнады. Сосын, «Габалаға» ауысып, Әзербайжан елін жақсы көріп қалды. Жерсіндіру нәтижесі бойынша Озобич 5 жыл бойы Әзербайжан біріншілігінде доп теуіп, ұлттық құрама сапына алынды. Қазір құраманың ортадағы ойынын жүргізетін де осы футболшы.

Филип Озобич

Міне, Әзербайжан құрамасының ойыншылары осындай. 27 ойыншысының тең жартысы шет елдік біріншіліктерде өнер көрсетеді. Ал қалған ойыншыларының басым бөлігі Конференция лигасының плэй-офф айналымына шыққан «Қарабах» командасының намысын қорғайды. Ойыншыларының сапалылығы жағынан қарсыласымыз бізден озып тұр деп айтуға толық негіз бар.

Ермұхамед Мәулен

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте