ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Оң қапталда ойнайтын қорғаушы керек болды». Бейсебеков - жаңа келісім-шарт және «Олимпиакостың» ұсынысы жайлы

Қазақстан құрамасының қорғаушысы және «Астана»командасының капитаны Абзал Бейсебеков YouTube-тағы Nursultan Qurman арнасынақонаққа барды. Meta-ratings.kz тілшісісұхбат барысында айтылған маңызды пікірлерді жинақтады.

Абзал Бейсебеков

«Астанамен»жасасқан жаңа келісім-шарт туралы айта кетсеңіз.

- Үш жылдық келісім-шартқа қол қойдым. «Астана»басшылығымен сөйлестім, жаңа келісім-шартқа қос тараптың да көңілі толды. Бұғандейін «Астанада» ойнағандықтан, мансабымның соңына дейін осы клубтың намысынқорғау туралы шешім қабылдадым. Басқа клубтар көп ақша ұсынса да, «Астананы» қимадым.

Өткен маусымда басшылық жалақыны 50 пайызға қысқартанынайтты. Мен екі-үш күн ойланып, үйдегілермен ақылдастым. Әкем, «Астанада» қалабер деп кеңес берді. Жақын адамдарымның бәрі менеі қолдады. Келісім-шартымда шетелдік клубтан ұсыныстүссе, командадан тегін кетуге мүмкіндік беретін тармақ болды. Жаңакелісім-шартыма да осы тармақты қостым. Клуб басшылығы да мені Еуропағақуана-қуана жіберетінін айтты.

Қазіргі келісім-шартымдағы жалақы мөлшері бұрынғыдайболған жоқ, бірақ өткен маусымға қарағанда көбейді. Бюджет жыл сайын қысқаруда,сондықтан басшылықты түсінуге болады.

Басқа клубтардан нақты ұсыныстар болған жоқ, текқызығушылық танытумен шектелді. Өткен маусымның соңын жарақатыма байланысты өткізіпалдым. Аяғымды жарақаттап алғандықтан, ота жасату қажет болды. Сондықтан бір айбұрын Германияға барып ота жасаттым.

Абзал

Шетелдік клубтардан ұсыныс түсті ме?

- Шетелден ұсыныс жиі түсе бермейді. Бірақ осы жаздаГрекияның «Олимпиакос» клубынан шақырту алдым. Менің агентіме тез арада оңқапталда ойнайтын қорғаушы керек деген ұсыныс түскен екен. Ол кісі мағанкелісім-шарт мерзімін (бір жарым жыл), жалақысын айтып, «келісесің бе?» депсұрады. Мен ойланбай өз келісімімді бердім. Ал «Олимпиакостың» басшылығы менбапкерлер штабы менің ойынымды бақылаған екен. Бірақ мен ол кезде оң қапталдаемес, жартылай қорғаушы ретінде ойнап жүрдім. Сондықтан олар менен бас тартты.Өкінішті-ақ.

Олардың ұсынған келісім-шартындағы жалақы (айына) мөлшері25 мыңды (доллар) құрады.

Ал ҚПЛклубтары ұсыныс тастады ма?

- Естуім бойынша, «Тобыл» мені өз қатарына қосқысыкелген. Өйткені олар Чемпиондар лигасына дайындалып жатыр. Тек осы турнирдеойнау үшін ол командаға ауыса алатынымды айттым. Бірақ жарақаттар кері әсеретті.

Жарақатымнан айығу үшін тағы бір ай қажет болады.Сондықтан қаңтардағы ОЖЖ-да жеке өзім дайындалатын боламын.

Команданың жаңа бапкері СрджанБлагоевичпен әңгімелестің бе?

- Бас бапкермен кездесіп, 15-20 минуттай сөйлестім.Алдағы жоспарларды талқыладық. Жақсы бапкер сияқты, дұрыс ойын жүйесін қойыпбереді деп ойлаймын. Бірақ келесі жылы өзімнің қай позицияда ойнайтынымдысұрамаппын (күліп). Маған жартылай қорғаушы ретінде ойнаған ұнайды. Алдыңғышепте де, қорғаныста да мүмкіндіктер көп болады. Бірақ бас бапкерге мынапозицияда ойнағым келеді деп айтқан емеспін. Олар менімен ақылдасып, мына жердеойнайсың, соған дайындал деп айтады. Мен еш қарсыласпай, ойнап беремін.

Астана ФК

Өткенмаусымды қалай бағалайсың?

- Бұл маусымға жақсы баға бере аламын. Жылды дағдарыспенбастадық, бес ай бойы ешкім жалақы алмады. Соның бәріне шыдадық. Бірақ маусымсоңы сәл сәтсі аяқталды. Маусым ортасында басшылық ауысты. Мұның бәрі өз әсерінтигізді. Осының бәрін ескерсек, маусым жақсы өтті деп айтуға болады.

Абзал

Конференциялигасында КуПС-пен болған ойында не жетіспеді? Жеңіліске кім кінәлі?

- Бұл ойында сәтсіздікке ұшырадық. Ойыншылардың қателігісалдарынан жеңіліп қалдық. Футболдағы қағида бойынша, гол кірсе, біріншіқорғаушыны, кейін қақпашыны кінәлайды. Қорғаныс шабуылдан басталады. Кішкенеқателіктің салдарынан гол өткізіп алдық. Ал бәріне қақпашы кінәлі болыпкөрінді. Оны айыптаудың қажеті жоқ. Ол ойыннан кейін киім ауыстыратын бөлмегекіріп: «Жігіттер, кешіріңдер, бұл менің қателігім» деп айтты. Біз бұғанбәріміздің кінәлі екенімізді түсіндірдік.

Тихонов

АндрейТихонов қандай бапкер?

- Жаман баға бермеймін. Көзқарасы да, адаммен тіл табысуыда тамаша. Өте тәжірибелі деп айта алмаймын. Бірақ осы бетінен таймаса, жақсыбапкер шығады деген ойдамын.

Футболғақалай келдің?

- Оындай жетістікке жетуім – ата-анамның арқасы. Әкемкішкентай кезімнен футбол көруге немесе ойнауға алып баратын. Ол мені футболшыболсын деп тәрбиеледі. Әкем жұмыста жүрген кезде, анам өзі әкеліп-әкетіпжүретін.

Кішкентай кезімде әкеммен бірге базарға барған едім. Олкісі мәшінесіне дөңгелек алып жатқан. Сатушының қалтасынан алған ақшасы ұшыпкеліп менің аяғыма қонды. Сатушы ақшасын қолына алып: «Ақшаныңбәрі осыныңаяғына келеді» деп айтқан еді. Сол кезде әкем: «Бұл бала футболшы болады» деді.Құдайға шүкір, қазір осы аяқтың арқасында ақша тауып, күн көріп отырмыз.

«Астанаға»қай ойыншылардың келгенін қалайсың?

- Кеше бас бапкер менен: «Қай ойыншыны командадан көргіңкеледі?» деп сұрады. Мен бірден Асхат Тағыберген мен Гафуржан Сүйімбаевтыайттым. Сөйтсем, бапкердің өзі де басшылыққа Асхат туралы айтқан екен.Гафуржанға хабарласып: «Біздің клубтан ұсыныс түсіп жатса, қабылдайсың ғой» депөтініш жасадым. Ол біраз ойлану керектігін айтты. Асхаттың да біздің командағакелетін ойы бар.

«Астананың»әрі қарай дамуы үшін не қажет?

- Клубтың «Қайрат» сияқты академиясы болса екен деймін.Тек «Астанада» емес, бүкіл клубта болғаны дұрыс. Негізі оған көп қаражат керекемес, бірақ бөлінуі қажет. Кезінде академия салуға «Астананың» мүмкіндігіболған, бірақ рұқсат берілмеген. Қазір үкімет қолдаса, салуға болады.

Абзал

«Қайратқа»қарсы өтетін ойындарға қалай дайындаласыңдар?

Дайындық барысында қаржылай мотивация береді. Басқақандай мотивация керек (күліп)?! Үнемі мотивация беріледі. Бірақ соңғы кездеріжолымыз болмай жүр.

Ұлттыққұрама туралы не айтасың?

Ол жақта да бәрі дұрыс болады деген ойдамын. КөктемдеҰлттар лигасында Молдованы жеңеміз деп сенемін. Қазір команданы отандық маманжаттықтыруда. Талғат Маруаұлы жігіттердің бәрін жақсы біледі. Қазір ойыншылармен бапкерлер штабы, федерация өкілдері бар күшін салуда.

Мұның түп тамыры балалар футболында жатыр. Олар кішкентайкезінен бастап әдемі алаңдарда жаттығып, мықты бапкерлерден тәлім алса,болашағы жарқын болады деп ойлаймын.

Абзал

Талғат Маруаұлы – өте жақсы бапкер. Жаттығу процессінжақсы жүргізеді, ойыншылармен де керемет қарым-қатынас құра біледі. Футболғадеген көзқарасы, ойын жүйесі де ерекше.

Бізде жақсы футболшылар көп. Осы жылы жақсы нәтижекөрсетуге болар еді. Бауыржан Исламхан қатарда болса, Бақтиер жарақат алмай, әройындарға қатысқанда, яғни барлығы бір арнаға тоғысқанда әдемі ойын өрнегінкөрсетер едік. Исламхан әлі жас, бабына қайта келіп, ұлттық құрамаға оралумүмкіндігі бар. Елдос Ахметовтің де Қазақстан құрамасына шақыртылу мүмкіндігізор. Бәрі өзіне байланысты.

Ұлттыққұрамадағы жауапкершілік кімге жүктеледі?

Талғат Маруаұлы бізге: «Қорықпай ойнаңдар, нәтижеге менжауап беремін» деп айтып отырады. Ол өте қатал бапкер, бізді өз уысынаншығармайды.

Польшада болған кезіміде өз алаңымызда матч өткіздік.Кіммен екенін білмеймін, біз ұтылып қалдық. Команда капитаны мен барлықойыншылар фан секторға келіп, кешірім сұрады. Ол кезде жас едім, бұл жағдайғақатты таң қалдым. Бірақ біздің клубтарда мұндай дамымаған, біздің менталитеткесай емес секілді. Бізге осындай бағдарламалар жетіспейтін шығар. Ойынға талдаужасап, мына ойыншы мына жерде қателесті дейтін сарапшылардың жоқтығынан шығар.Нақтысын білмеймін.

Абзал

Болашақта немен айналысасың?

Болашақта бапкер боламын деп ойламаймын. Футболклубтарының басшылығында жұмыс істеуім мүмкін, бірақ өзімді бапкер ретінде елестетпеймін.

Жақында қайырымдылықжасап, мұқтаж отбасыға пәтер алып берген екенсің. Осы жайлы айта кетсең.

Екі-үш жыл бұрын «Харекет» қоры ашылған болатын. Оныңжақсы дүние екенін білдім. Әйеліммен ақылдасып, қайырымдылық жасайық депайттым. Ол мені қолдаған соң, қордың басшысымен байланысқа шығып, үй алып береаламын дедім. Сөйтіп өз ауылынан кішігірім пәтер алып бердім.

Бұрын доп тепкен футболшы ауырып қалса немесе бірмәселелері болса, команда болып көмектесеміз. Қазір мұның бәрін Гафуржанұйымдастырады. Соңғы кездері мешіт және медресеге ай сайын ақша жинап жатырмыз. Шамамен әр футболшы 5-10 мың теңгеден беріп тұрады.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте