ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Тірі аңыздар: Өз клубтары үшін ең көп матч өткізген ТОП-8 ойыншы

Қазіргі заманда футболшылар клубтарын жиіауыстыруда. Барлығы жағдай жасалған, жалақы жақсы төленетін және жүлделердіұтып алу мүмкіндігі бар командалардыіздейді. Бірақ қанша жыл болса да өз клубтарында қалатын ойыншылар бар. Бұл, әрине, құрметке лайық. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі соңғы жылдары ешқайда ауыспай, өз клубы үшін ең көп матчөткізген үздік сегіз ойыншыны анықтап көрді.

Штефан Раду

Штефан Раду («Лацио», 419 матч)

«Лацио»Радудың мансабындағы «ДинамоБухаресттен»кейінгі екінші клуб. 2008 жылдың қаңтарында футболшы италиялық клубқа жалға берілді, ал шілдеде«Лацио»ойыншыны 4,75 миллион еуроға сатып алды. Содан бері қорғаушы Римде 14 жылын өткізді. Осы уақытішінде румыниялық ойыншы Италия кубогі мен суперкубогін 3 рет жеңіп алды.

Раду«Лацио» жейдесінде ең көп ойын өткізгенойыншы ретінде тарихқа енді. Осы маусымда 35 жастағы орталық қорғаушы алаңда азуақыт өткізді, бірақ алдыңғы жылдарыол команданың негізгі ойыншысы болды. Штефанныңримдік клубпен келісім-шарты ағымдағы маусымның соңына дейін есептелген. «Лацио» оның мансабындағы екінші және соңғы клубыболуы мүмкін.

Маньянелли

Франческо Маньянелли («Сассуоло», 475 матч)

Маньянелли 2005 жылдың жазында 120 мың еуроға«Санджованнизеден» «Сассуолоға» ауысты. Ол кезде «Сассуоло» Италия чемпионатының төртіншідивизионында өнер көрсетіп жүрді. Франческо клубпен бірге Италия футболының төменгі деңгейінен элитағадейін ұзақ жолды жүріпөтті.

Өткенмаусымнан бастап 37 жастағы жартылай қорғаушы алаңға сирек шыға бастады. Бірақ ол әлі деклуб пен команда үшін маңызды ойыншыболыпқала береді. Маньянелли«Сассуоло» намысын16 жылдан бері қорғап келеді.Осы уақыт ішінде ол команданың көшбасшысы, капитаны және тірі аңызына айналды. Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін де «Сассуолода» еңбекетуі мүмкін.

Марсело

Марсело («Реал Мадрид», 539 матч)

«Корольдік» клубтың жоғары талаптарын ескерсек,«Реалда» көп жыл өткізу қиын. Бірақ бұлМарселоның қолынан келді. Бразилиялық футболшы мадридтік клубқа 2007 жылдың қысында «Флуминенседен»6,5 миллион еуроға ауысып келді. Осы уақыт ішінде футболшы «Реал Мадридпен» бірге Испанияның 5дүркін чемпионы атанды,2 рет Испания кубогін, 5 рет елсуперкубогін, 4 рет Чемпиондар лигасы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатынжәне 3 мәртеУЕФА суперкубогін жеңіп алды.

33жастағы қорғаушы соңғы уақытта «Реал Мадрид» бапкерлеріне қажет болмауда. Бірақ жанкүйерлер оны жақсы көреді жәнеқұрметтейді. Соған қарамастан, Марселомаусым соңында клубтан кетуі әбден мүмкін. Айта кетерлігі, оның Еуропада қалуыекіталай.

Марк Нобл

Марк Нобл («Вест Хэм», 540 матч)

Нобл«Вест Хэмнің» түлегі болып табылады. Ағылшын футболшысы клубтағы 18-ші маусымын өткізіпжатыр, бірақбұл оның соңғы жылы болмақ. Өткен жылдың наурыз айында футболшы ағымдағы маусымның соңында мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

Қазірбүкілөміріңді бір клубта өткізу мүмкін емес, бірақМарк мұныжасады. «ВестХэм» жүлдеге таласпайтын командаболғандықтан, Нобл маңызды ештеңе ұтқан жоқ. Оның жалғыз жетістігі2005 және 2012 жылдардағы ЧемпионшиптенПремьер-лигаға көтерілуі болды. 34 жастағы жартылай қорғаушы үшін клубтақалдарыған мұрасыжүлделерденде маңыздырақ болды.

Кьеллини

ДжорджоКьеллини («Ювентус», 551 матч)

«Ювентусты» Кьеллинисіз елестету қиын. Бірақ Джорджомансабын туриндік клубта бастаған жоқ. Футболшы «Ювентусқа» 2005 жылдың жазында«Фиорентинадан» 7,7 миллион еуроға ауысып келді. Содан бері ол «қарт синьораның»негізгі қорғаушысына айналды.

37 жастағы футболшы соңғы жылдары өзі қалағандай ойнайалмады, өйткені жарақаттар оны жиі мазалады. Бірақ Кьеллини жасына қарамастан,сапалы қорғаушы болып табылады. Джорджо «Ювентусқа» өзінің 16 жарым жылынарнады. Ол В сериясынан элитаға оралған кездегі команданың бір бөлігі болды.Тәжірибелі қорғаушы Италияда бәрін жеңді, Еуропа чемпионы атанды, бірақЧемпиондар лигасы оған бұйырмады. Бәлкім, биыл ол үшін туриндік клубпен«қалқанқұлақ» кубокті жеңіп алатын соңғы мүмкіндік шығар.

Жерар Пике

Жерар Пике («Барселона», 595 матч)

Пике- «Барселонаның» түлегі. Бірақ жас кезінде каталондық клубтытастап, бірнеше жыл бойы «МанчестерЮнайтед» пен «Сарагосада» ойнады. «Ат айналып қазығын табар» демекші, 2008жылы «Барселонаға»қайта оралды. Содан бері ол каталондықклубтыңнегізгі қорғаушысы және көшбасшыларының бірі болды. Футболшы командамен бірге мүмкін болған жүлденің бәрін жеңді.

Пике8 дүркін Испания чемпионы және 7 дүркін Испания кубогінің иегері атанды. Сонымен қатар 6 рет ел суперкубогі, 3 мәрте Чемпиондар лигасымен клубтар арасындағычемпионатында топ жарды. Испанияқұрамасымен бірге Еуропа және Әлем чемпионы атанды.

Томас Мюллер

ТомасМюллер («Бавария», 613 матч)

Мюллер футболдағы бүкіл ғұмырын «Баварияда» өткізді. Уақытөте келе футболшының командадан кететіні туралы қауесеттер тарады, бірақ оныМюнхеннен тыс жерде елестету қиын. Себебі 32 жастағы жартылай қорғаушының команданыңжәне Бундеслига тарихындағы ең үздік ассистент болып табылады.

«Бавария» сапында Мюллер 10 дүркін Германия чемпионы, 6дүркін ел кубогінің иегері және 7 дүркін суперкубок иегері атанды. Оған қоса, Чемпиондарлигасын, УЕФА суперкубогін қанжығасына байлады. Неміс футболшысының мансабы әліаяқталған жоқ, сондықтан қоржынын толықтыруға әлі мүмкіндігі бар.

Бускетс

СерхиоБускетс («Барселона», 661 матч)

Пике сияқты Бускетс те «Барселонаның» тірі аңызы болыпсаналады. Серхионың Жерардан айырмашылығы, ол каталондық клубтан ешқашан кеткенемес. Футболшы Барселонаның екінші командасы сапында бар болғаны 2 ойынөткізіп, негізгі команданың ойыншысы атанды. Каталондықтармен бірге Бускетсбәрін жеңді. Ол мансабын аяқтамаған футболшылар ішінде бір клуб үшін ең көпойынға қатысқан ойыншы болып табылады.

Бускетстің «Барселонамен» келісім-шарты 2023 жылдыңмаусымына дейін жарамды. Қазіргі уақытта 33 жастағы жартылай қорғаушы барлықматчқа дерлік негізгі құрамда шығуда. Лионель Месси клубты тастап кетті, Пикемансабын аяқтауды ойлап жүр, бірақ Бускетстің тоқтайтын ойы жоқ.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте