ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Милад Карими 33 жыл бұрынғы Люкиннің жетістігін қайталай ма?

Қазақстаннан Токио Олимпиадасына бір өзі жеті жолдама жеңіп алған бір спортшы бар. Оның есімі – Милад Карими. Спорттық гимнастикадан ел намысын қорғайтын атлетке Meta-Raings.kz тілшісі толығырақ тоқталғанды жөн көрді.

Милад Карими

Милад Токиода спорттық гимнастиканың мынандай түрінен бақ сынайды:

1. Көпсайыс

2. Еркін жаттығу

3. Қол тіреп секіру

4. Гимнастикалық қоссырық

5. Кермедегі жаттығу

6. Ат снарядындағы жаттығу

7. Снаряд.

Милад Олимпиада ойындарына жолдаманы 20119 жылы Германияның Штутгарт қаласында өткен әлем чемпионатында жеңіп алған. Әрине, ол кезде көпсайыстан 21-орынға ие болған. Бұл лицензияға иелік етуге мүмкіндік берді.

Карими – бүгінгі таңда Қазақстанның спорттық гимнастикасының көшбасшысы. Көпсайыстан алған жолдамасының арқасында жекелеген сайыс түрлерінен сынға түсе алады. Әсіресе, снаряд атудан шеберлігі жоғары. Сонымен қатар еркін жаттығу мен қол тіреп секіруден жүлдеге таласып қалуы тиіс.

Сөзімізге дәлел ретінде айтарымыз, әлем кубогының кезеңіндегі жетістігі. Мысалы, Дохада өткен кезеңде қол тіреп секіру және кермедегі жаттығудан қола медальға ие болды. Қол тіреп секіруден Миладтың алдын тек украиналық Игорь Радивилов пен түркиялық Әділ Әсем орап кетті. Кермедегі жаттығудан кипрлік Мариос Гиоргиу топ жарса, бразилиялық Артур Мариано екінші орыннан көрінген.

Милад Карими

Ал Хорватиядағы турнирде қоссырықтан екінші, еркін жаттығудан бірінші орынға тұрақтады.

Сонымен қатар Аустралияның Мельбурн қаласындағы кезеңде де еркін жаттығуда үштіктен көрінді. Ол финалда 14.200 ұпай жинаған.

Осындай көрсеткіштеріне қарап, Миладтан мамандар мен жанкүйерлер медаль күтеді. Ол үшін барлық бағдарламаны таза орындап шығу керек. Спорттық гимнастикада кез келген қателіктің құны қымбатқа түсуі мүмкін. Тіпті, көзге көріне бермейтін қателіктерді төрешілер байқап қояды. Оның бәрі ұпай санағанда әсер етеді. Ендеше, жерлесіміз салқынқандылық тілейміз. Мұндай маңызды додада психологиялық төзімділік ауадай маңызды. Сол кезде әлемдік гимнастиканың көшбасшыларымен бәсекеге түсе алады.

Аустралиядағы ауыр жарақат

Енді өткенге сәл шегініс жасасақ, 2018 жылы спортшы Аустралиядағы жарыста ауыр жарақат алады. Яғни қоссырықтан құлап кетіп, қолын сындырады. Спортшыға 15 мың долларға ота жасалады. Шығынды сақтандыру компаниясы төлеп береді. Осыдан кейін оның спортқа оралатына көп ешкім сенген жоқ.

Милад Карими

Алайда ол үлкен спортқа қайта оралды. Алдымен барлығын қайтадан бастауға тура келді.

«Бір жыл күте алмадым. Физикалық бабымды жоғалттым. Маңызды жарыстардан тыс қалдым. Сондықтан бірден жаттығуға кірістім. Қол жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді. Буындарды қатайту үшін қойған пластинаны алып тастау үшін тағы бір ота қажет болды. Одан соң, спортты енді бастағандармен бірге қолды созуды үйрендім. Дәрігер мен бапкерімнің айтқан барлық нұсқаулығын орындадым. Массаж, емдік дене жаттығулары, физиотерапия, жүзуден қалыс қалмадым. Оның бәрінің пайдасы тиіп жатқанын байқадым. Әрине, басында біраз қиналдым. Аяққа тұруым спортқа деген құлшынысым себеп болды. Өзімді аямай тер төктім. Ең бастысы, психологиялық тұрғыдан есімді жиып, қатарға қосылдым», – дейді Милад tengrinews.kz порталына берген сұхбатында.

Арада төрт ай өткенде Қазақстан чемпионатына қатысты. Содан кейін әлем кубогының кезеңдеріне жарысты бастап кетті. Осылайша, аз ғана уақыттың ішінде қайтадан құраманың көшбасшысына айналып, Олимпиада жолдамасына қол жеткізді.

Спортты үш жасынан бастаған

Миладтың әкесі – Иран ұлтының өкілі, анасы – орыс. Өзі Алматы қаласында дүниеге келген. Спортпен үш жасынан айналысқан.

Милад Карими

«Ата-анам жарысқа қатысып жатқан туыс әпкемізді қолдауға барады. Олар мені де өздерімен бірге ала кетеді. Бала күнімде өте белсенді болдым.Бір орында тұрмайтынмын. Залдағы әр түрлі спорттық жабдықтарды көріп, қызығушылығым оянады. Мені сол жерде алғашқы бапкер Тахир Кашкули байқап, өзіне шақырады. Басында анам қарсы болады. Алайда жаттықтырушы тегін дайындалады деп анамы көндірді. Сөйтіп, спорттық карьерам басталдым. Менің бала кездегі кумирім – он дүркін әлем чемпионы Кохэй Утимура (Жапония), Рио Олимпиадасының жүлдегері Давид Белявский (Ресей) болатын. Кейіннен сол кумирім менің жарыс жолымдағы қарсыластарыма айналды», – дейді гимнаст.

Қазақстандағы спорттық гимнастика

Спорттық гимнастика – Олимпиада ойындарында жүлдені сыпырып алатын сайыстың бірі. 1991 жылға дейін Алматыда спорттық гимнастикадан 14 мектеп болған екен. Кеңес заманы тұсында ұл-қыздарымыз тегін жаттығып, сайыстарға қатысқан, жүлделі орындар алып, оқу-жаттығу жиындарына барып тұрған. Бірте-бірте мектептер саны азайып, қазіргі кезде тек біреуі ғана қалыпты. Ерлер арасындағы спорттық гимнастика 1896 жылғы Афиныдағы тұңғыш Олимпиададан бастап қосылған. Қыздар 1928 жылғы Амстердам олимпиадасынан бері жарыс көрігін қыздырып келеді. Кезінде Кеңес одағының қыз-жігіттері әлемде атой салды. Олимпиада ойындарында 43 спортшы (28 әйел, 15 әйел) тұғырдың ең жоғары сатысына көтерілген. Арасында бірнеше мәрте чемпион атанғандары бар. Жалпы, 4 жылда бір өтетін Олимпиада ойындарынан 188 медаль жеңіп алған. Әсіресе, 1970-1990 жылдар аралығындағы Одақ гимнастикасының даму деңгейі жоғары сатыға көтеріліп кетті. Қазақстандағы спорттық гимнастика туралы сөз қозғағанда бірден есімізге Нелли Ким түседі. Ол бес дүркін Олимпиада чемпионы.

Ал 80-жылдардың екінші жартысында Ақтөбеден шыққан Валерий Люкиннің жеңісті жолы басталды. Бұл спортшының томағасын өзге емес, өзіміздің Нарынқолдың тумасы, қазақ жігіті Едіге Жаров сыпырды. 1987 жылғы Еуропа чемпионатында Люкин дүниежүзі бойынша еркін жаттығуда үш мәрте сальтоны бірінші болып жасап, құрлық чемпионы атанды. Едіге Нұрмаханұлы мен шәкірті Валерий Люкиннің дайындаған осы жаттығуы мен өзге де тың жаңалықтары халықаралық ережелер кодексіне «Liukin» элементі болып тіркелді. Сол чемпионатта Валерий 5 алтын, 1 күміс, 1 қола медальға ие болып, Еуропаның абсолютті чемпионы атағына қол жеткізді. Алда Кеңес Одағы соңғы рет қатысқан Сеул олимпиадасы күтіп тұрған. Оңтүстік Кореяда Валера екі рет жеңіс тұғырынан көрінсе, екі күмісті де қанжығаға байлады. Нелли Ким мен Валерий Люкиннен бөлек, Алатау баурайында дүниеге келген Юрий Цапенко мен Владимир Но¬виков бар. Цапенко – 1964 жылғы Токио олимпиадасының екі дүркін жүлдегері. Новиков 1988 жылғы Сеул Олимпиадасында командалық сында жеңімпаз атанды. Одан бөлек, әлем чемпионаттарында да құрамамен бірге екі мәрте топ жарды. Бала күнінде Қазақстанға Қиыр Шығыстан қоныс аударған Наталья Ильенко дүниежүзілік додада бірнеше рет алтыннан алқа тақты. КСРО дәуірінде Қазақстанның гимнасттары осындай орасан зор табыстарға қол жеткізген еді.

Юрий Цапенко, Нелли Ким, Валерий Люкин, Владимир Новиковтар жазғы Олимпиада ойындарында жалпы саны 13 медальға қол жеткізген. Мұндай толағай табыстың негізгі себебі – республиканың бірнеше қаласында жоғары деңгейлі гимнастика мектептерінің көп болуы. Жоғарыда айтқанымыздай, бір ғана Алматыда 14 гимнастика мектебі жұмыс істеген. Алайда Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін құндылықтар өзгере бастады. Спорт басшылары гимнастикаға емес, жекпе-жек түрлеріне көбірек басымдық берді. Қаржыландыру күрт қысқарды, маңызды инфрақұрылымдық проблемалар туындады. Спортшылар жаттығатын талапқа сай залдардың аз болуы, қажетті жабдықтардың жетіспеуі және жаттықтырушылардың шетелге кетуі себеп болды. Соның салдарынан спорттық гимнастикадағы нәти¬жеміз күрт төмендеді. Олардың арасында Владимир Уфимцев, Валерий Люкин, Юрий Алексеев, Павел Садовский, Константин Бродецкий – АҚШ-қа, Алик Якимиди – Грекияға, На¬талья Ильенко мен Александр Ширяев Англияға қоныс аударды. Андрей Родионенко Ресей құрамасына жаттықтырушы болды. Әлгінде айтқан Едіге бапкер де бүгінде әлем таныған гимнастикадағы тұлғалардың бірі. Сол 90-жылдардағы лекпен бірге әуелі Франция спортшыларының томағасын сыпырды. Одан кейін 2000 жылы Канадаға қоныс аударды.

Милад Карими

Тәуелсіздік алғаннан кейін 90-жылдары құраманы біраз уақыт Сергей Федорченко сүйреді. Ол 1997 жылы Лозаннада қол тіреп жасайтын жаттығуда әлем чемпионы атанып, 2000 жылғы Сидней олимпиадасында бесінші орынға тұрақтады. Сосын Алексей Дмитриенконың әлем кубогында бас жүлдені иеленгені бар. 2000 жылдары Ернар Ерімбетовтің есімі ел аузына іліге бастаған болатын. Оның әлем чемпионатындағы ең жоғары нәтижесі – төртінші орын. Сосын екі рет жазғы дүниежүзілік Уни¬вер¬сиада ойындарында жеңіске жетті. 2004 жылғы Афины олимпиадасында сегізінші орынға табан тіреді. 2010 жылы әлем чемпионатында Ильдар Валеев брусьяға тартылудан жетінші орын алды. Одан кейінгі 4 әлем чемпионаты мен екі Олимпиада ойындары біздің спортшылардың қатысуынсыз өтті. Әйтеуір, 2017 жылы Милад Карими шешуші кезеңде еркін жаттығуда бақ сынады. Араға бір жыл салып, Нариман Құрбанов дүниежүзілік біріншілікте бесінші орыннан көрінді. Бірақ ол финалда өте өрескел қателік жіберді.

Енді Валерий Люкиндерден Олимпиада ойындарынағы жетістігін Милад Карими қайталап жатса, қазақтың спорттық гимнастикасының болашағы үмітпен қарауға болар еді.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте