ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Букмекер №1 в Казахстане
Лучший букмекерский бренд*
Самый надежный букмекер
Лучший киберспортивный букмекер
Лучший букмекер 2025*
Новый казахстанский букмекер

«Тарихта алғаш рет». Сенегал құрамасы Африка Ұлттар Кубогінде топ жарды

2021 жылға жоспарланған Африка Ұлттар Кубогі өз мәресіне жетті. Турнирдің финалында гол көрмесек те, қызыққа толы ойын болды. Мохамед Салах Садио Маненің пенальтиден гол соғуына кедергі жасап, матчтың төрешісі болып кете жаздады. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі финалдық матчқа шолу жасады.

Сенегал құрамасы

Африка кубогінің финалында турнирдің тарихында ең көп титул жеңген команда мен осы жылғы фаворит кездесті. Сенегал өзінің барлық жұлдызды ойыншыларын жинап, алғашқы кубогін иелену үшін шешуші матчқа қадам басты. Ал мысырлықтар аталмыш турнирде жеті рет топ жарғанымен, қазіргі құрамы мықты емес, әрине, Мохамед Салахты есепке алмағанда.

Египет құрамасы топтық кезеңде Нигерияға (0:1) жол бергенімен, Гвинея-Бисау мен Судан құрамаларын 1:0 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне екінші орынмен шықты. Ал бұл кезеңде Кот-д'Ивуармен кездесіп, пенальти сериясында жеңіске жетті. Ширек финалда Марокконы экстра-таймда тізе бүктіріп (2:1), жартылай финалда Камерунды тағы да матч соңындағы лотерея арқылы ұтты. Салахқа қана сенім артатын мысырлықтар осы турнирде 3 қана гол соқты, бірақ бұл финалға шығу үшін жеткілікті болды.

Ал Садио Мане, Эдуард Менди, Калиду Кулибали, Буна Сарр, Идрисса Гейе секілді танымал ойыншылардан жасақталған Сенегал құрамасы топтық кезеңде Зимбабвені жеңіп (1:0), Гвинея мен Малави құрамаларынан айласын асыра алмады (0:0). Плей-офф кезеңінде Кабо Вердеден (2:0), ширек және жартылай финалда Экваторлық Гвинея мен Буркина Фасодан 3:1 есебімен басым түсті.

Садио Мане бастаған жігіттер алғашқы секундтардан бастап шабуылға шықты. «Фараондардың» сенімді қорғанысы 4-минутта бұзылды. Мохамед Абдель Монем қақпаға қарай жүгірген Салио Сиссені шалып жықты. Төреші еш ойланбастан пенальти белгіледі. Содан кейін матчтың ең қызықты сәті басталды.

Алдымен мысырлық қақпашыға тоқталайық. Мохамед Абугабаль турнирді қосалқы қақпашы ретінде бастады, бірақ бәсекелестерінің жарақатына байланысты ол негізгі құрамнан орын алды. Және Кот-д'Ивуармен және Камерунмен болған пенальти сериясында сейв жасап, плей-офф кезеңінің қаһарманы атанды.

Абугабаль

Ал енді финалға оралайық. Садио Мане пенальти орындауға келген еді, Египет құрамасының көшбасшысы Мохамед Салах бірден қақпашыға жақындап, оған кеңес бере бастады. Неге десеңіздер, Мане мен Салах «Ливерпуль» сапында бірге ойнайды, сондықтан олар бір-бірінің қыр-сырын жақсы біледі.

Садио Мане

Садиоға әріптесінің белсенділігі ұнамады - ол әңгімеге араласып, қақпашыға өз орныңа тұр деп пәрмен берді. Бірақ Салах Абугабальға бәрін айтып үлгерген сияқты. Себебі 33 жастағы қақпашы Маненің соққысын қайтара білді.

Сенегал құрамасы шабуылға шығуын жалғастырды, бірақ қауіпті сәттер ұйымдастыра алмады. Өз кезегінде мысырлықтар капитанның жеке әрекеттерімен жауап берді. Бірінші таймның соңында Салах оң қапталдан айып алаңына еніп, қақпаға өте қауіпті соққы жасады. Бірақ Чемпиондар лигасының өткен маусымдағы үздік қақпашысы атанған Эдуард Менди өз орнынан табылды.

Көп нәрсеге көңілі толмаған Салах төрешімен де сөйлесіп үлгерді. Кездесудің бас қазысы Виктор Гомес матч барысында «Ливерпуль» футболшысына «мүмкін өзің төреші боларсың» деген сыңай танытып, қолындағы ысқырықты ұсынды.

Мохамед Салах

Ойынның екінші бөлігін Сенегал құрамасы жоғары қарқынмен бастады. Мане бірнеше рет айып добын орындады. Египет қақпасына жиі соққы жасалды, бірақ Абубагаль қас қақпады. Көп ұзамай мысырлықтар да оянып, бірнеше қауіпті сәттер туындатты. Бірақ негізгі уақыт былай тұрсын, экстра-таймда да гол көре алмадық. Нәтижесінде Египет плей-офф кезеңіндегі төрт ойынның үшіншісін пенальти сериясына жеткізді.

Лотереядан екі матчта жеңіске жеткен Египеттің тәжірибесі мол болып көрінді. 11 метрлік сериядағы алғашқы үш соққы дәл болды (2:1 Сенегал), ал нүктеге төртінші келген Абдель Монем (Египет) қақпа бағанасын дәл көздеді. Бұл сәтсіздікті «Баварияда» доп теуіп жүрген Сенегал ойыншысы Буна Сарр пайдалана алмады. Есеп қайта теңесті. Бірақ Моханад Лашин мысырлықтарды жеңістен айырды. Оның тепкен добын Эдуард Менди қайтарды. Одан кейін Мане шешуші голды соқты. Ал пенальтиді бесінші болып орындағалы тұрған Салахқа бұл мүмкіндік берілмеді.

Осылайша, Сенегал өз тарихында алғаш рет Африка чемпионы атанды. Ал көз жасына ерік берген Абугабаль финалдың үздік ойыншысы деген сыйлыққа ие болды.

Мане финалдан кейін «Ливерпульдегі» әріптесі Салахты жұбатты. Египет құрамасының капитаны бұл жеңіліске шыдай алмай, жылап жіберді.

Салах және Мане

Садио Мане Африка кубогінің үздік ойыншысы атанды. Ол бұл турнирде жеті матчқа қатысып, үш гол мен екі нәтижелі пасты өз еншісіне жазды. Ал бес матчтың үшеуінде қақпасына гол жібермеген Эдуард Менди үздік қақпашы деп танылды. Үздік сұрмерген атағы сегіз мәрте мергендік танытқан Камерун шабуылшысы Венсан Абубакарға бұйырды.

Мане, Менди және Абубакар
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!