ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Тарихты жаңартатын кез келді». Канада құрамасы араға 36 жыл салып әлем чемпионатына жолдама алды

Канада Солтүстік Америкадан 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған алғашқы команда атанды. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі Канада құрамасының іріктеу кезеңіндегі ойындарына шолу жасап, мундиальда жұлдыздай жарқырауы мүмкін ойыншылар жайлы сөз қозғауды жөн көрді.

Канада құрамасы

КОНКАКАФ аймағындағы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің аяқталуына бір тур қалғанда Канада құрамасы Катарға жолдама алды. Осылайша, Канада 36 жылдан кейін алғаш рет әлем чемпионатында өнер көрсетпек. Олар өз тобында Оңтүстік Американың ең күшті командалары, атап айтсақ, Америка Құрама Штаттары мен Мексиканы артқа тастады. Аталмыш екі команда 30 наурызда іріктеу турниріндегі соңғы ойындарын өткізеді. Ал Канада құрамасы осы күні Катарда өтетін әлем чемпионатының қатысушысы ретінде Панамаға қарсы ойнайды.

КОНКАКАФ аймағындағы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне 35 ұлттық құрама қатысты. Солтүстік Америкадағы рейтинг бойынша үздік бес команда (АҚШ, Мексика, Коста-Рика, Ямайка және Гондурас) автоматты түрде үшінші іріктеу кезеңіне, яғни сегіз қатысушыдан тұратын топқа түсті. Қалған 30 команда топтық кезеңге берілетін үш жолдаманы сарапқа салды. Оның бірін Канада жеңсе, қалған екеуі Панама мен Сальвадорға бұйырды. Бұл жолдамаға иелік ету үшін командаларға бес матч өткізу керек болды.

Алғашқы іріктеу кезеңінде канадалықтар айтарлықтай қиындыққа тап болған жоқ. Суринам, Бермуд, Аруба және Кайман аралдарына қарсы төрт матч өткізіп, барлық ойында жеңіске жетті және 27:1 есебін тіркеді, ал екінші іріктеу кезеңінде Канада құрамасы Гаитиді екі кездесудің қорытындысы бойынша 4:0 есебімен жеңді. Осылайша канадалықтар іріктеу кезеңінің соңғы кезеңіне өтті.

Канада құрамасы

Канада құрамасы топтық кезеңде Гондурас пен Америка Құрама Штаттарына қарсы өткен алғашқы екі матчта 1:1 есебімен тең түсті. Үшінші турда Джон Хердман шәкірттері Сальвадорды жеңді (3:0), бірақ кейін Ямайка мен Мексикаға қарсы матчтарда тең ойнап қалды. Бастапқы бес матчта бір ғана жеңіске жеткен Канада құрамасы 2021 жылдың қазан айында әлем чемпионатынан өте алыс еді.

Бірақ кейін Джон Хердманның командасы гүлденіп, қатарынан алты матчта жеңіске жетті, соның ішінде КОНКАКАФ аймағының фавориттері Мексика (2:1) мен АҚШ-тан (2:0) басым түсті. Ал осы айда канадалықтар Коста-Рикадан минималды есеппен жеңіліп қалды, бірақ кейін Ямайканы 4:0 есебімен жеңіп, америкалықтар мен мексикалықтардан бұрын әлем біріншілігіне жолдама алды. Олар 36 жыл бойы мундиальда өнер көрсетпеді, енді олар бұл турнирге қатарынан екі рет қатысады, өйткені 2026 жылғы әлем чемпионаты осы елде өтеді.

Турнирлік кесте

Канада футболындағы ең жарқын кезең ретінде өткен ғасырдың 80-жылдарының ортасын айтуға болады. Өйткені 1985 жылы команда алғаш рет КОНКАКАФ ұлттар чемпионатында жеңіске жетіп, бір жылдан кейін Мексикада өткен әлем чемпионатына қатысты.

Канадалықтар КСРО, Франция және Венгриямен бір топта болып, үш матчта 0:5 есебімен жеңілді. Сондықтан Канада үшін маңызды оқиғалар Катарда орын алуы мүмкін. Себебі бұған дейін бұл команда әлем чемпионатының финалдық кезеңінде гол соға алмады және ұпайсыз қайтты.

Канада құрамы жас әрі мықты футболшылардан жасақталуда. Нақтырақ айтсақ, Джон Хердман Еуропадағы жас жұлдыздарды, сондай-ақ MLS, Англия мен Германияның екінші дивизионында доп тебетін ойыншыларға сенім артуда.

Хатчинсон

Түркияда Канада құрамасының ең тәжірибелі ойыншысы, 39 жастағы Атиба Хатчинсон бар. Капитан әлі де команда үшін маңызды рөл атқарады, ол ұлттық құрамада жүзге жуық ойын өткізген. Хатчинсон 2003 жылдан бері Еуропада жүр: Швеция мен Данияда, сонымен қатар Нидерланды чемпионатында бақ сынады. Ал 2013 жылдан бастап ол «Бешикташтың» намысын қорғауда. Өткен маусым 39 жастағы футболшы үшін сәтті өтті. Ол былтырғы маусымда 11 нәтижелі пас беріп, Түркия чемпионы атанды.

Ларин

Ал іріктеу кезеңінде ерекше көзге түскен Кайл Ларин 26 жасында Канада құрамасының тарихындағы үздік сұрмерген атанды (49 матчта 24 гол). Лариннің де «Бешикташ» клубында ойнайтынын айта кетейік.

Дэвид

Дегенмен, 29 кездесуде 20 гол соққан 22 жастағы Джонатан Дэвид Лариннің бұл атағын тартып алуы мүмкін. Өткен маусымда Франция чемпионы атанған «Лилль» шабуылшысы қазір топ-клубтардың назарында жүр. Әлем чемпионатынан кейін бұл ойыншының мансабында үлкен өзгерістер болуы әбден мүмкін.

Дэвис

Ал Канада құрамасының ең танымал әрі жылдам ойыншысы Альфонсо Дэвис соңғы үш жыл бойы «Баварияның» намысын қорғауда, мюнхендік клуб үшін 100-ден астам матч өткізіп, Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған. Германияда жеңіп алған трофейлері де жетерлік. Қазір Альфонсо коронавирустың кесірінен мансабында мәжбүрлі үзіліс жасады, бірақ қазір жаттығуларға қайта кірісті, сондықтан ол әлем чемпионатына 100% дайын болуы керек.

Хердман

Командадағы тағы бір қызықты кейіпкер - бас бапкер. 46 жастағы ағылшын маманы Джон Хердман Канада құрамасына келгенге дейін ерлер командаларымен жұмыс істемеген. 2006-2011 жылдар аралығында Жаңа Зеландия әйелдер құрамасын жаттықтырды, содан кейін Канадалық қыздармен жеті жыл жұмыс істеді (2011-2018). Ал енді Джон ерлер құрамасымен бірге тарихты жаңартуда.

«Әлем чемпионатында екенімізге әлі де сене алар емеспін. Менің сөзім жоқ. Канадалықтар... Біз Чемпиондар лигасының финалында жеңіске жеттік, бізде «Баварияда» ойнайтын жас бала бар. Бізде Еуропада доп тебетін канадалық футболшылар бар. Біз әлем чемпионатына шықтық, футбол еліне айналдық! Бұл біз қалаған нәрсе», - деді Хердман.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте