ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Тағыберген, Мокин, Томасов. 2021 жылғы маусымның үздіктері кімдер?

Қазақстанда футбол маусымы аяқталды деуге де болады. Себебі, біріншілік аяқталғанымен ұлттық құраманың әлі 2 ойыны бар. Сонымен қатар, Қазақстан кубогының да әлі екі жартылай финалы мен негізггі финалдық матчы ойналған жоқ. Десе де біз маусымның қорытындысын шығарып, кімдердің үздік болғанына тоқтала бастасақ. Сонымен, Меtа-rаtings.k z сайтының нұсқасы бойынша әр позицияда үздік болғандар:

Мокин

Бұл номинацияға таласатын кандидаттар саны өте көп. Бірақ, олардың ішінен біз 2 қақпашыны жеке дара алып қарамақшымыз. «Қызылжар» қақпашысы Мирослав Лобанцев биыл ғаламат маусым өткізді. Ресейлік легионер 26 ойынның 25 алаңға шыққан. Оның сенімді қимылдарының арқасында Солтүстік Қазақстан облысының командасы аз гол жіберіп, біріншілікті 4 орынмен аяқтап отыр. Енді бұл команда келесі маусымда Конференция лигасына қатысуы әбден ықтимал.

Лобанцевке бәсекелес ретінде біз Александр Мокинді қарастырамыз. Себебі қырықтан асқан қақпашы чемпионаттың бүкіл ойынына қатысты. 26 матчта Мокин мырза небәрі 18 гол жіберді. Бұл өзге командалардың арасындағы ең үздік көрсеткіш. Сонымен қатар, Александр ұлттық құрамаға шақырту алып, тамаша матчтар өткізді. Мысалы оның Килиан Мбаппе орындаған пенальтиді тосып алуы күллі жанкүйерлердің жадында қалары анық. Одан бөлек Мокиннің арқасында «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңді. Ал Конференция лигасында ол «Хайдук» командасының орындаған пеналтиін тосып, «Тобылдың» келесі айналымға өтеуіне ықпал жасады. Демек, «Тобыл» қақпашысы биылғы маусымның үздігі деп танылады. Мирослав Лобанцев келесі жылы үздік қақпашы атануға тырысатыны анық.

Қасым

Үздік қорғаушы номиннациясына таласатын футболшылар жеткілікті. Мысалы «Тараз» қорғаушысы Фейт Фрайдэй Обилор өзінің сауатты ойынымен жанкүйер жүрегін жаулап алды. Нигериялық қорғаушы 24 ойында алаңға шығып, 2 гол салды. «Тараз» секілді ортаңқол ұжымның қорғаушысы болу да оңай еместігін түсініңіздер. Шабуылы күшті талай командаға төтеп беру үшін Обилор секілді қорғаушы қажет. Ірі денелі футболшыға осы күндері ҚПЛдың бай-бақуатты клубтары қызығушылық танытып отырғаны айдан анық. Келесі маусымда ол «Тараз» сапында қалу-қалмасы белгісіз.

Қорғаушылар арасында тұрақтылығымен көзге түсіп, барлық 26 ойынға қатысқан Тарас Бондаренконы да айта кетейік. «Каспий» қорғаушысы қорғаныстан бөлек, қаптал арқылы шабуылға жақсы шығатынын көрсетті. Украиналық легионерді маусымның үздік қорғаушысы деуге ауыз бармайды. Тура осындай көрсеткіш «Қайрат» қорғаушысы Камо Огонесянда да бар. Бірақ, біз Еркін Тапаловқа тоқталып өтсек. Еркін «Ақжайық» сапында көзге түсті. Талғат Маруаұлы бұл ойыншыны ұлттық құрамаға шақырды. Тапалов тамаша дебют жасап, құрамаға тұрақты түрде шақырту алып жүр. Ол биыл 25 ойынға қатысып, 2 гол салды. Алайда, кейбір эпизодтарда әлі де болса қателік жіберіп алып жүр. Сондықтан да біз, одан да жоғары нәтиже көрсеткен Әлібек Қасымды үздік қорғаушы деп таныдық. Жас қорғаушы керемет прогресс жасады. Ұлттық құрамаға шақырту алды. «Қызылжардың»( көшбасшысына айналды. Биылғы маусымда ол 25 ойында 7 гол салды. Орталық қорғаушы «Қызылжардың» үздік сұрмергені болып танылды. Сондықтан да, Әлібекті біз Сергей Малыйға қарағанда мықты ойнады деп отырмыз. Әлбетте әркімнің өз пікірі болуы мүмкін, алайда біздің нұсқамыз осы.

Тағыберген

Негізі жыл сайын жартылай қорғаушылар арасынан үздіктерді таңдаған тұста қиналып қалатынбыз. Жақсы ойынымен көзге түскендер саны өте көп болатын. Алайда, тұрақты нәтиже көрсетіп, командасының ойынын алға сүйрегендер биыл некен-саяқ. Бұл тұрғыда Бауыржан Байтананы талқыласақ болады. Ол құрамаға шақырту алды, «Таразды» алға сүйреді, әдемі голдар салды, тамаша пастар шығарды. Алайда, маусым соңы тұрақсыз болып, «Тараз» ұпайдан шашау шығарып жатты. Ар Вардан Минасян Байтананы ойын соңына таман алмастырып жіберетін болды. «Қызылжар» жартылай қорғаушысы Пабло Подио 26 ойынға қатысыпты. Оның үстіне «Ордабасыдан» басым түскен маңызды матчта джәл осы аргентиналық жеңісті голды соқты. Бірақ, маусымның үздігі деп айтуға сәл келіңкіремейді. Сондықтан да, біз бір ауыздан Асхат Тағыбергенге тоқтадық. «Тобылдың» капитаны 23 ойында 4 гол салды. Оның алыстан тепкен соққыларының арқасында Игорь Сергеев бірнеше мәрте командасын қуанышқа бөледі. Асхаттың «Хайдук» қақпасына салған голы әлі есімізде. Ол ұлттық құрама сапында да тамаша матчтар өткізді. Демек, Асхатты биылғы маусымның үздігі деп атауға толықтай болады. Суперкубокта салған голдарынан бастасақ, Тағыберген биыл өз позициясында көптеген легионерлерге қарағанда анағұрлым үздік болды. «Тобыл» ойыншысы әлі Қазақстан құрамасы сапында 2 ойын, Қазақстан кубогында кем дегенде 2 ойын өткізуі ықтимал. Жартылай қорғаушы қазір нағыз бабында жүр. Күні кеше ғана «Тобыл» чемпион болған ойында «Ақжайықтың» қақпасына салынған 2 гол да Асхаттың алыстан тепкен соққысының арқасында қақпаға енді.

Томасов

Әуеліде басты кандидат деп біз Хосе Кантені есептедік. Сосын Артур Шушеначевтің де еңбегі зор. Чемпион болған «Тобылдың» шабуылшысы Игорь Сергеев те әжептеуір мықты кандидат. Ол маусымды «Ақтөбеде» бастап, «Тобылда» аяқтады. Жалпы, Сергеев сапалы шабуылшы екенін байқатты. Алайда, біз бұл футболшылардың барлығын бір жаққа ысырып қоюға мәжбүрміз. Себебі, күллі қазақ жанкүйерлері мойындаған Марин Томасов бар. Хорватиялық легионер фанттар тарапынан Голпасов деген лақап ат алып үлгерді. Ол 23 ойында 17 гол салып, өзінің тұрақтылығын көрсетті. Өткен жылдардағы нәтижесі де осыдан төмен болмайтын. Жарақат алып қалған Жоау ренжімесін. Вагнер Лавтың да жөні бөлек. Маусымның үздік сұрмергені әрі шабуылшысы Марин Томасов. «Астана» көшбасшысына тең келетін ешкім жоқ.

Ермұхамед Мәулен, Сейіл Қожатай

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте