ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Спортта саясатқа жол жоқ. Украина мен Ресей футзалдан араға 14 жыл салып кездеседі

Нидерланд жерінде өтіп жатқан футзалдан Еуропа чемпионатының 1/2 финалындағы Ресей мен Украина арасындағы матч қос құраманың соңғы 14 жылдағы алғашқы ойыны болмақ. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі командалардың осыған дейінгі кездесу тарихына үңіліп көрді және белгілі тұлғалардың пікірлерін жинады.

Украина

УЕФА 2014 жылдың шілдесінен бастап Ресей мен Украина құрамаларын, сондай-ақ осы елдердің намысын қорғайтын клубтарды барлық турнирлердің топтық кезеңдерінде кездестірмеуге шешім қабылдады. Не себепті екені тайға таңба басқандай белгілі…

Футзалдан ірі турнирлерде бұл командалар 2007 жылдан бері кездеспеген. Сол кезде ресейліктер Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде 4:1 есебімен жеңіске жетті; осыдан екі жыл (2005) бұрын 2:1 есебімен украиналықтардың асығы алшысынан түскен еді. 1996 жылы құрамалар екі матч өткізді, қос ойын да Ресейдің жеңісімен аяқталды. Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі ойын және Әлем чемпионатындағы үшінші орын үшін матч 3:2 есебімен ресейліктердің пайдасына шешілді.

Ресей мен Украина мини-футбол құрамалары арасындағы соңғы матч 2008 жылдың 28 қаңтарында өтті. Кездесу Екатеринбургте болып, алаң иелерінің жеңісімен (2:1) аяқталды. Кез келген халықаралық турнирлер және жолдастық кездесулерді ескеретін болсақ, қос құрама өзара 11 мәрте күш сынасып, тоғыз рет Ресей жеңіс тойын тойласа, Украина екі мәрте басым түскен.

Ресей

Ресей 2022 жылғы Еуропа чемпионатын С тобында Словакия, Хорватия һәм Польшамен бастап, үшеуін де сенімді түрде жеңіп, тоғыз ұпай жинап, бірінші орынмен шықты. Ширек финалда топтық кезеңде сенсация жасаған Грузияға түсіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті және Украинаның 1/2 финалдағы қарсыласы атанды.

Ал Украина доданы А тобында Португалия, Нидерланд және Сербиямен бастап, үш ойында бір ғана жеңіске жетіп, екі мәрте жеңіліп, Нидерландыға бірер секундтың жетпей қалуы себепті әупірімдеп жүріп топтан шықты. Ширек финалда Қазақстанмен кездесіп, ешкім күтпеген жеңіске (5:3) жетіп, футзалсүйер қауымға 14 жыл бойы аңсаған ойынды сыйламақ.

«Біздің саяси келіспеушіліктерімізге қарамастан, Ресей мен Украина матчы тек спорттық негізде өтуі керек. Біз басты назарды Украинаның қай тілде сөйлейтініне емес, ойынға қоюымыз керек. Футболшылардың бір-бірімен араласатынына және дос екеніне сенімдімін. Ешқандай саясат пен келіспеушілік болмауы қажет. Украиналық футболшылар да саясат жайлы емес, футбол туралы ойланады деп үміттенемін. Матч жанжалсыз өтеді деп сенемін. Екі елдің футболшылары футбол және жеңіс туралы ойланатынына сенімдімін»

Ресей Федерациясының депутаты Дмитрий Свищев

«Жартылай финалға Украинамен бірге шыққанымыз жақсы болды. Мен әрқашан Украинамен не үлкен футболдағы, не шағын футболдағы кездесуімізді күттім. Керемет ойын болады, мұндай текетіресті сағындым. Өмір бойы украиналық шағын болсын, үлкен болсын футболға қызығушылық таныттым. Шевченко, Маслов, Лобановский, Бышовецтің ойындарымен өстім. Сондықтан мен үшін мұның бәрі тамаша сезім. Мен спорттық матчты күтемін, мықтысы жеңіске жетсін, керемет ойын болады»

Белгілі комментатор Дмитрий Губерниев

«Бұл кездесудің саяси астарын жоққа шығаруға болмайды. Бізді бұрыннан екіге айырады. Осы Еуропа чемпионатында да жартылай финалдан бұрын кездеспеуіміз үшін екі топқа бөлді. Алдағы кездесудің басты қызығы – көптен бері бірге ойнамағанымыз. Бізді қиын ойын күтіп тұр. Украина – өліспей беріспейтін мықты команда»

Ресей мини-футбол қауымдастығының президенті Эмиль Алиев

Ал үлкен футболда Ресей мен Украина құрамаларының жолы соңғы рет 2000 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде түйіскен. 1998 жылы Киевтегі кездесуде ресейліктер 2:3 есебімен жеңіліс тапты. 1999 жылы Мәскеуде Ресей мен Украина тең (1:1) тарқасты.

Клубтық деңгейде УЕФА-ның турнирлерінде Ресей мен Украина командалары 2011 жылдан бері кездескен жоқ. 2011/12 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Рубин» киевтік «Динамоны» екі рет жеңді (2:0 – сырт алаңда, 2:1 – үйде). Сол маусымда петербургтік «Зенит» донецктік «Шахтермен» бір рет тең (2:2) ойнап, бір мәрте жеңіске (1:0) жетті.

Жалпы алғанда, Ресей клубтары УЕФА-ның турнирлерінде украиналық командаларға қарсы 21 матч өткізді. Олардың 12-сі ресейліктердің пайдасына шешілсе, екі кездесу тең аяқталып, жеті ойында украиналықтар басым түскен.

Ресей – Украина

Енді шағын футболға оралсақ, Ресей мен Украина арасындағы жартылай финалдық ойын 4 ақпан күні Амстердамда өтеді. Матч елорда уақытымен 22:00-де басталады және «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал екінші 1/2 финалдық жұпта Португалия мен Испания кім мықтыны анықтайды. Ойын 5 ақпанға қараған түні 01:00-де бастауын алады.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте