ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Рекорд жаңарған Азия чемпионаты. Волосенконың Олимпиадаға деген үміті

Жақында бокстан Дубайда өткен Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасының тарихи 8 алтынға қол жеткізгені белгілі. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі Бек Төлеуов құрлық біріншілігіне қатысты статистикалық деректерге назарып көрді. Сонымен қатар алтын алтын қыздарды әуежайдан күтіп алып, пікірлерін сұрап білді.

Бокстан әйелдер ұлттық құрамасы

Дубайдан 8 алтын

Биыл құрлық біріншілігіне, Қытай, Оңтүстік және Корея, Тайпей, Жапония, Таиланд, Вьетнам секілді Азияның үздіктері келмепті. Сондықтан Қазақстан, Үндістан, Өзбекстан өзара негзігі жүлделері сарапқа салды.

Он салмақта өнер көрсеткен қыздардың тоғызы финалға шықты. Тек 75 келідегі Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Марина Вольнова үшінші орынды қанағат тұтты.

Сонымен Ерік Алғабек баптайтын құрамадан финалда алдымен ринг төріне 48 келідегі Алуа Балқыбекова көтерілді. Отандасымыз финалда өзбекстандық Гуласал Султоналиевадан басым түсіп, осыдан екі жыл бұрынғы есесін қайтарды. Естеріңізде болса, 2019 жылы Улан-Удеде (Ресей) өткен әлем чемпионатында Алуа дәл осы өзбек қызынан ұтылып, жарыстан шығып қалған болатын.

Одан 51 келіде жұдырықтасқан Назым Қызайбай Үндістанның атақты боксшысы Мэри Комнан басым түсті. Кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Мэри Комның жасы 38-де.

Алуа мен Назымнан бөлек, құрлық біріншілігінде Дина Жоламан (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Валентина Хальзова (69 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ляззат Күнгейбаева (+81 келі) өз салмақ дәрежелерінде топ жарды. Финалда өзбек қызынан ұтылған Владислава Кухта (57 келі) күміс жүлдегер атанды.

Римма Волосенко

Командалық есепте Қазақстан құрамасының қыздары араға он бір жыл салып, бірінші орынға ие болды. Соңғы рет 2010 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында біздің қыздар 4 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен командалық есепте үздік шыққан еді.

Қазақстан Азия чемпионатының тарихындағы рекордты жаңартып отыр. Бұған дейін құрлық біріншілігінде ең көп алтын 2005 жылы Үндістанға бұйырған. Ол кезде олар 12 салмақтың жетеуінде топ жарған.

Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

48 келі

1. Алуа Балқыбекова (Қазақстан);

2. Гуласал Султоналиева (Өзбекстан);

3. Джози Габуко (Филиппин), Моника (Үндістан);

51 келі

1. Назым Қызайбай (Қазақстан);

2. Мэри Ком (Үндістан);

3. Луцаихан Алтанцэцэг (Моңғолия), Надика Пушпакумари (Шри-Ланка);

54 келі

1. Дина Жоламан (Қазақстан);

2. Ситора Шогдарова (Өзбекстан);

3. Сакши Чаудхари (Үндістан), М.Эрденедаладжин (Моңғолия);

57 келі

1. Ситора Тұрдыбекова (Өзбекстан);

2. Владислава Кухта (Қазақстан);

3. Миджгона Самадова (Тәжікстан), Джасмин (Үндістан);

60 келі

1. Римма Волосенко (Қазақстан);

2.Хусватун Хасана (Индонезия);

3. Шоира Зулкайнарова (Тәжікстан), Симранджит Каур (Үндістан);

64 келі

1. МиланаСафронова (Қазақстан);

2. Лалбуатсаихи (Үндістан);

3. Мохинабону Абдуллаева (Өзбекстан), Нура Әл-Мутаири (Кувейт);

69 келі

1. Валентина Хальзова (Қазақстан);

2. Навбахор Хамидова (Өзбекстан);

3. Ловлина Боргохайн (Үндістан);

75 келі

1. Пуджа Рани (Үндістан);

2. Мавлюда Мавлонова (Өзбекстан);

3. Марина Вольнова (Қазақстан), М.Монхбатун (Моңғолия);

81 келі

1. Фариза Шолтай (Қазақстан);

2. Сохиба Рузметова (Өзбекстан);

3. Савити Бура (Үндістан);

+81 келі

1. Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан);

2. Анупама (Үндістан);

3. Мохира Абдуллаева (Өзбекстан), Ханан Аль-Зейуди (БАӘ);

Командалық есеп

1.Қазақстан – 8 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль;

2.Өзбекстан – 1 алтын, 5 күміс, 2 қола медаль;

3.Үндістан – 1 алтын, 3 күміс, 6 қола медаль;

Қыздардан ең көп алтын алған мемлекеттер:⠀

2001 жыл. Солтүстік Корея – 5 алтын.⠀

2003 жыл: Солтүстік Корея – 6 алтын.⠀

2005 жыл: Үндістан – 7 алтын (12 салмақтан)⠀

2008 жыл: Қытай – 6 алтын.⠀

2010 жыл: Қазақстан – 4 алтын.⠀

2012 жыл: Қытай – 5 алтын.⠀

2015 жыл: Қытай – 6 алтын.⠀

2018 жыл: Қытай –4 алтын.⠀

2019 жыл: Қытай – 6 алтын.

20 жылдағы көрсеткіш

Азия чемпионатының арғы-бергі тарихына көз жүгіртсек, 2001 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан жарыста қазақстандықтар жалпы саны 40 медальға ие болды. оның 14-і алтын, 6-ы күміс, 20-ы қола медаль.

Ең көп медаль алған елдердің алғашқы тізімінде Қытай (33 алтын, 17 күміс, 15 қола), Үндістан (22 алтын, 26 күміс, 35 қола), Солтүстік Корея (22 алтын, 18 күміс, 13 қола) елдері тұр. Дубайда 1 алтын, 5 күміс, 2 қола медаль алған өзбекстандық бойжеткендер бұл көр- сеткіш бойынша 8-орынға көтерілді. Олардың еншісінде 2 алтын, 7 күміс, 9 қола медаль.

Қыздар арасында Азия чемпионаты алғаш рет 2001 жылы Таиландтың Бангкок қаласында ұйымдастырылды. Қазақстан құрамасы алғашқы үш Азия чемпионатына бармады. Тек 2008 жылдан бері ғана тұрақты қатысып келеді. Үндістанның Гувахати қаласында өткен құрлық біріншілігінде қыздарымыз 1 күміс, 3 қола медальмен командалық есепте 5-орынға ие болды.

2010 жылдың көктемінде Азияның ең мықты деген боксшы қыздары Астанаға жиналды. Елімізде бірінші рет өткен қыздар сайысында 4 бірдей бойжеткеніміз Азия чемпионы деген атқа ие болды. Бұдан бөлек, тағы төрт қызымыз 1 күміс, 3 қола медаль алды.

Араға екі жыл салып, Азия чемпионаты Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында ұйымдастырылды. Өкінішке қарай, бұл жолы біздің қыздар жеңіс тұғырынан көріне алмады. Нәтиже – 2 күміс, 2 қола медаль.

2015 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатында қыздарымыз 1 алтын, 3 қола медальмен командалық есепте үздік үштікке кірді.

2017 жылы Хошиминде (Вьетнам) алты бірдей боксшымыз жартылай финалға шыққанымен, соның екеуін ғана финалдан көрдік. Қалғаны қола жүлдені қанағат тұтты.

Финалды нокаутпен жеңу үшін көп дайындалдым – Римма Волосенко

Алтын алғандардың бірі – 60 келідегі Римма Волосенко. Ол финалда индонезиялық Хусватун Хасанды бірінші раундта екі рет нокдаунға жіберді. Осыдан соң төрешілер жекпе-жекті уақытынан бұрын тоқтатқан.

– Римма финалда қарсыласынды нокаутқа түсірдің. Бұл өзі қалай болды?

– Мен осылай әдемі жеңуге көп жұмыс істедім. Финалда қарсыласымды нокаутпен жеңуге мүмкіндік болды. Соны пайдаландым.

– Жалпы, Азия чемпионантыннан алған әсерінді айтып кетсең?

– Чемпионат сәтті өтті. Дубай құрлық біріншілігіне жақсы дайындалыпты. Көптен бері Азия чемпионатында топ жарсам деп жүр едім. Сол мақсатым биыл жүзеге асты. Қуаныштымын.

– Қай қарсыласты ерекше атар едің?

– Екінші жекпе-жегімді айтар едім ( жартылай финалда үндістандық Симраджит Каурды жеңген - тілші). Бұл кездесу маған психологиялық тұрғыдан қиынға соқты. Бұған дейін екеуіміз екі рет жолыққанбыз. Есеп - 1:1 еді. Осы жолы жеңіп, жалпы есепте алға шықтым.

– Енді жоспар қандай?

– Әріқарай жарыстарға дайындала береміз. Сонымен қатар Азия чемпионатында жіберген қателіктермен жұмыс істейміз. Жеңімпаз атанғаныммен әлі де кемшіліктер бар.

– Қыздар арасындағы 60 келі салмақ Олимпиада бағдарламасына қосылған. Токиоға жолдама неге бұйырмады?

– Былтыр Иордания астанасы Аммандв өткен іріктеуде жеңіліп қалдым. Одан кейін пандемия байланысты біразға дейін жарыстар болмады. Енді биыл іріктеу кезеңдерін тоқтатты. Әлі де Олимпиадаға қатысып қалам ба деген үмітім бар. Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімін күтеміз.

– Елорданың спорт басқармасын басшылық Берік Маржықпаев жеке бапкеріңіз екенін білетінмін. Қазір бапкер ауыстырмадыңыз ба?

– Менің жеке бапкерім – Берік Маржықпаев. Ол кісіге алғысым шексіз. Осы дәрежеге жетуіме көп еңбегін сіңірді. Азия чемпионатына да өзі дайындады.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте