ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Порье, Гэтжи немесе Фергюссон. Хабиб Нурмагомедовтің чемпиондық белбеуі кімге бұйырады?

UFC ұйымында жеңіл салмақтағы жағдай түсініксіз болып тұр. Дәл қазір бұл салмақтың чемпионы Хабиб Нурмагомедов. Бірақ дағыстандық спортшы карьерасын аяқтады. Енді бұл салмақта чемпион кім болады? Бұл материалымызда осы тақырыпты талқылап көрейік.

Хабибтің уәдесі

Өткен жылдың қазан айының соңында Нурмагомедов Абу-Даби қаласында америкалық Джастин Гэтджимен кездесіп, оңай жеңді. Осылайша Хабиб үшінші рет чемпиондық белбеуін қорғады. “Жауынгерлер аралындағы” жекпе-жектен кейін ресейлік спортшы октоганның ортасында тұрып, карьерасын аяқтайтынын айтты.

«Карьерамды аяқтайтынымды хабарлаймын. Мен анама уәде бердім. Бұл менің аралас жекпе-жектегі соңғы айқасым. Бір ғана нәрсені қалаймын. Мені PVP рейтингінде бірінші орынға көтеріңіздер. Мен бірінші орынға лайықтымын. 29-0. Мұндай көрсеткішке емкім қол жеткізе алмады. Ұйымның басшыларына рақмет айтқым келеді. Бірақ мен осы жерден тоқтаймын», - деді спортшы.

Осы кездесуден кейін ол Джон Джонсты екінші сатыға түсіріп, PVP рейтингінде бірінші орында көтерілді. Ал бұл Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовсіз өткізген бірінші кездесуі еді. Даңқты бапкер шілде айында бақилық болды.

Осы кездесуден кейін расында Хабиб аралас жекпе-жектен кеткен сияқты. Ол EFC деген промоушенді сатып алып, сол жерде жекпе-жектер ұйымдастыруда.

30-0 Хабибке керек емес

Хабибтің отоганда айтқан сөзіне ешкім сенбеді. Тіпті ұйымның президенті Дана Уайт та. Уайт мырза спортшымен кездесіп, әңгімелестінін айтты.

Гетджимен болған кездесуде Хабиб үшін аралас жекпе-жектегі 29 жеңісі Бірақ Абдулманап Нурмагомедовтің арманы 30-0 еді. Бапкер осы межеге жеткен соң баласы карьерасын аяқтайтынын туралы бірнеше рет айтты. Алайда бұл көрсеткіш Хабибке керек емес.

Араға біраз уақыт салып ол Абу-Дабиде Уайтпен кездесті. Бұл әңгіме ұзаққа созылмады. Оның қорытындысы бойынша ештеме де шешілмеді. Дана тек жеке мәселелері туралы әңгімелескенін айтып, құтылып кетті.

Гэтджимен кездесуден кейін Нурмагомедовтің агенті Али Абдель-Азиз де бірнеше мәлімдеме жасады. Соңғысында ол - “Бұл жігіт қайта оралмайды”, - деп кесіп айтты.

Ал Нурмагомедовтің өзі болса “Анама берген уәдем бар. Маған 30-0 көрсеткіші қызық емес. Оның үстіне қазір маған лайықты қарсылас жоқ. Сондықтан басқа жігіттер белбеуді сарапқа сала берсін. Мен чемпиондықты босатамын”, - деді.

Чемпиондық белбеуге кімдер үмітті?

Нурмагомедов қайта оралмайды. Тіпті Жорж Сен-Пьермен кездесу үшін де. Қанша жерден Дана Уайт ресейліктің жағдайын жасағанымен, Хабиб сөзінен тайқып кетпейтін секілді.

Енді жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу басқа спортшыға берілу керек. Мәселе осында болып. Белбеу кімге бұйырады. Қазір оны ешкім білмейді. Басты үміткерлері бірі - Конор МакГрегор еді. Алайда ирландиялық спортшы соңғы кездесуінде Дастин Порьеден күтпеген жерден жеңіліп қалды. Осы кездесуден кейін америкалық спортшы жеңіл салмақтың рейтингінде бірінші орынға шықты. Басты үміткер де осы жігіт.

Рейтингтің екінші сатысында Джастин Гэтджи тұр. Ол бірақ Хабибтен жеңіліп, жағдайын шамалы қиындатып алды.

Үшінші сатыда бразилиялық Чарльз Олиивиера. Чемпиондық белбеуге осы жігіт басты үміткер. Соңғы 9 кездесуінде қатарынан жеңіске жетті. Жалпы 38 кездесу өткізіп, 30 айқасында жеңіске жетті. Соңғы кездесуін Тони Фергюссонға қарсы өткізіп, оңай жеңіске жетті. Майкл Ченлдер мен Рафаэль Дос Аньостардың мүмкіндіктері бар.

Енді алдағы уақыттағы бұл салмақтағы жағдай былай болуы мүмкін. Ұйым басшылары плей-офф жүйесіне жүгінетін сияқты. Ол бойынша, рейтингте бірінші және үшінші, екінші және төртінші тұрған жігіттер кездесу өткізеді. Қай жеңгендері белбеуді сарапқа салады.

Бірақ, әзірше UFC басшылары жеңіл салмаққа байланысты ешқандай жаңалық айтпай жатыр. Хабибтің соңғы сөзін күтіп жатқаны түсінікті. Ал Уайттың арманы Конор мен Хабиб арасындағы кездесу ұйымдастыру.

Конор мен Фергюссонның жағдайлары белгісіз. Уайт бұл жігіттерді чемпиондық белбеуге шығарайын десе, рейтингтері жетпейді. Ал басқа жігіттер бұл екеуі сияқты рейтинг пен табыс әкелмейді. Жалпы қазір жағдай шиеленісіп тұр. Жылдың ортасына дейін Данаға нақты жоспар құру керек. Сол кезде де біз чемпиондық белбеуге кім таласатынын нақты білеміз. Ал қазіргі таңда жеңіл салмақта басты фаворит - Дастин Порье.

Уәлихан Қосанбай

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте