ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Төрт ойында нөл жеңіс. «Тобыл» жеңілді, қалғандары тең тарқасты

Кеше ғана УЕФА Еуропа және Конференция Лигаларының үшінші іріктеу кезеңінде «Қайрат», «Астана», «Тобыл» және «Шахтер» сияқты қазақстандық клубтар алғашқы матчтарын өткізді. Аталған кездесулерге Metaratings.kz тілшісі Ерік Каиров жасаған қысқаша шолуды назарларыңызға ұсынамыз.

"Астана" - КуПС

«Қайрат» – «Алашкерт» (Ереван, Армения) – 0:0

Матчтың жанкүйерсіз өтуі, Буранчиев пен Әліқұловтың негізгі құрамға шығуы және Шушеначевтің екі рет аяқта тұра алмай құлап қалуы. Матчтың алғашқы минуттардағы қызықты жайттары тек осылар болды. Ойынның он бесінші минутында ғана алматылықтар матчтағы алғашқы қауіпті сәтті ұйымдастырды. Алаң ортасында Айбол Әбікен мен Вагнер Лав сәтті пас алмасып, бразилиялық айып алаңыгың ішінде армениялық ұжымның қорғаушысын айналып өтіп Гүлжігіт Әліқұловтың аяғына пас салып берді, қырғызстандық ойыншы допты тоқтатпастан қақпаға бағыттыған. Дегенмен «Алашкерт» қақпашысы бұл соққыны қайтара білді.

Жиырмасыншы минутта еревандық команданың қорғаушылары өз айып алаңында допты қарсыластарына беріп қойды, мұны тиімді пайдаланғысы келген Әбікен допты Шушеначевке берді, қазақстандық шабуылшы қарсыласын оңай өтіп қақпаның алыс бұрышын көздеді, алайда Чанчаравич бұл жолы да өз командасын голдан аман алып қалды.

Өз қақпасына соғылған голдардың біразының себепкері боп жүрген Раде Дугалич ойынның 34-ші минутында Сантосқа қарсы ойын ережесін бұзып өз қақпасына пенальти алып келді. Қарсыластар шабуылшысы Александр Глишичтің соққысы қақпа бағанасына тиді, кейін серпіген допты ол ақыры Покатиловтың қақпасына енгізді. Дегенмен, абырой болғанда бұл жағдайды төреші дер кезінде байқап, Глишичтің ойыннан тыс қалғанын жеткізді. Қарымта шабуылда алматылықтар сапынан Арсен Буранчиев қапталдан асырылған допты «Алашкерт» қақпасына баспен бағыттады, бұл жолы доп қақпа бағанасына тиіп алаң сыртына шығып кетті.

"Қайрат" - "Алашкерт"

Тайм аяқталар тұста Вагнер де қақпаны алыстан нысанаға алып көрді, бұл жолы да қонақ команданың бағана күзетшісі допты бұрыштамаға қағып жібере алды. Осылайша, есеп ашылмаған бірінші таймнан соң Кирилл Кекер қойын дәптеріне түртіп алған нәрселерін бір түгендеп үзіліс кезінде ойынға бір өзгеріс енгізетіндей киім ауыстыратын бөлмеге аттанды.

«Қайрат» сапындағы алғашқы ойыншы 62-минутта алмасты, Арсен Буранчиевтің орнына Рикардо Алвеш шықты. «Қайраттың» жастар академиясынан шығып, еурокубоктік ойында жоғары дәрежеде ойнаған жас ойыншыға алдағы уақытта да бапкерлік құрам тарапынан сенім білдірілсе,ол өз деңгейін дәлелдей алатын секілді.

Бұл ойында біз «Қайрат» шабуылшыларының жеке қабілттерінің жеткілікті болғанмен, бірін-бірі түсініспей жатқандығына куә болдық. Сонымен қатар, Вагнер Лавтың ойын соңына қарай шаршап қалғандығын және доптан қайта-қайта айрылып қала бергенін байқадық. Әрине, оны ауыстыратын адамның болмағандығынан да, бразилиялықты бас бапкер алып тастай алмағаны түсінікті. Командадағы ойыншылар тапшылығын Кирилл Кекер ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында тілге тиек етті.

«Бізге қазір осы ойыншылар жетіспеуде. Қосалқы құрамда өзін-өзі көрсетуге мүмкіндігі бар көптеген жас ойыншылар отыр. Өкінішке орай, біз қиын жағдайға тап болдық және жақын арада бәрі ойдағыдай болады және ойыншылар қатарға қосылады деп үміттенеміз», — дейді Кирилл Кекер.

Кирилл Кекер

Алматылық команданың бас бапкері жалпы ойын жайлы да өз пікірін айтып өтті:

«Біз жақсы ойнай алмадық. Ойынның басында бізде есепте алға шығатын біраз мүмкіндіктер болды. Әрине, қарсыластар да гол соғатын жақсы мүмкіндіктерге ие болды. Осы тұрғыдан алғанда, тең ойын әділ және заңды нәтиже болып көрінеді. Біріншіден, біз бүгінгі ойыннан лайықты қорытынды шығаруымыз керек. Қазақстан Кубогі мен Еуропа Лигасындағы жағдайымызды біршама қиындатып алдық. Ендігі жерде бізге сенімді түрде әрекет ету керек. Бізді қиын жағдайда қолдап келе жатқан жанкүйерлерге сенеміз»

«Тобыл» – «Жилина» (Словакия) – 0:1

Кездесу Қостанайдағы алаң УЕФА стандарттарына сай келмегендіктен Астана Аренада өтті. Ойыншылардың орта жасы жиырма бір жылды құрайтын команда Қазақстан астанасына Төрт жұз км ұшып келді. Осыдан он шақты жыо бұрын Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен. Дегенмен, ол құрамнан қазір еш ойыншы командада қалмаған. Пандемия салдарынан былтырғы жылы жабылуға шақ қалған ұжым құрамындағы ойыншылардың жалақы мәселелеріне қармастан, ішкі біріншілікті төртінші орынмен аяқтаған.

Бірінші таймда қостанайлық команданың шабуылдары Зоран Тошич пен Бағдат Қайыров ойнайтын оң қапталмен өрбіді. Сондай сәттердің бірінде Қайыровтың қапталмен жүйткіп келіп айып алаңының ішінен асырған пасын Игорь Сергеев үш метрден қақпаға тура бағыттай алмады.

Зоран Тошич

Ойынды Тобыл бақылауда ұстағанымен, қарсыластардың жылдам қарымта шабуылдары өте қауіпті болды. Москаленко алғашқы ойыншы алмастыруды матчтың 76-шы минутында бір ақ жасады. Ойында ерекше белсенділігімен және ерекше шешімдерімен көзге түскен тәжірибелі Тошичтің орнына еурокубоктарда көп ойын өткізбесе де, клубтың ардагер ойыншысы әрі капитаны Азат Нұрғалиев шықты. Дегенмен, “Желинаның” жалындап тұрған жас ойыншылары Азатқа ойынға кіріп кетуге мүмкіндік бермеді. Сол қапталда көп көрінбесе де, командаға енді бой үйретіп жүрген Рубен Бриджидо да алаңдағы орнын осы минутта Тони Сильваға босатты. Соңғы он ойында бір ғана гол соққан Тони Қазақстан чемпионатындағыдай қорғаушыларды өзінің жылдам дриблингімен шаршатуға тырысып бақты, дегенмен бірнеше сәтсіз қимылынан соң Еуропадағы деңгейді сезінген Сильва допты өз командасындағы қорғаушыларға беруден аса алмады. Қорыта келе, таблодағы есеп заңды деп айтуға болатын секілді. Бірінші таймдағыдай белсенді ойнай алмаған қостанайлықтар қақпаны алыстан бірнеше рет көздегеннен басқа қауіпті шабуылдар жасай алмады.

«Тобылдың» бас бапкері Александр Москаленко ойын жайында былай деп қорытынды жасады:

«Біз гол соға алмадық. Сіз ойынды көрдіңіз - бізде мүмкіндіктер болды. Неліктен доптың қақпаға кірмей қалғанын білмеймін. Демек бұл олардың дұрыс емес нәрсе жасағанын білдіреді. Күштілердің жолы болады. Біз жай ғана гол салғымыз келіп, қорғанысты ұмыт қалдырдық, сондықтан «Жилинада» мүмкіндіктер пайда бола бастады. Егер гол соғылса, ойын өзгерер еді. Жігіттер матч бойы алға қарай жүгірді - еуропалық ойындарда бұлай жасауға болмайды. Мұндай ойындарда гол соғуымыз керек. Біз мүмкіндіктер жасадық, бірақ сәтті аяқтай алмадық. «Жилина» ештеңемен таң қалдырмады. Біз оарды зерттеп шықтық, олар жаңа ештеңе жасай қоймады. «Жилина» қорғаныста ұйымшылдықпен ойнады және ойыншылары барын салды. Еуропаның өте жақсы дайындалған командасы деп айтсақ болады. Қарымта ойында біз келесі кезеңге өтуге тырысамыз. Егер тырыспасақ, екінші ойынға барудың қажеті қанша? Бармай-ақ қоюға да болады. Дайындықты жалғастырамыз»

КуПС (Куопио, Финляндия) – «Астана» – 1:1

Томасов, Барсегян мен Эуженио үштігі бірінші таймда елордалық команданың шабуылдарын қарқынды жасап бақты. Десе де, олар бағыттаған доптарды бірде қақпашы қайтарса, екінші бір сәттерде бағытталған соққылар қақпадан қиыс кетті.

Тигран Барсегян

Командалар кезектесе допқа иелік етіп және қарсылас қақпасын торуылдады. Ойынның 54-ші минутында алаң иелері шабуылдарын ыңғайсыз голмен аяқтады. Оң қапталдан асырылған допқа елордалық команданың қорғаушысы Энео Битри бірінші болып жетуін жетсе де, оның тізесінен серпілген допты КуПС шабуылшысы Аникпендо Удо бос қақпаға тоғыта салды. Бұл жағдайда қақпашы Непогодов пен Битридің допқа бір мезетте ұмтылып, өзара түсінісе алмауы қажет емес голға әкелді. Орталық қорғаушы, шамасы, допты денесімен жауып, қақпашының оны қақшып алатынына сенімді болған, ал Дмитрий болса гол соғылғаннан соң Энеоға допты алаң сыртына шығарып жібергені әлдеқайда дұрыс шешім болатынын түсіндірді.

«Астана» гол жібергеннен соң шабуылды үдетті, бірақ ол ойынның соңғы секундтарында ғана өз нәтижесін берді. Төреші қосқан үш минутта қатарынан бірнеше бұрыштамаға мүмкіндік алған қазақстандық ұжым ақыр соңында діттеген мақсаттарына жетті. Бұрыштама добынан кейінгі екінші деммен қарқын алған шабуылды Антонио Рукавина бастады, оның айып алаңына асырған добын финляндиялық клубың қорғаушылары баспен айып алаңынан алыстатқысы келген. Ал бұл доп бірінші голдың себепкері Энео Битридің аяғына түсіп, орталық қорғаушы қақпаның алыс бұрышын дәл көздеп командасын жеңілістен құтқарды және өзінің кінәсін жуып шайды десек те болады. Енді келесі кезеңге кімнің өтетіндігі Астана Аренада шешіледі.

Энео Битри

«Жеңіске жету қолымыздан келмеді. Алғашқы таймда Педроның, Барсегянның есеп ашатын тамаша мүмкіндіктері болды. Мұндай ойындарда міндетті түрде гол салу қажет. Айта кету керек, қарсылас қақпашысы өте жақсы тұрды, бұрыштарға бағытталған доптарды алып шыға алды. Соған қарамастан, аталмыш кездесулерде міндетті түрде кез келген мүмкіндікті голға айналдыру қажет, әсіресе қақпашымен жеке дара шыққан сәттерде. Одан кейін, қарсыласқа гол сыйлап қойдық. Алайда соңына дейін ойнағаны үшін жігіттерге дән ризамын, соңғы сәтте сәттілік біздің жақта болды. Әрине, көп сәттерде жолымыз болмады, қалай болғанда да жауапкершілігі жоғары ойын. Оның үстіне сырт алаңда ойнағандықтан, нәтиже өте маңызды. Иә, алғашқы таймда қорғаныста өнер көрсетіп, бірден қарымта шабуылдарға дем беріп отырдық. Кейде асығып кеттік, кейде жоқ жерден доптан айырылып қалдық. Екінші таймды сәтсіз бастадық, жинақталып үлгермедік, КуПС-қа басымдықты беріп қойдық. Қайталап айтайын, алғашқы әрі қонақтағы матч болғандықтан, нәтижеге қатты әсерін тигізеді. Ал ойын түгесілер тұста салған голымызды сәттілік деп айтпас едім, себебі бұған дейінгі пайдаланбаған мүмкіндіктерімізді есептесек, бұл голға толығымен лайықты болдық. Бірақ сонда да, соңғы секундтарда соққанымыз әрине, жолымыздың болғаны шығар», — дейді елордалық команданың бас бапкері Андрей Тихонов.

«Колос» (Ковалевка, Украина) – «Шахтер» – 0:0

Укаинаның Киев облысы, Василевский ауданы, Ковалевка ауылында құрылған «Колос» футбол клубы 1600 тұрғыны бар елді мекеннің намысын қорғайды. Алаң иелері матч басталғаннан шабуылға лап қойды. Алғашқы он минутта төрт рет бұрыштама добын көтерді. Қарғандылықтар ойынның жиырмасыншы минутында ғана естерін жиып, жүйелі шабуылдар ұйымдастыра бастады. Дегенмен, одан оң нәтиже шыға қоймады. Ойын тізгінін бір команда алып ойнады деп айту қиын. Қос команда да өздерінің шама-шарқынша жүйелі ойын көрсетуге тырысты. Кездесудің 76-шы минутында қарағандылық команданың футболшысы Давид Атанаскоски матчтағы екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Бұдан соң Магомед Адиев баптаған жігіттердің мақсаты да гол соғу емес, қақпаларын голдан сақтау болатыны түсінікті еді. Бұл тапсырманы олар сәтті орындап, Украинадан тең нәтижемен елге аттанды.

"Шахтер" - "Колос"

«Шахтердің» бас бапкері Магомед Адиев аталған ойын туралы былай деп ой топшылады:

«Матч алаң иелерінің пайдасына басталды - олар шабуылға көбірек күш салды, қысым жасады, бізде допсыз ойнауға мәжбүр болдық. 20-минуттарда біз жағдайды түзедік, ойынға кірістік, гол соғатын мүмкіндіктерді жасай бастадық. Екінші таймды қалыпты түрде бастадық. Қарсылас қысым жасауын тоқтатпады, бізде ойын болды, бірақ бір ойыншымыздың қызыл қағаз алуына байланысты шабуыл жасай алмадық, қорғаныс туралы көбірек ойлап, гол жіберіп алмау үшін ойнадық. Қарымта ойында ең маңыздысы не болмақ деймісіз? Ең бастысы — жеңіс. Бұл үшін екі команда да барын салатын болады. Біз жақсы дайындалуымыз керек, қалай әрекет ету керектігін ойлануымыз керек. Тепе-теңдікті сақтайық. Көңіл-күй көтеріңкі болады. Мен фаворит пен аутсайдер рөлі туралы айтпас едім, матч алдында мен тең ойын туралы ойладым. Біз ойнаймыз және күш саламыз, нәтиженің қалай болатынын көре жатармыз. Қазақстан Кубогындағы ойынды кейінге қалдырғанына қуаныштымын. Бізің кестеміз тығыз, сондықтан алдағы қарымта матчқа бес күндік микроциклмен дайындаламыз»

Ерік Каиров

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте