ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Суперкубоктың игерлері ҚПЛ-ге оралған оралдықтарды қабылдайды. Екінші ойын күнінің алдында аңдатпа

Қазақстан Премьер-лигасы жаңа маусымының алғашқы турының алғашқы ойын күнінде кездесетін командалар жайлы тілге тиек еткенбіз. Ендігі кезекте Meta-ratings.kz тілшісі тарихында алғашқы рет Суперкубок ұтқан «Тобыл» өнер көрсететін екінші ойын күнінің матчтарына да азды-кем ақпараттар ұсынады.

«Каспий» (Ақтау) – «Ақтөбе» (Ақтөбе)

Екінші ойын күнінің шымылдығы жаңа маусымға орай логотипін жаңалаған «Каспий» мен өткен маусымда Бірінші лиганың А тобында жеңімпаз атанып, жоғарғы лигаға қайта оралған «Ақтөбе» арасындағы кездесумен түріледі. Қос ұжым «Каспий» «Ақтау», «Мұнайшы» және «Маңғыстау», ал «Ақтөбе» «Актюбинец», «Ақтөбе мұнай» және «Ақтөбе-ленто» болған кездерден бері 13 мәрте күш сынасып, он рет ақтөбеліктердің асығы алшысынан түссе, екі ойында ақтаулықтар басым түскен. «Ақтөбе» 31 гол соқса, «Каспий» жеті голмен жауап қатыпты. Соңғы рет қос тарап Премьер-лигада сонау 2001 жылда кездесіп, ақтөбеліктер жауапсыз төрт гол соғып жеңіске жетіпті. «Каспий» өз алаңында «Ақтөбеге» қарсы жеті рет ойнап, тек бір мәрте мерейі үстем болған. Осы жолы да «Каспийге» оңай соқпасы анық. Біршама сапалы легионерлер мен жергілікті ойыншылардың басын қосып, Премьер-лигаға жаңа күшпен оралған ақтөбелікер «Жас Қанатқа» тек үш ұпай үшін ғана барары сөзсіз.

Ойынның бас төрешісі: Александр Гаузер (Петропавл)

Басталатын уақыты: 15:00

«Ордабасы» (Шымкент) – «Қызылжар» (Петропавл)

Өткен маусымда үздік төрттікке ілінбей қалып, жанкүйерлерінен сын естіген «Ордабасы» мен Премьер-лигада қалғандарына шүкіршілік еткен «Қызылжар» «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда» кім мықтыны анықтайды. Өзара кездесулері сонау «Достық» пен «Аксесс-Голден Грейден» басталған қос тарап осыған дейін 25 мәрте ойнап, екеуі де он-оннан жеңіс тойын тойласа, бес матч тең есеппен аяқталған. Ал «Есіл-Богатырь» «Қызылжар» болғалы бері «Ордабасы» петропавлдықтарға үйде де, түзде де есе жібермеген. Сегіз ойынның жетеуінде басым түсіп, бір матч тең аяқталған. Сол бір тең ойын шымкенттіктердің өткен маусымда Топ-4-ке кіре алмауына айтарлықтай ықпалын тигізген еді. Тепкені гол болатын Жоао Паулосы бар «Ордабасы» Андрей Карповичтің шәкірттеріне қарсы ойында фаворит екені айтпаса да белгілі.

Ойынның бас төрешісі: Бағдат Абдуллаев (Қаратау)

Басталатын уақыты: 15:00

«Қайсар» (Қызылорда) – «Тараз» (Тараз)

Былтырғы маусымды 7-8 орындарда аяқтаған, сол маусымдағы екі ойыындары да тең аяқталған үзеңгілес қарсыластар жаңа маусымдағы алғашқы текетірестерін «Ғани Мұратбеков атындағы орталық стадионда» өткізеді. «Таразың» «Фосфор», «Қайсарың» Мұнай, Команда, Hurricane деген сөздерді тіркестіріп жүрген кездерден бастап, қос клуб 48 мәрте жасыл алаңда кім мықтыны анықтаған. Соның 18-інде қызылордалықтар басым түссе, 22 ойында жамбылдықтардың мерейі үстем болған. Ал сегіз матч тең нәтижемен аяқталған. Өткен маусымдағы екі кездесулері де тең аяқталған деп жоғарыда айтқандай, соңғы жылдары қос тарап көбіне тең тарқасқанды жөн көріп жүр. Ақырғы бес матчтың үшеуі тең есеппен аяқталса, қалған екі ойында екеуі бір-бір реттен жеңіске жеткен. Маусым алды жағдайына қарай «қасқырлар» фаворит дегенмен де, өз өрендеріне көптеп уақыт береміз деген тараздықтар да оңай шағыла қоймасы анық. Соңғы кездесулеріндегідей таблода тең есеп тіркелсе де, таңқалатын түгі жоқ.

Ойынның бас төрешісі: Булат Сариев (Орал)

Басталатын уақыты: 17:00

«Тобыл» (Қостанай) – «Ақжайық» (Орал)

Өткен маусымдағы Бірінші лиганы екінші орынмен аяқтаса да, «Тұран» секілді жаңа ережелерден кейін Премьер-лигаға оралған оралдықтар Қазақстан Суперкубогінің су жаңа иегерлері қостанайлық «Тобылға» қонаққа барады. Сонау «Химик» пен «Уралецтен» басталған текетірес осыған дейін 27 мәрте өтіп, 18 рет қостанайлықтар жеңіс тойын тойын тойласа, оралдықтар алты ойында басым түскен. Ал үш матч тең есеппен аяқталған. Соңғы бес кездесулерінде «Ақжайық» бірде-бір жеңіске жетпеген. Сонымен қатар оралдықтар «Тобылға» қарсы соңғы он ойында бес гол ғана соғыпты. Негізгі құрамда 7-8 қазақстандық ойыншыларды шығаратын «Тобыл» мен аннан-мыннан қашқан ресейліктер мен украиндықтарды жинап алған «Ақжайықтың» арасындағы «Тобыл Аренада» өтетін текетіресте Бабаян мырзаның шәкірттері сенімді жеңіске жететініне ешкімінң күмәнданбайтыны анық.

Ойынның бас төрешісі: Сергей Гороховодацкий (Алматы)

Басталатын уақыты: 17:00

Ойындар Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте