ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

320 миллионнан астам. Қазақстандықтар Australian Open-нен қанша пайда тапты һәм қалай өнер көрсетті?

2022 жылғы алғашқы «Үлкен Дулыға» турнирі артта қалып, Мельбурндегі Australian Open додасы мәресіне жетті. Әйелдер арасындағы жұптық сынды есепке алмағанда, қазақстандық теннисшілер жанкүйерлердің үмітін ақтамады. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі теннисшілеріміздің турнирден қанша сыйақы алғаны және қалай өнер көрсеткені туралы ақпаратпен бөліспек.

Australian Open-ге Қазақстан атынан жалпы саны он (іріктеу кезеңін қоса алғанда) теннисші қатысты. Енді солардың турнирдегі жолына үңілсек.

Андрей Голубев

Өткен жылы «Ролан Гарростың» жұптық сынында финалға дейін жеткен 34 жастағы теннисшіміз Australian Open-де ойлағанындай өнер көрсете алмады.

Жұптық сында хорватиялық Франко Скугормен бірге алғашқы айналымнан аса алмады. Кездесудің бірінші сеті аяқталмай (2:5) жатып Андрей мен Франко ойынды жалғастырудан бас тартты. Шамасы, Скугордың денсаулығында қиындықтар болған секілді.

Одан кейін Голубев аралас жұптық сында украиналық Людмила Кишенокпен жұп құрап, екінші айналымға дейін жетті. Алайда Макото Ниномия (Жапония) / Айсам-уль-Хак Куреши (Пәкістан) жұбынан жеңіліп, ширек финалға шыға алмады.

Осылайша Голубев турнирді сәтсіз аяқтады десек те болады. Андрей ерлер арасындағы жұптық сын үшін 10 823 доллар сыйақы алса, микстегі өнері үшін тағы 4 433 долларға ие болды.

Жекелей сын туралы ұмыта бастаған 34 жастағы Александр Недовесов ерлер жұптық сыны бойынша ғана өнер көрсетіп, екінші кезеңге дейін жетті. Недовесов пен Айсам-уль-Хак Куреши (Пәкістан) жұбы екінші раундта сенімді жеңіп тұрып, жеңіліп, 1/8 финалдың жолдамасынан қағылды. Осылайша екеуі сыйақыны 16 244 доллардан бөліп алды.

Дмитрий Попко

25 жастағы Дмитрий Попко мансабында 14-ші рет «Үлкен Дулыға» турнирінің негізгі бөлігіне өтуге тырысып, 14-ші рет сәтсіздікке ұшырады. Бұл жолы Дмитрий іріктеу кезеңінің финалына дейін жетіп, шешуші кездесудің алғашқы сетінде жеңіп тұрып, жеңіліп қалды. Осылайша 1:2 (6:4, 3:6, 3:6) есебімен жеңіске жеткен чехиялық Иржи Лехечка жолдамаға ие болды.

Ал Попко іріктеудің финалына шыққаны үшін 38 540 АҚШ долларын алды.

Михаил Кукушкин

Попкодан бөлек іріктеу кезеңіне Михаил Кукушкин мен Тимофей Скатов қатысты.

Кукушкин іріктеу барысында Мирза Башич (6:2, 6:3), Робин Хасе (7:5, 7:6 (7:2) және Эрнесто Эскобедоны (6:5, 5;7, 7:5) жеңіп, негізгі кезеңге жолдама алды. Алайда алғашқы раундта-ақ Томми Полға жеңіліп (3:6, 4:6, 2:6), жарыс жолынан шығып қалды. Михаил жұптық сындағы ойындарға қатыспады. Іріктеуден іркілмей өткені үшін 74 198 доллармен марапатталды.

Ал 21 жастағы Тимофей Скатов іріктеуде Уго Гренье (6:3, 6:2), Дэйн Суини (6:4, 6:2) және Гаштау Элиашты жеңіп (6:4, 7:6 (7:5), дебюттік «Үлкен дулыға» турниріне жолдама алды. Алайда Australian Open-нің алғашқы айналымынан аса алмады. Норберт Гамбош қазақстандықтың екінші кезеңге өтуіне жол бермей (3:6, 2:6, 6:1, 4:6), Скатовты да 74 198 доллармен қайтарды.

Соқыр жеребе 28 жастағы Зарина Диясты бірінші кезеңде-ақ Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездестірді. Дияс сенсация жасауға шақ қалып, алғашқы сетте жеңіске жеткенімен, Рыбакина қалған екеуінде жеңіске жетіп, екінші кезеңге жолдама алды. Ойын 1:2 (7:6 (7:3), 6:7 (3:7), 1:6) есебімен аяқталып, Зарина жарыс жолынан шығып қалды және бірінші раунд үшін Скатов пен Кукушкин секілді 74 198 долларға ие болды.

Юлия Путинцева

Қазақстанның 27 жастағы екінші ракеткасы Мельбурнда өте сәтсіз өнер көрсетті. Ол жекелей және жұптық сында да алғашқы кезеңнен аса алмады.

Жекелейде топ-100 қатарына да кірмейтін Хармони Танмен (106) күш сынасып, 3:6, 3:6 есебімен есе жіберді. Ал жұптық сында София Кенинмен бірігіп, қытайлық жұптан опық жеді.

Осылайша Юлия жекелей сын үшін 74 198 доллар сыйақы алса, жұптық жарыстың алғашқы раунды үшін тағы 10 823 доллар әмиянына түсті.

Елена Рыбакина

Еліміздің әйелдер арасындағы үздік теннисшісі, жоғарыда айтқандай, Зарина Диясты жеңіп, екінші айналымға дейін жетті. Бірақ қытайлық Шуай Чжанға (69) қарсы кездесуде жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмай, жарысты 1/32 финалдан аяқтады. Сонымен қатар осы жарақатының салдарынан жұптық сыннан да алынып, жанкүйерлерінің көңілін түсірді.

Жекелей сынның екінші кезеңіне шыққаны үшін 110 937 доллармен марпатталды.

Александр Бублик

24 жастағы Қазақстанның ерлер арасындағы үздік теннисшісі алғашқы кезеңде Эрнесто Эскобедоны жеңіп, екінші раундқа шықты. Бірақ 1/32 финалда франциялық Гаэль Монфистан айласын асыра алмады. Сонымен қатар Бубликтің жұптық сында да жолы болмады. Польшалық Ян Зелинскимен жұп құраған отандасымыз бірінші айналымнан ары аса алмады.

Осылайша Бублик жекелей сын үшін ол 110 937 доллар алды, ал жұптық сайыстағы жеңілісіне тағы 10 823 доллар қосылды.

Анна Данилина марапаттау рәсімінде

26 жастағы теннисші мансабында алғаш рет Australian Open-де және екінші рет «Үлкен Дулыға» (дебют US Open-2021-де болған) санатына жататын турнирінде ойнады және жай ғана ойнап қоймай, қазақстандықтар арасынан үздік нәтиже тіркеп, сенсация жасады.

Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге әйелдер жұптық сынының финалына дейін жетіп, жанкүйерлердің көзайымына айналды.

Финалдық матчта әлемдік рейтингте көш бастап тұрған чехиялықтар Барбора Крейчикова мен Катерина Синякова жұбын әбден титықтатты. Анна мен Беатрис алғашқы сетте жеңіске жетіп, Мельбурндегі кортты шулатқанымен, қалған екеуінде әккі чехиялықтар жеңісті жұлып әкетті.

Данилина мен Хаддад Майя финалға дейін барлық турнирлерде қатарынан тоғыз рет жеңіске жеткен еді. Australian Open-нің шешуші кездесуінде оныншы жеңістеріне қол жеткізе алмады. Алайда жанкүйерлер мен қарсыластар тарапынан жоғары бағаға ие болып, әлі талай турнирлерге қатысатындарын айтты.

Осы жетістіктен кейін Данилина WTA рейтингісінде айтарлықтай жоғарылап, 28 орынға көтеріліп, 25-ші сатыға жайғасты. Осылайша Рыбакинаны артқа тастап, жұптық сын бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды.

Жұптық сынның финалына шыққандары үшін 260 мың доллар шамасында сыйақы берілетінін ескерсек, Данилина 130 мың доллардай қаражатты қалтасына басады.

Жалпы қазақстандық теннисшілер Australian Open-де өнер көрсеткендері үшін 740 мың доллардай (321 миллион теңге шамасында) табыс тапты. Қаражат жағынан нәтиже көптің көңілінен шықса, ойын жағынан Данилинадан басқа теннисшілер үмітті ақтамай, сәтсіз өнер көрсетті.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте