ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Төрт футболшыны тұтқындауға келген полиция қызметкерлері Бразилия - Аргентина матчының шырқын бұзды

Бүгін түнде Бразилия мен Аргентина арасындағы матч 7-ақ минутқа созылды. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі жағдайдың қалай болғанын анықтап көрмек.

Барзилия - Аргентина матчындағы жанжал

Оңтүстік Америка футболы бізді таңқалдырудан жалықпайды. 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің басты жаңалығы және көптен күткен оқиғасы Бразилия мен Аргентина құрамаларының Сан-Паулудағы кездесуі болды. Оңтүстік Американың ең мықты екі командасы жолықты, бірақ футболдың иісі шықпады.

Матч алдында Бразилия билігі Англияда ойнайтын төрт Аргентина футболшысын тұтқындағысы келді деген жаға ұстатар жаңалық пайда болды. Ұлыбритания «қызыл аймаққа» енгізілген, сондықтан Бразилияға осы елден келген ойыншылар екі апта карантинде болуға міндетті. Қақпашы Эмилиано Мартинес, жартылай қорғаушы Эмилиано Буэндия (екеуі де «Астон Вилла»), қорғаушы Кристиан Ромеро мен жартылай қорғаушы Джовани Ло Чельсо (екеуі де «Тоттенхэм») шекара бекетінде соңғы 15 күнде Англияда болмағандарын айтқан. Ал іс жүзінде төртеуі де бір апта бұрын Премьер-лига матчтарына қатысты.

Ромеро, Мартинес, Буэндия, Ло Чельсо

Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам демекші, бұл өтіріктің де беті ашылды, бірақ бірден емес. Құқық бұзушыларды тұтқындау туралы шешім қабылданғаннан кейін полиция қызметкерлері қонақүйге келді, бірақ аргентиналықтар ол кезде стадионға кетіп қалған еді.

Сонымен матч басталды. Қос команданың ойыншылары бір-бірін шалып-жығып, жылдам гол соғуға тырысты, бірақ ойынның бесінші минутында жанкүйерлер мен ойыншылар бар назарын басқа жағдайға аударды. Жаттықтырушылар тұратын аймақта жанжал басталды. Төреші матчты тоқтатты, содан кейін ұлттық құрамаға еш қатысы жоқ бір адам алаңға шықты. Аргентиналықтар оны алаңнан шығарып тастауға тырысты, бірақ ол ойыншылардың дегеніне көнбеді. Осылайша тағы бір жанжалдың ұшы шықты. Шамасы, бұл ойыншыларды тұтқындау бастамасын көтерген Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі болған көрінеді. Оқиға орнына полицейлер де келіп жетті.

Не болып жатқанын түсінген Аргентина құрамасының ойыншылары киім ауыстыратын бөлмеге кетті, алаңда тек Лионель Месси қалды, ол капитан ретінде жағдайдың мән-жайын анықтағысы келді.

Болып жатқан оқиға туралы мынадай қызық теория пайда болды: бразилиялықтар матчты тоқтату үшін әдейі жанжал шығарды. Бұл, әрине, жай ғана теория. Себебі алаң иелерінің Аргентинадан айырмашылығы, Бразилия ойынға қосалқы құраммен шықты. АПЛ-де ойнайтын үздік ойыншыларының көпшілігі ұлттық құрамаға жіберілмеді. Алисон Беккер, Эдерсон, Тиаго Силва, Фред, Фабиньо, Роберто Фирмино, Габриэль Жезус, Ричарлисон секілді ойыншылар соңғы кездері Бразилияның негізгі құрамынан түспей жүрген еді. Сонымен қатар «Зенит» ойыншылары Малком мен Клаудиньо да Ресейге ұшып кетті.

Тіпті Месси де бұл нұсқаны қолдайтын сияқты. Оның мына пікірі көптің көкейіне сауал туғызды:

«Біз кетіп барамыз. Біз мұнда ойнау үшін келдік. Бізге ешкім мұндай жағдайдың болатынын ескерткен жоқ. Әйтпесе, біз Бразилияға үш күн бұрын келдік, ойыншыларды ертерек ұстауға да болар еді».

Лионель Месси

Соңғы мәліметтер бойынша, жоғарыда аты аталған аргентиналық футболшылар шекарадан өткенде өтірік айтқанын мойындаған екен. Сан-Паулу билігі Аргентина құрамасы үшін автобус шақыртып, команданы «Нео Кимика Арена» стадионынан алып кетті.

Ал КОНМЕБОЛ оқиға туралы мынадай мәлімдеме жасады:

«Төрешінің шешімімен ФИФА ұйымдастыратын Бразилия мен Аргентина құрамалары арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы тоқтатылды. Төреші мен матч инспекторы ФИФА Тәртіптік комитетіне есеп береді, ал ол ұйым ары қарай не болатыны туралы шешім қабылдайды. Бұл процедуралар қолданыстағы ережелерге толық сәйкес келеді. Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі - ФИФА ұйымдастыратын турнир болып саналады. Турнирді ұйымдастыру мен дамытуға қатысты барлық шешімдер ФИФА-ның құзыретіне жатады».

Демек, соңғы шешімді ФИФА шығарады. Қос команданың біріне техникaлық жеңіліс жазылуы мүмкін немесе матчты қайта ойнау туралы да шешім шығуы ықтимал. Жағдайды түсіну үшін турнирлік кестедегі жағдайды да айта кетейік: 21 ұпаймен Бразилия бірінші орында, Аргентина (15 ұпай) - екінші орында. Бұл ретте аргентиналықтар Эквадордан үш, Уругвай мен Колумбиядан алты ұпайға озып кетті. Төрт команда 2022 жылғы әлем чемпионатына тікелей жолдама алады, бесінші команда плей-офф кезеңінде ойнайды.

Ернар Ламкадыров

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте