ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Тұрақтылық қажет». Карпович Байтананы құрамаға не үшін шақырмағаны және Қасым туралы айтты

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Андрей Карповичпен матч алдында Meta-ratings.kz тілшісіне сұхбат берді.

Андрей Карпович

— Қазақстан ұлттық құрамасына бас бапкер болуыңызға не түрткі болғанын айтып өтсеңіз?

— Ұсыныс түсті, қабыл алдым. Енді өзім осы елде туып өстім. Футболдағы карьерамның басым бөлігі Қазақстанда өткіздім. Бірнеше жыл ұлттық құрамада ойнадым. Сондықтан ұлттық құрамаға бас бапкер болу маған зор мақтаныш.

— Молдовамен ойынға қатысатын ойыншылардың тізімі жарияланғанда Бауыржан Байтананы байқамадық. Чемпионаттың алғашқы турында екі нәтижелі пас беріп көзге футболшыны неге алмадыңыз?

— Кейбіреулер жазып жатқандай, Бауыржанды баяу қимылдайтыны үшін тізімге қоспадық деген пікір қате. Мәселе онда емес. Чемпионаттың алғашқы 2-3 турында жақсы ойнағандардың бәрін шақыра бермейміз. Бастысы, тұрақтылық керек. Жоғары деңгейлі ойынды тұрақты көрсетіп жүргендерге басымдық беріледі. Бауыржан Байтана кеңейтілген тізімде болды. Бірақ соңғы таңдауды жасау кезінде 24 футболшының қатарына енбеді. Өйткені халықаралық арендағы тәжірибе, тұрақтылық басқа да аспектілерді есепке алған кезде оның позициясында өзге ойыншылар болды. Жалпы, кейін ұлттық құрамаға шақырылатыны анық.

— Былтырғы маусымда жақсы ойынымен көзге түскен қазақстандық футболшылардың бірі – Әлібек Қасым. Бірақ қазір «Ақтөбенің» қосалқы құрамында отыр...

— Әлібек былтыр тәп-тәуір маусым өткізді. Өкінішке қарай, футболда кездесетін тәжірибе қайталанып жатыр. Яғни бір маусым жақсы ойнап, екіншісінде қосалқы құрамда. Сондықтан ұлттық құрамаға шақырмадық. Алаңға аз шығып жүрген ойыншыны құрамаға – шақыру басқа жігіттердің алдында дұрыс емес.

Андрей Карпович

— Неге «Ақтөбеге» кетуіне рұқсат еттіңіз?

— «Қызыл-Жар» клубы Әлібек Қасым үшін белгілі бір көлемде қаржы алды. Келісімшартта бәрі жазылған. Сондықтан біз ұстап отыра алмадық. Бұл оның өмірі. Әріқарай қалай болатынын ойыншы өзі шешеді.

— Ешқандай реніш жоқ па?

— Өзім де кәсіби футболшы болдым. Бәрін жақсы түсінемін, ешқандай реніш жоқ.

— Мәскеудің «Динамо» командасында неміс маманы Сандро Шварцтан тағылымдамадан өткеніңізді білеміз. Бұл маманнан қандай ерекшелік байқадыңыз?

— Алып бара жатқан ештеңе жоқ. «Қайратта» жұмыс істеп жүргенімде «Лейпциг» клубына барғанбыз. Кейін олардан мамандар келіп, тәжірибелерімен бөлісті. Ал менің «Динамоға» баруымның себебі – Шварц өте ашық бапкер. Жаттығу процесіндегі детальдарды жасырмай бөліседі.

— Неміс тілін меңгергенсіз бе? Әлде Андрей Воронин көмектесті ме?

— Иә, Андрей көмектесті. Екекіміз жақсы араласамыз. Бұрын бірге ойнадық.

— Қандай тактиканы ұнатасыз?

— Футболда бастысы тактика емес. Ойыншылардың талапқа сай болуы. Мысалы, қазір «Бавария» үш орталық қорғаушымен ойнап жүр. Соған қарамастан 5-6 гол соғады. Футболшылардың шеберлігі үлкен рөл атқарады. Үш орталық қорғаушы болғанымен, қапталдағы екі қорғаушы шабуылға жиі араласып тұрса, бірнеше гол соғу мәселе емес.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте