ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Тұсауы кесілгелі жатқан Финалиссима туралы не білуіміз керек?

1 комментарий

Аргентина құрамасыАмерика кубогініңфиналында бразилиялықтарды жеңгеннен кейін Оңтүстік Америка футболконфедерациясы (КОНМЕБОЛ) арағаүш-төрт күн салып ұлттық құрамаларарасындағы Суперкубок матчынөткізу туралы ұсыныс жасады. Еуропа футболқауымдастығы (УЕФА) желтоқсан айына дейін ойланып, бұл идеяны қолдайтынын мәлімдеді. Қос тарап арасындағы меморандум 2028 жылға дейінесептелген және осы уақыт ішінде үш матч өткізуді жоспарлап отыр.

Финалиссима

Бұл матчтың бір ерекшелігі – экстра-тайм болмайды. Қос команда 90 минутта жеңімпазды анықтай алмаса, бірден пенальти сериясына дайындаллады.

Финалиссиманы керемет идея деп атау қиын. Себебі осы жүйемен өтетін Конфедерация кубогі мен клубтар арасындағы әлем чемпионатының онша танымал емес екені бәріне мәлім.

Италия – ЕУРО-2020-дағы ең үздік команда. «Скуадра адзурра» коронавирусқа байланысты кейінгеқалдырылған турнирде жеңілістің дәмін татпады. Ол Түркияны, Швейцарияны,Уэльсті, Австрияны және турнирдің басты фавориті саналатын Бельгияны жеңді,содан кейін жартылай финалда және финалда сәйкесінше пенальти сериясы арқылыИспания мен Англиядан айласын асырды.

Еуропа чемпионатындағы басты кейіпкерлердің бірі Джорджо Кьеллини үшін ФиналиссимаИталия құрамасының жейдесіндегі соңғы матч болғалы тұр.

Италия құрамасы

Еуропаны бағындырғанымен, Роберто Манчини шәкірттері әлем чемпионатына шығаалмай қалды. «Скуадра Адзурра» өтпелі кезеңде Солтүстік Македониядан ұтылып қалды.Катардан қалған италиялықтар ертең жанкүйерлерінің алдында бұл айыбын жуып-шаюүшін барын салады. Бірақ оларға Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы қарсышығады.

Аргентина құрамасы

Месси өткен жылы Аргентинамен Америка кубогінде топ жару арқылы ұлттық құрамадағыалғашқы трофейіне қол жеткізді. Лео клуб деңгейінде қаншама жүлде жеңіп алды,Чемпиондар лигасында қанша «қалқанқұлақ» кубокті иеленді, сөресінде қанша«Алтын доп» шаң басып жатыр... Бірақ Мессидің ұлттық құрамада жолы болар емес.Соңғы 28 жыл бойы ештеңе ұтпаған Аргентина Америка кубогіндегі жеңістер саныбойынша Уругваймен теңесті (15 трофей).

Италия мен Аргентина бұған дейін 15 мәрте кездескен. Оның бесеуін әлем чемпионаты аясында өткізсе, қалғаны жолдастық матч болған. Оның алтауында Италияның мерейі үстем болса, төртеуінде Аргентинаның бағы жанған. Қос команда арасындағы соңғы матч 2018 жылдың 23 наурызында өткен. Бұл ойында оңтүстік америкалықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Еуропа және Оңтүстік Америка чемпиондары «Artemio Franchi Cup»турнирінде екі рет ойнаған:

-1985 жылы Франция Парижде Уругвайды 2:0 есебімен жеңді;

-1993 жылы Аргентина құрамасы Мар-дель-Платада (Буэнос-Айрес) Даниядан пенальти сериясындабасым түсті.

Италия

Қақпашылар: Алессио Краньо («Кальяри»), Джанлуиджи Доннарумма («Пари Сен-Жермен»), Алекс Мерет («Наполи»), Сальваторе Сиригу («Дженоа»)

Қорғаушылар: Франческо Ачерби («Лацио»), Алессандро Бастони («Интер»),Криштиану Бираги («Фиорентина»), Леонардо Бонуччи («Ювентус»), Давиде Калабрия («Милан»), Джорджио Кьеллини («Ювентус»), Джованни Ди Лоренцо («Наполи»), ФедерикоДимарко («Интер»), ЭмерсонПалмьери («Лион»), АлессандроФлоренци («Милан»), Мануэль Лаццари, Луис Фелипе (екеуі де «Лацио»), Джанлука Манчини, Леонардо Спинаццола (екеуі де «Рома»)

Жартылай қорғаушылар: Николо Барелла («Интер»), Брайан Кристанте («Рома»), Давиде Фраттези («Сассуоло»), Жоржиньо Фрелло(«Челси»), МануэльЛокателли («Ювентус»), ЛоренцоПеллегрини («Рома»), Маттео Пессина («Аталанта»), Сандро Тонали («Милан»), Марко Верратти (ПСЖ)

Шабуылшылар: Андреа Белотти («Торино»), ДоменикоБерарди («Сассуоло»), ФедерикоБернардески («Ювентус»), Джанлука Капрари («Верона»), Лоренцо Инсинье («Наполи»), Мойзе Кин («Ювентус»), Андреа Пинамонти («Эмполи»), Маттео Политано(«Наполи»), ДжакомоРаспадори («Сассуоло»), ДжанлукаСкамакка («Сассуоло»), МаттиаДзакканьи («Лацио»), Николо Дзаньоло(«Рома»).

Аргентина

Қақпашылар: Эмилиано Мартинес («Астон Вилла»),Хуан Муссо («Аталанта»), Херонимо Рульи («Вильярреал»), Франко Армани («РиверПлейт»);

Қорғаушылар: Гонсало Монтиэль, Маркос Акунья (екеуі де – «Севилья»), Науэль Молина, Неуэн Перес(екеуі де –«Удинезе»), Хуан Фойт («Вильярреал»), Кристиан Ромеро («Тоттенхэм»), ХерманПесселья («Бетис»), Маркос Сенеси («Фейеноорд»), Николас Отаменди («Бенфика»),Лисандро Мартинес, Николас Тальяфико (екеуі де – «Аякс»);

Жартылайқорғаушылар: ГвидоРодригес («Бетис»), Алексис Макаллистер («Брайтон»), Родриго де Пауль(«Атлетико»), Эсекиэль Паласиос («Байер»), Джовани Ло Чельсо («Вильярреал»);

Шабуылшылар: Лионель Месси, Анхель Ди Мария (екеуі де – «ПCЖ»), Алехандро Гомес («Севилья»),Николас Гонсалес («Фиорентина»), Анхель Корреа («Атлетико»), Пауло Дибала(«Ювентус»), Хоакин Корреа, Лаутаро Мартинес (екеуі де – «Интер»), Хулиан Альварес («РиверПлейт»).

Аргентина құрамасы кеңейтілген тізімге алғаш рет «Фейеноордтан» МаркосСенеси есімді қорғаушыны қосты. Бір қызығы, 25 жастағы ойыншыны Италияның басбапкері Роберто Манчини де өз командасына шақырғысы келген екен. Сенеси бұғандейін ұлттық құрамада деңгейінде ойнаған жоқ. Аргентинада туылған және солелдің жастар құрамасында доп тепкен Маркоста Италия азаматтығы бар.

«Италия мен Аргентина - әлемдік футболдың классикасы, бұл матчтың арқасында көптеген аты аңызға айналған ойыншылар есте қалады. Кьеза, Иммобиле, Берарди және Верраттисіз қалғанымыз өкінішті-ақ. Алайда оларды алмастыратын кез-келген футболшы тамаша матч өткізеді. Ертең белгілі бір цикл аяқталады. Бұл командадан бірден 15-20 адам кетеді деген сөз емес. Бірақ осы матчтан кейін ұлттық құрамаға жастарды көбірек шақыра бастаймыз. Олардың деңгейін байқап, болашақта бізге қалай көмектесе алатынын көргіміз келеді», - деді Роберто Манчини.

Манчини

«Мықты қарсыласпен күш сынасу әрқашан тамаша әсер сыйлайды. Ұлттық құрамада ойнайтын аргентиналық ойыншылар киген жейдесі үшін, өздерінің отбасы мен достары үшін күреседі. Әрқашан солай болған, енді бұл сезімдер одан әрі күшейе түседі», - деді Лионель Скалони.

Скалони

Қос чемпион арасындағы матч сәрсенбіде, 1 маусымда Лондондағыаты аңызға айналған «Уэмбли»стадионында өтеді. Айтпақшы, дәл осыстадионда өткен жазда Роберто Манчини командасы Еуропа чемпионы атанған еді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те басталады.Көрермендер бұл кездесуді Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көре алады.

Комментарии (1)
  • Серікбол
    1 год назад

    :f09f918d::f09f8fbb::f09f918d::f09f8fbb::f09f918d::f09f8fbb::f09f918d::f09f8fbb::f09f918d::f09f8fbb:

    0
Девушки в спорте