«Ойыншыларды жайдан-жай шақырмаймын». Адиев - ұлттық құраманың нәтижесі мен Бауыржан Исламхан жайлы

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев YouTube-тағы Nursultan Qurman арнасына берген сұхбатында команданың Ұлттар лигасындағы нәтижесі жайлы пікір білдіріп, әр ойыншыға жеке-жеке тоқталып өтті.

Адиев

— Сіз үшін киім ауыстыратын бөлмедегі жағдай өте маңызды. Лезгинка билеп, жігерлендіретін сөздер айттыңыз. Ол жерде Сіз бірінші кезекте неге назар аударасыз?

— Би туралы және менің сөздерім жайлы дұрыс айттыңыз. Мен баспасөз хатшысымен сөйлесемін, ол киім ауыстыратын бөлмедегі жағдайды сыртқа шығармау қажет. Мен үшін мұндағы жағдай өте маңызды. Мұны бұған дейін жұмыс істеген клубтарымда үнемі айтатынмын, өйткені ойыншылармен ортақ тіл табысып, мінезінің қандай екенін түсініп алу керек. Егер бұл жаттықтырушының қолынан келсе, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады. Олай жасай алмаса, қиындықтар пайда болады. Сондықтан, ең алдымен, футболшылармен жеке әңгімелер үнемі жүргізілуі керек. Әсіресе, ұлттық құрамада уақыттың аз болатынын ескерсек. Финалдық турды кейінге қалдырғаны үшін федерация президентіне тағы да алғыс айтамын. Ойындарды ауыстырмағанда, ұлттық құраманың дайындығына небәрі төрт-бес күн ғана қалатын еді. Мен жаңа жаттықтырушымын, сондықтан басында ойыншыларға жаңа талаптарды түсіндіру қиын болады. Соңғы турдағы ойындарды кейінге шегергендіктен бізде 8-9 күн бойы жаттығатын мүмкіндік пайда болды. Күніне екі реттен жаттыға бастадық. Бірақ ең бастысы жігіттермен сөйлесіп, жақыннан тани бастадым. Біздің алғашқы жаттығуларымыз сәтті бола қойған жоқ. Мен бұл үшін қатты уайымдадым, жігіттерге үнемі тынышталу керек екенін айттым, себебі олардан біраз ауыртпалықты түсіруге тырыстым. Бірақ екі-үш күннен кейін бәрі өз орнына келді.

— Киім ауыстыратын бөлмеде Елдос Ахметовті ерекше атап өттіңіз.

— Командада 24 ойыншы мен 3 қақпашы болды. Әр тур сайын төрт ойыншыға «сен бүгінгі матчқа қатыспайсың» деп айтуға тура келеді. Мен бапкерлік штабтағы мамандарға бұл футболшылардың есімін бердім. Олар аты аталған ойыншылармен жеке сөйлесті. Бірінші кезекте олардың мұны қалай қабылдағаны маңызды болды. Елдос – командадағы көшбасшылардың бірі, өте көңілді жігіт. Әрдайым жігіттерге көмектесіп жүрді. Оның «ойынға қатыспадым» деп  ренжігенін ешқашан көрген емеспін. Осындай ойыншылардың командада болғаны өте маңызды.

Абат

— Абаттың бұлай ойнауына не себеп болды? Ол соңғы жылдары негізгі құрамға ілікпей жүрген еді Ал қазір көзге түсіп, гол соға бастады. Сіз оған не дедіңіз?

— Мен Абатқа біраз нәрсе айта аламын, бірақ оның мұны қалай қабылдағаны маңызды. Менің ойымша, ол өте сапалы футболшы. Өз аяғында нық тұра алатын мығым шабуылшы. Оларға әр ойын сайын: «Жігіттер, бүгін біз тағы да көп жүгіруіміз керек» деп айттым. Допсыз ойнай білу өте маңызды, мен бұған көп көңіл бөлемін. Бұл «қара» жұмыс болып саналады, сондықтан шыдамды болу қажет. Ал Абатта бұл қасиет бар. Әр ойынның алдында оның жағдайын сұрадым, ол: «Мұсаұлы, менде бәрі жақсы!» деп жауап берді. Оған орталық қорғаушыларға қысым жасап, көп қозғалу керектігін айттым.

Байтана

— Бауыржан Байтана тек бір ойынға қатысты. Оны қыркүйекте тағы шақырасыз ба?

— Ұлттық құрамағы Қасым, Щеткин секілді футболшылар шақырту алды. Бірақ ойын алдында құрамды қысқартуға тура келді. Бұл туралы ойыншыларға жеткізу мен үшін қиын болды. Олар да мұны әртүрлі қабылдауы мүмкін. Байтананың да соңғы ойындарға қатыспауы менің проблемам болып табылады. Матчқа жоспар құрған кезде қарсыластың ойынына, командамдағы ойыншылардың қарым-қабілетіне қараймын. Байтананы үзілісте алмастырған соң, ойынымыз жақсарып, жеңіске жеттік. Бас бапкер әрдайым нәтиже көрсеткен ойыншыны пайдаланғысы келеді. Әрине, мен барлығына сенемін. Ұлттық құраманың тізімін жасар алдында футболшылардың ойынына, формасына назар аударамын.

Астанов

— Эльхан Астанов пен Рамазан Оразовтың ойыны жайлы не айтасыз?

— Екеуі де бұл кезеңді жақсы өткізді. Астановпен алғаш рет әуежайда кездескен едім. Мен Таразға ұшып бардым, ал «Ордабасы» сол кезде Шымкентке кетіп бара жатқан еді. Команданың бірнеше ойыншысы менімен амандасуға келді. Сол кезде олардан Астановты шақыруын өтіндім. Онымен сол жерде жеке сөйлестім. Оған: «Эля сенің ойыныңды бақылап жүрмін, сенің бойыңда маған қажетті қасиеттер бар. Сенен бір ғана нәрсені талап етемін. Сені жаттығу жиынына шақырамын. Үш-төрт күн ішінде өзіңді көрсетіп, үлкен ойындарға дайын екеніңді дәлелдеуің керек. Егер дайын болсаң, командада ойнайсың» дедім. Ол басын изеп, бұл сынаққа дайын екенін  айтты. Менің ойымша, Эля бапкерлік шатбтың үмітін ақтады.

Оразовпен ресейлік клубта да жұмыс істегенмін. Ол мансабында үлкен қадам жасады. Әлеуетінің бар екені әрқашан байқалып тұратын. Бірақ сол кездері деңгейін көтере алмады. Бірақ қазіргі жағдай басқаша. Ол көп нәрсені қалайды. Мен оған бір уыс нан берсем, ол екеуін сұрайды. Қазір оның даму процессі жақсы жүруде.

— Алаң ортасындағы өзгерістер жайлы сөйлессек. Тағыберген, Дарабаев ойнады, алдағы уақытта Зайнутдинов қосылады.

— Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде берген алғашқы сұхбатымда алаң ортасында белгілі бір мәселелердің бар екенін айтқан едім. Бұл өткізген төрт ойында да байқалды. Аз ойнап жүрген Қуатты шақырдық, ал негізгі ойыншылардан Асхат пен Аслан ғана бар. Исламбек алғашқы ойынға қатыспады, бірақ ол біз үшін маңызды ойыншы, оны қалай пайдалану керектігін жақсы білемін. Бірінші ойыннан кейін Асхат жарақат алып қалды. Алаң ортасында ойнайтын Қуат пен Аслан ғана қалды. Және қосалқы құрамнан шығып, олардың орнын жоқтатпайтын Самат Жарынбетов болды. Көп адамдар Беларусьпен болған ойында ауысымның дұрыс болмағанын айтуда. Бірақ бұл әрекетімнің астарында мән-мағына болды. Асланды матч соңына дейін ойнатуыма болар еді. Бірақ екі күннен кейін Словакиямен болатын ойынды ескеріп, оның күшін сақтап қалғым келді. Соңғы матчта Ерлановты тіреуіш жартылай қорғаушы ретінде пайдаландық. Себебі алаң ортасында біраз мәселе болды.

Қуат

— Бірінші лигада ойнап жүрген Қуат негізгі құрамда шығып, капитан болды. Бұл Сіздің шешіміңіз бе?

— Әрине, оны капитан ету менің шешімім болды. Бұл туралы федерация президентіне де айттым. Ол кісі мені қолдады. Кеңейтілген тізімді жасамас бұрын Қуатпен сөйлескен едім. Оған хабарласып: «Ұлттық құрамаға кел, сенімен танысқым келеді» деп айттым. Ол «Астана» клубында болған жағдайды айтып берді. Бар бәлені командаға жаппай, өзінің де кінәлі екенін мойындады. Сол кезде оны қолдау керектігін түсіндім. Есесіне, ол менің үмітімді ақтады.

— Қорғаушылардың ойынына ризасыз ба?

— Тізімде алты қорғаушымыз болғанымен, үшеуіне толық сенім арттық. Елдос Әзербайжанмен болған ойында негізгі құрамда шықты. Бірақ 2:0 есебімен жеңіп жатқанда белгілі бір мәселелердің туындағанын байқадым. Сондықтан алаңға Малыйды шығардым. Оның тәжірибесі мол. Шыға салып, ойынды тыныштандырды. Словакиямен болған ойында да жақсы ойнап, қақпамызға гол жібермедік. Мен жай ғана олардың тәжірибесіне сенім арттым. Марочкин мен Малыйдың тәжірибесі мол, Әліп жоғары жылдамдыққа ие, допқа күрес кезінде жеңіле қоймайды. Нұралы әр ойын сайын өсіп келеді. Киім ауыстыратын бөлмеде ҚФФ президентінің басын сүйді. Бұл, әрине, жақсы. Себебі эмоция деген нәрсе сыртқа шығып тұруы керек.

Әліп

— Лезгинканы әр ойыннан кейін билейсіз бе?

— Жоқ. Мен бұл видеоны қайта көргім келмейді. Осыдан кейін достарым хабарласып, видеоның Грозныйда тарап жатқанын айтты. Олардан: «Бұл әрекетім ұят болмады ма?» деп сұрадым. Олар маған: «Сен өміріңде лезгинка билемеген адамсың ғой» деп жауап берді. Мен бұл пікірмен келісемін (күліп).

— Бауыржан Исламхан туралы жанкүйердің сұрағын қояйын. Сіз оны білетін шығарсыз. Ол біздің командаға керек пе? Қазір бабында емес, бірақ күзде футболға қайта оралады. Сіз оны бақыладыңыз ба?

— Ол туралы естідім. Көбісі бұл футболшыны мақтайды. Бірақ қазір менің оны бақылай алмайтыным белгілі. Менің білуімше, Бауыржан әлі командамен бірге жаттыға алмайды. Футболшыларға ұлттық құраманың есігін жаппаймын, өйткені ұлттық құрама жейдесін киіп, елдің намысын қорғау олар үшін мансабының шыңы болып есептеледі. Сондықтан мен үнемі: «Өзіңді көрсетіп, командаға қажет екендігіңді дәлелдесең, командаға шақыруға дайынмын» деп айтамын. Бірақ ұлттық құрамаға ойыншыларды жайдан-жай шақырмаймын. Тіпті маған жақын адам болса да.

Исламхан

— Жоао Паулоны ұлттық құрамаға қосу ойыңызда бар ма?

— Мен Қазақстанның төлқұжатына ие ойыншыларды ғана қарастырамын. Жоао ойыншы ретінде ұнайды. Оның жақсы қасиеттері бар.

Меркельде азаматтыққа немесе визаға қатысты мәселелер бар. Оған терең үңілгім келмеді. Мен ойыншыларды ұлттық құрамаға шақыру үшін жалынғым келмейді. Алдағы  уақытта да олай жасамаймын. Футболшының өзі мұны қалап тұру қажет.

Мына ойыншыны неге шақырмадыңыз деп сұрап жатады. Есімін айтпай-ақ қояйын, бірақ ол кезінде ұлттық құрама жайлы жағымсыз нәрселер айтқан. Жеке өзім естімедім, бірақ маған мұны көрсетті. Сондықтан ол ойыншы маған керек емес. Адам ең алдымен өз елін құрметтеуі керек.

Александр Зуевті ойыншы ретінде білемін. Бірақ оның азаматтығы жоқ.

— Марат Быстров пен Сіздің араңызда кикілжің туындады. Не болды және оны болашақта шақырасыз ба?

— Бұл маған емес, өзіне байланысты. Кейде футболшыларға: «Менде белгілі мөлшерде тәттілер бар. Мұны сендерге таратпақпын, бірақ жайдан-жай бергім келмейді, тәттіні менен тартып алуың керек» деп айтатынмын. Быстров жақсы ойнаса, әрине, командаға шақырамын. Мен жаттықтырушымын және кез келген ойыншыдан жақсы дүние шығаруым керек.

— Жанкүйерлердің қолдауы жайлы не айтасыз?

— Қолдауы сезіліп тұрды. Мұндай атмосфераны сезіну кез-келген бапкер және футболшы үшін үлкен арман. Алдағы уақытта барлық ойында қайта қарап шығамын, бірақ Словакиямен болған соңғы матқа ерекше назар аудармақпын. Себебі керемет атмосфера болды. Эмоцияға ерік беріп, голды тойлап кеттім. Бұған дейін бұлай жасамайтынмын. Алдағы уақытта сабыр сақтауға тырысамын.

Матч басталмас бұрын ойыншалардың шаршағаны сезіліп тұрды. Алаңға шығып жүгірмеген мен де шаршадым. Ойындарды қайтлап көруге шамам болмады. Бірақ өзімді мәжбүрледім. Соңғы матчқа жанкүйерлердің көп келетінін білдік. Сондықтан ойыншыларға: «Шаршағандарыңды білемін, бірақ бүгін стадион лық толады. Сол жердегі атмосферадан энергия алып, соны пайдалансаңдар, оң нәтижеге қол жеткіземіз» дедім. Солай болды да. Сондықтан Словакиямен болған матчтағы жеңіске жанкүйерлердің қосқан үлесі зор.

Астана Арена

— Алда болатын екі матч жайлы айтып өтсеңіз. Дайындық қалай болады?

— Дайындықтың қалай болатынын айту қиын. Ойыншылар өз клубтарына кетті, алдағы уақытта чемпионат қайта жалғасады. Матч жақындаған кезде қандай футболшыларды шақыру керектігін біле бастаймын. Бізді өте қиын ойындар күтіп тұр. Қарсыластарымыздың ойынында түсініспеушіліктің бар екенін байқадық. Бірақ олар алаңда жағдайды өз пайдасына шешуге тырысады. Біздің турнирлік кестедегі жағдайымызды нашарлатқысы келеді. Сондықтан екі ойын да оңай болмайды. Барлығы өзіміздің дайындығымызға байланысты.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Матч-центр
19:00
Футбол
Лига Европы
АЕК Ларнака
-:-
Партизан
АЕК Ларнака — Партизан
20:00
Футбол
Лига Европы
Фенербахче
-:-
Словацко
Фенербахче — Словацко
20:00
Футбол
Лига Европы
Мальме
-:-
Дюделанж
Мальме — Дюделанж
21:15
Футбол
Лига Европы
Марибор
-:-
ХИК
Марибор — ХИК
21:45
Футбол
Лига Европы
Линфилд
-:-
Цюрих
Линфилд — Цюрих
22:00
Футбол
Лига Европы
Олимпиакос
-:-
Слован Братислава
Олимпиакос — Слован Братислава
22:00
Футбол
Лига Европы
Шемрок Роверс
-:-
Скопье
Шемрок Роверс — Скопье
19:00
Футбол
Лига конференций
Ригас Футбола Школа
-:-
Хайбернианс
Ригас Футбола Школа — Хайбернианс

Статьи по теме

На данном сайте используются файлы cookie
Это обеспечивает клиентам персонализированный доступ и повышает результативность от посещения ресурса, позволяя нам наиболее эффективно оказывать услуги. Пользуясь веб-сайтом и принимаяусловия настоящей политики, вы даете согласие на использование файлов cookie в соответствии с условиями настоящей политики.