ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Жаңа маусымның шымылдығын «Қайрат» ашады. Алғашқы ойын күні алдында аңдатпа

Жаңа маусымның шымылдығын «Қайрат» ашады. Алғашқы ойын күні алдында аңдатпа

Көптен күткен футболдан Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымы да келіп жетті. 13 наурыздан бастап жаңа маусымның беташар ойындары өтеді. Осыған орай Meta-ratings.kz тілшісі 1-турдың алғашқы күні кездесетін клубтардың өзара матчтары мен басқа да азды-кем ақпараттарды ұсынады.

«Қайрат» (Алматы) – «Жетісу» (Талдықорған)

Жаңа маусымның алғашқы ойыны оңтүстік астананың «Орталық стадионында» өтеді. Өткен маусымның чемпиондары «Қайрат» талдықорғандық «Жетісуды» қабылдайды. Жалпы қос тарап өзара 51 матч өткізіп, 31-інде алматылықтар басым түссе, 12 кездесу «Жетісудың» пайдасына шешілген. Ал сегіз ойын тең нәтижемен аяқталған. Соңғы бес матчта талдықорғандықтар тек бір мәрте «Қайраттан» айласын асырған. Ал «Орталық» стадионға қонаққа келген ақырғы бес кездесуде бір тең есепке ғана қол жеткізіпті. Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында екі клуб та жарытып өнер көрсетпегенімен, «Қайрат» бар күшін ішкі біріншілікке сақтап отырғаны белгілі. Ал талдықорғандықтар қиын-қыстау кезеңдерінде «Қайраттан» бір ұпай алса да, жеңіспен пара-пар болары сөзсіз. 40 жылдық тарихы бар клубтың тізгініндегі алғашқы матчында әлеуеті мықты қарсыласқа қарсы ойнау Ринат Алюетов үшін үлкен сынақ болмақ.

Ойынның бас төрешісі: Тимур Кумашев (Нұр-Сұлтан)

Басталатын уақыты: 15:00

«Атырау» (Атырау) – «Шахтер» (Қарағанды)

Өткен маусымда Бірінші лиганың В тобында бірінші орын алып, Премьер-лигаға қайта оралған атыраулықтар «Мұнайшыда» қарағандыдан келетін «кеншілерді» қабылдайды. Бірден статистикаға көшсек, қос тарап өзара 47 рет кездесіп, 19 ойында «Шахтер» жеңіс тойын тойласа, 15 рет «Атырау» жеңіске жеткен. Ал 13 матчта жеңімпаз анықталмаған екен. «Атырау» «Шахтерға» қарсы өз алаңында 2012 жылдан бері жеңілмей келеді. Жеті рет жеңіске жетсе, төрт мәрте тең ойнаған. Тағы бір қызығы, «кеншілер» Атыраудағы соңғы бес матчта бір голдан артық соға алмаған. Демек қарағандылықтар қағаз жүзінде бір бас басым болғанымен, «Мұнайшыда» оңай жеңіске жете салулары қиын болмақ. Бірақ бірнеше маңызды ойыншысын сақтап қалып, тағы бірнеше сапалы аяқдопшыларды алған Әли Әлиев мырза Атырауға жеңіс үшін ғана баратыны даусыз.

Ойынның бас төрешісі: Арман Ісмұратов (Нұр-Сұлтан)

Басталатын уақыты: 16:00

«Тұран» (Түркістан) – «Астана» (Нұр-Сұлтан)

Былтырғы маусымда Бірінші лиганың А тобында «Ақтөбеден» кейінгі екінші орынды алып, жаңа маусымда чемпионатта 14 команда болады деген соң және қыруар қаржыға салынған «Түркістан Арена» қаңырап қалмас үшін, Премьер-лигадан бір-ақ шыққан бұрынғы «Арыс», қазіргі «Тұран» су жаңа стадиондағы алғашқы матчын бірден анау-мынау емес алты дүркін ел чемпиондары елордалық «Астанаға» қарсы өткізеді. Ал «Астана» бұл стадионда Қазақстан Суперкубогі аясында екі кездесу өткізіп үлгерді. Қос тарап өзара бірде-бір рет ойнамапты. Бұл кездесу «Тұранның» жаңа стадиондағы алғашқы матчы ғана емес, адуынды «Астанаға» қарсы да тұңғыш ойыны болмақ. Қағаз жүзінде болсын, құрамы мен қаражаты жөнінен болсын ойынның фавориті саналатын елордалықтар Премьер-лиганың жаңа клубын қиналмай жеңуі әбден мүмкін. Және «Түркістан Аренада» ойнаған тәжірибелері де бар. Оның үстіне дәл осы алаңда Тихонов мырза алғашқы трофейін жеңуге бір табан жетпей қалып, есесі кеткен соң, енді осы бір алаңнан кезекті кубокқа деген алғашқы жорығын жеңіспен бастағысы келер хақ. Ал түркістандықтар аузын айға білеген ұжыммен тең ойнаса да бөрігін аспанға атары белгілі.

Ойынның бас төрешісі: Айдын Рахимбаев (Алматы)

Басталатын уақыты: 17:00

Ойындар Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте