ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Павлодар футболын шымкенттіктер көтермекші. Премьер-лига дебютанты «Ақсудан» не күтеміз?

Араға бір жарым жыл салып,Қазақстан премьер-лигасында Павлодар облысының командасы өнер көрсетпек.Ендеше, жаңа маусымның дебютанты «Ақсу» мүмкіндігі туралы Meta-ratings.kz тілшісінің шолуын ұсынамыз.

Ақсу

Ақсу қаласы Павлодардан 50 шақырым жерде орналасқан. 60 жылдық тарихы барқаланың футбол командасы 2018 жылы құрылған. Аз уақыттың ішінде клуб жоғарытабыстарға жетіп үлгерді. Алдымен, 2020 жылы екінші лигада топ жарса, былтырбірінші лигада жеңіске жетті. Өткен маусымда Павлодардан премьер-лигада ешкімболмады. Биыл Кереку жанкүйерлері «Ақсуды» қолдауға мүмкіндіктері бар.

Премьер-лигадағы бәсекелестік, талап мүлдем басқа. Сондықтан жаңа маусымғадайындық кезінде біраз өзгерістер жасалып жатыр. Әуелде командаға Павлодарменкөршілес Омбы облысында тұратын испаниялық Альберто Риера жаттықтырушы боладыдеген сыбыс тараған. «Манчестер Сити», «Ливерпуль» командаларында өнеркөрсеткен 39 жастағы маманмен келіссөз жүргізілгені жасырын емес. Бірақ ортақмәмілеге келе алмады. Сөйтіп, украиналық Руслан Костышин тағайындалды.

Ұзақ жыл «Днепр» сапында футболшы болған Костышин соңғы 8 жылда бапкерліккеойысқан. Ол 2014 жылы «Колос» командасының тізгінін ұстады. Киев облысыныңәуесқой лигасында ойнап жүрген ұжымды кәсіпқой деңгейге дейін көтерді.

Костышин

Мысалы, былтырУкраина премьер-лигасында «Колос» төртінші орын алды. Тамыз айында Конференциялигасында Қарағандының «Шахтерімен» жолыққан. Екі матчта 0:0 есебімен аяқталып,жеңімпаз тек пенальти сериясында анықталды. Арада 1 ай өткенде ол «Колостан»кетті. Енді, міне, «Ақсудың» бас бапкері атанды.

ОғанВиктор Ульяницкий, Владимир Аржанов Андрей Федоренкокөмектеседі. Үшеуі де отандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ульяницкий 2004 жылы«Ақжайықта» ойнаған. Ал 2016 жылы «Таразда» Юрий Максимовтың көмекшісіболған.

Кейіннен «Алтайдың»спорттық директоры қызметін атқарған. Владимир Аржанов болса, «Атырау»,«Қайсар» командаларында ойнаған. Андрей Федоренко қақпашылардың дайындығынажауап бермек. Ол да «Атырауда» өнер көрсеткен.

Бапкерлер

РусланКостышинмен келісімшарт жыл соңына дейін жасалған. Ол «Колос» пен«Ақсудағы» жалақысы бірдей екенін айтып отыр.

Алғашқы кезекте футболшылардың тізімімен танысып шықтым. Мен ойыншылардың есімін айтқанды құп көремін. Әзірге қазақша есімдерді жаттап алу қиындау болып жатыр. Команда өте жас. Көп жұмыс істеу керек. Егер команда құрамында 11 қазақстандық ойнап жатса, керемет. Ал Павлодар облысының түлектері болса тіптен көңілден шығар еді. Бірақ біздің алдымызға қойылған тапсырма бар. Ойыншылардың шама-шарқын оқу-жаттығу жиындары кезінде байқап көреміз, ­- деді украиналық бапкер Irbistv.kz арнасына берген сұхбатында.

«Ақсудың» басшылыққұрамы да өзгерді. Қаңтар айының басында атқарушы директоры болып, Қазақстанкәсіпқой лигасында жүрген Ренат Сууров тағайындалды.

Сууров

«Бұл жігіт 10 жыл бұрын «Восток» клубының трибунасында жүрген. Командаға жанкүйер болып, сырт алаңда қолдап жүрді. Кейін баспасөз қызметіне көмектесті. Сосын ФИФА-ның TMS бағдарламасы арқылы білім алып, жаңа қызметке тағайындалды. Яғни футболшыларды тіркеу, трансфер жұмыстарымен айналысты. Кейін Қазақстан кәсіпқой лигасына ауысты. Қазір «Восток» жоқ. Есесіне, осы клубтың жанкүйері өз жолын тапты», - деп жазды журналист Айдын Қожахмет Telegram-дағы парақшасында.

Ал Павлодароблысының футболына дамуына өз үлесін қосқан 40 жастағы Владислав Чернышовспорттық директор болды. Бішкек футболының түлегі 2003 жылдан бері Керекуөңірінде жүр. «Ертіспен» екі рет чемпионы атанған. Ол соңғы жылдары осы «Ақсу»сапында да доп тепкен.

Чернышов

Команда осы күніТүркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бас бапкер жаңа ойыншыларды шақырып,құрамды күшейту жағын пысықтауға көшті. Жақында Қазақстан футболында танымалекі ойыншы «Ақсу» жейдесін киді.

Атап айтсақ, 31 жастағы қорғаушы Ғафуржан Сүйімбаев пен 27 жастағыжартылай қорғаушы Еркебұлан Тұңғышбаев екеуі алдағы маусымды Керекуде өткізеді.

Былтыр«Қайраттың» капитаны болған Сүйімбаев Алматы командасынан кету туралы шешім қабылдаған болатын. 31 жастағықорғаушы тізесіндегі жарақатына байланысты өткен маусымның екінші жартысындаалаңға шықпады. Сондықтан ол Құрбан Бердыевтың сенімді серігіне айнала алмады.Оның үстіне, биыл жаңа келісімшарт ұсынбаған.

Сүйімбаев

ГафуржанСүйімбаев «Қайратқа» 2016 жылы ауысқан. Осы аралықта 149 матч өткізіп, 12 голсоққан (24 нәтижелі пасы бар).

Екіншісі, жартылай қорғаушы Еркебұлан Тұңғышбаев.Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы. Бұған дейін Тұңғышбаев «Тұранның»оқу-жаттығу жиынына қатысқан болатын.

ЕркебұланТұңғышбаев «Ордабасының» түлегі. 2014 жылы ол премьер-лигада дебют жасады.Былтырғы маусымда олШымкент клубысапында 19 матч өткізіп, 4 гол соққан. Бірақ жарақатына байланысты маусымайынан қазан айының ортасына дейін алаңға шықпады.

Еркебұлан2019-2020 жылдар аралығында Алматының «Қайратының» намысын қорғап, мансабындаалғаш рет Қазақстан чемпионы атанды. Ол Қазақстан премьер-лигасында бас-аяғы182 матч өткізіп, 25 гол соқты және 18 нәтижелі пас берді.

Тұңғышбаев

Сондай-ақ 27жастағы футболшы Қазақстан құрамасы жейдесінде 12 матч өткізіп, 1 гол соққан.

Шетелдік ойыншылардан 32 жастағы ресейлік орталық қорғаушы Али Гаджибековпенкелісімшартқа отырды.

АлиДағыстан футбол мектебінің түлегі. 2006 жылы бірінші дивизионда «Анжидің»намысын қорғады. Ресейпремьер-лигасында Гаджибеков алғашқы ойынын 2010 жылдың 4 шілдесінде өткізген.

Сондай-ақ Али «Крылья Советов», «Енисей», «НижнийНовгород» және «Чайка» сияқты клубтарда доп тепті. Ал соңғы жылдары ФНЛ-2-деөнер көрсететін махачкалалық «Легион Динамода» ойнаған.

Гаджибеков

Былтыр Қарағандының «Шахтер» сапында бақ сынаған ресейлікМихаилБакаев та «Ақсудың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келді. Айтпақшы,македониялық шабуылшы Самир Фазли де сынақтан өтуге келді.

Айтпақшы,Костышин өзіне жақсы таныс ойыншылардың алғашқысын әкеліп үлгерді. Былтыр«Колостың» қақпашысы болған 22 жастағы Евгений Кучеренко алдағы маусымда«Ақсудың» намысын қорғайды.

Кучеренко

«Ақсудың» алғашқы оқу-жаттығу жиындарындағы қарсыластары:

26 қаңтар. «Ақсу» – «Колубара» (Сербия) – 1:0

Гол: Арман Смайылов

30 қаңтар. «Ульпана» (Косово)

31 қаңтар. «Волгарь» (Ресей).

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте