ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Мен кет дегенде, кетесің деп айттым». Есентаев – Елдос Ахметовтің трансфері мен клубтың жоспарлары туралы

«Астана» кәсіби спортклубының бас директоры Тастанбек Есентаев YouTube-тағы Yessen Yeleuken арнасынақонаққа барды. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі сұхбат барысында «Астана»футбол клубына қатысты айтылған пікірлерді жинақтады.

Тастанбек Есентаев

- Былтыр команданың қарызы жайлы көп әңгімелер болды.Оның ішінде клубтың бұрынғы бапкер Роман Григорчук алдында берешегі көп екен.Бұл мәселе шешілді ме?

- Әрине, қарыз өтекөп болды. Мөлшері жайлы да ақпараттар жазылды. 2016 жылдан осы күнге дейінойыншылар алдындағы қарызымыз өтелді. Қарыз мөлшері 4,2 миллиард теңге депайтылып жатты. Бұл мәселені спорт қорындағы білікті мамандардың көмегімен шештік.УЕФА мен ФИФА-ның шешімі үлкен талқыға салынды. Сол кезде клубты жауып, «Астананың» базасынсалу туралы да мәселелер көтерілді. Соның бәрін саралай келе, «Астананың»жетістіктерін ескере отырып, қарыздан құтылу туралы байламға келдік. Оныңбіршама бөлігін «Астананың» тапқан табысын пайдалану арқылы төледік. Атапайтсақ, сол кезде клуб қоржынына 750 мың еуро және 300 миллион теңге түсті.Одан бөлек, спорт қорының арқасында он шақты футболшының алдындағы қарызданқұтылдық. Ал Григорчук өте көп айлық алған екен. Бұған ешкімді кінәлайалмаймын. Бірақ бүгінгі таңда қарыздың бәрін өтедік. Қазір УЕФА алдында даберешегіміз жоқ, олар бізге жаңа ойыншыларды тіркеуге рұқсат берді. Қазіркоманданы қайта жасақтап жатырмыз. Жаңа жаттықтырушы келді. Он бес шақтыфутболшымен жаңа келісім-шартқа қол қойып үлгердік.

Благоевич

- Жаңа жаттықтырушыны кім таңдады?

- Мен клубтың басменеджері қызметіне Ақтаудан Санжар Сейтқазиновты шақырып алдым. Ол Мәскеудеоқыған және білімі мол азамат. Одан бөлек, бір-екі күн бұрын Мұрат Тілешевтіспорт директоры етіп тағайындадық. Ол бесінші қаңтардан бастап қызметінекіріседі. Көп адамдар Благоевичті «Астанаға» «Каспийдің» директоры болғанСанжар әкелді деп ойлайды. Бірақ біз директорлар кеңесімен бес-алты бапкердіңкандидатурасын қарастырдық. Біріншіден, жан-жақты сараптама жасап, әртүрлісайттарды ақтарып, басқа да мамандардың статистикасына сүйеніп, БлагоевичтіңҚазақстандағы ең мықты үш бапкердің қатарына кіретінін білдік. Екіншіден, олҚазақстан футболы жайлы көп біле бастады. Үшіншіден, Срджан клубты Біріншілигадан жоғары дивизионға алып шықты. Оның қол астындағы ойыншылар «он жыл бойыойнағаныммен, футболдың не екенін осы бапкердің арқасында түсіндім» дегенәңгімелер айтты. Таңдау барысында осының бәрін есепке алдық. Одан бөлек,«Астананың» қазіргі бюджеті 3 миллиард теңгені құрайды, бұрынғыдай көп емес.Мұның бәрін спорт қоры бөліп отыр. Қала әкімдігі ақша бөлмеуде. Ал Благоевичтіңжалақысы өзіңіз айтқан Григорчукке қарағанда 10-20 есе аз. Сондықтан осыбапкерді таңдадық.

Мұрат Тілешев

Мұрат Тілешев өтебілімді және футболды жақсы біледі. Мен ол кісімен бірнеше рет кездесіп, пікіралмастым. Көп жерде екеуміздің ойымыз бір жерден шығып жатты. Сараптай келе,осы азаматты спорт директоры лауазымына лайық деп таптық. Ол футболдың отыменкіріп, күлімен шығатын адам. Футбол айналасында осындай адамдар жұмыс істеуітиіс.

- Құрам толық жасақталды ма?

- Жоғарыда айтыпөткенімдей, он бес футболшымен келісім-шартқа отырдық. Келісім-шарт мерзімібітпеген футболшылар да бар. «Астана» клубының түлектерін командада қалдырдық.Біздің мақсатымыз тек Қазақстан чемпионы атанып, Чемпиондар лигасына қатысуемес. Болашақта өзіміздің қара домалақ балаларымыздың бүкіл әлемге танымалклубтарда жарқырыпжүргенін қалаймыз.Осындай спортшыларды тәрбиелеуге бел будық.

- Елдос Ахметовті бас бапкердің рұқсатынсыз алды дегенақпарат шықты. Бұл қаншалықты рас?

- Бұл іспен БағланЕргешов және Санжар Сейтқазинов айналысты. Олар бапкермен сөйлесті, мен солкезде олардың жанында отырдым. Бірауыздан келісіп, сараптама жасаңдар, соданкейін өз пікірлеріңді білдіресіңдер деп айттым. Благоевичке сұрақ қойылды. ОлЕлдостың жақсы ойыншы екенін айтты. Басқа ештеңе естімедім. Әркім әртүрлі айтыпжатады. Бірақ бәрі сол кезде бірауыздан оны аламыз деген мәмілеге келді. Оныңмінезді ойыншы екенін білеміз. Бірақ Елдос Қазақстан құрамасында доп тепкен.Одан бөлек, ұлттық құрамада ойнайтын алты ойыншыны қатарға қосқалы жатырмыз.Өзіміздің бауырларымызға көп көңіл бөлу керек. Бәрі легионерлер жақсы ойнайдыдеп санайды. Менің ойымша, біз жергілікті жастарға мүмкіндік берсек, олардың данамысы оянады. Мен Елдоспен сөйлестім. Оған: «Бауырым, сенің мінез көрсететінойыншы екеніңді, кейде команданы басқа жаққа бұратыныңды айтты. Егер осындайжағдай орын алса, мен кет деген күні, кетесің» деп айттым. Командадағытәрбиелік жұмыстарға араласамын. Қазірге дейін бұл жағынан қиындықтар болғанжоқ.

Астана

- Сіз командада қазақстандық ойыншылардың көп болғанынқалайсыз ба?

- Қазір командада беслегионер бар. Олар біздің көңілімізден шықпауда. Біз жаңа бапкермен және басқада мамандармен ақылдастық. Ыңғайы келсе, олармен қоштасатын боламыз. Олардыңорнына аз жалақы алатын және болашағынан зор үміт күттіретін ойыншыларды қарастырамыз.Атап айтсам, Битри, Бечирай, Чуперка секілді ойыншылар клубтан кетеді.Чуперкамен келісім-шартты үзу туралы мәмілеге келдік. Семир Смайлагич дейтін делегионер бар. Оның да деңгейі алатын ақшасына сай келмейді. Ол жалақымдыазайтамын десе де, жаңа жаттықтырушы оған сенім артпайды. Сондықтан оларғақатысты жұмыстар жасалынып жатыр. Не болатынын көре жатармыз.

- «Астананың» базасын салу туралы жоспарыңыз бар ма?

- Он екі жылдыңішінде клуб базасының салынбағаны өкінішті-ақ. Көп ақша кетті. Бірақ ол кездегіфутболдың деңгейі төмен болды. Қазір Қазақстан футболының деңгейі ілгеріледі. Оғанлегионерлердің де септігі тиген шығар. Қазір бізге инвесторлардан ұсыныс түсіпжатыр. Олар базаны өз қаржыларына салып беруге дайын. Ал кеткен ақшаныкейінірек қайтарасыңдар деген ұсыныс жасады. Қазір үкіметтің және әкімшіліктіңқолдауымен бізге үш гектар жер берілгелі жатыр. Сол жерге біз бір стадионсаламыз. Оған қаражатты дайындап қойдық. Ал соның жанына стандартқа сай үстіжабық стадион салынады. Және екі бірдей кіші футбол алаңын саламыз. Ол жердебіздің жас комндалардың, жалпы айтқанда он бес команданың жаттығуына мүмкіндікболады. База салу мәселесін алдағы үш жылда шешеміз деген жоспар бар.

- «Астанаға» тиесілі қанша команда бар?

- Футзал клубы бізгеқарамайды. Бізде бас-аяғы он үш команда бар. Әр жастағы командалар, одан бөлек,биыл Екінші лигадан Бірінші лигаға өткен 21 жасқа дейінгі жастардан құралғанкомандамыз бар. Қыздардан құралған үш командамыз бар. 17 жастағы ойыншыларымыз келесіжылы УЕФА Чемпиондар лигасына қатысады. Бұл біз үшін үлкен жетістік.

Астана

- Келесі жылға арналған мақсат қандай?

- Бірінші кезектеҚазақстан чемпионы атанғымыз келеді. Егер алдымызға осы мақсатты қоймасақ,дұрыс жұмыс жасай алмаймыз. Екіншіден, Конференция лигасында жоғары нәтижекөрсеуге тырысамыз және жақсы ақша тапқымыз келеді. Бұл турнирден түсентабыстың 20 пайызын жастар командасын дамыту үшін жұмсамақпыз. Қазір клубтыңстратегиялық жоспарын құрып жатырмыз. Мұны 24 қаңтарда бекітіп, сол бойыншажұмыс жасаймыз. Қазір бұрынғы былықтардың бәрін жауып, клубты дұрыс жолға салабастадық. Істелінетін жұмыстар көп. Оның ішінде, ғылыми зерттеу орталығынсалуды жоспарлап отырмыз. Қазір 17-18 жастағы ойыншылар жарақат алып, отажасатуда. Бұған не себеп болды? Жаттықтырушылар дұрыс жұмыс жасамай ма әлдефутболшыларға ауыр жүктеме беріле ме деген сұрақтарға жауап табу қажет жәнемұның алдын-алу қажет.

- Стратегиялық жоспарда жас ойыншыларды дамытып, олардысату арқылы ақша табу деген тармақ бар ма?

- Біз тек клубпеншектеліп қалмаймыз. Болашақта әр өңірден «Астананың» филиалдарын ашудыжоспарлап отырмыз. Талантты балаларды жинап, соларды жұлдызды ойыншыларғаайналдырғымыз келеді. Бұл әлемдегі топ клубтардың тәжірибесінде бар дүние.Мықты футболшылармен немесе басқа мамандармен сөйлескенде, олар: «қазақтарданфутболшы шықпаған, шықпайды да» деп айтып жатады. Осындай сөздер біздің намысқатиеді. Біздің елде әр спорт түрінен таланттар бар деп ойлаймын. Тек оларғажағдай жасауымыз керек.

Андрей Тихонов

- Андрей Тихонов жайлы не айтасыз?

- Мен Андрей Валерийұлымен жақсы тіл табыстым. Футболшыретінде оны бәріміз білеміз. Бірақ жаттықтырушы ретінде жіберген қателіктеріболуы мүмкін. Мұның бәрі Алматыда «Қайратпен» болған ойында басталды. Біріншітаймның бітуіне төрт минут қалғанда ойыншылар алаңнан кетіп қалды. Бұл жердетөрешінің де жіберген қателіктері болды. Олар адам сезбейтін шешімдер қабылдауарқылы кез-келген команданы сындыра алады. Сондай сәттер болды. Мұныфутболшылар анық байқады. Мен киім ауыстыру бөлмесіне кіріп, ойыншыларды алаңғашығардым. Сол кезде олар Тигранның аяғын көрсетті. Тихоновтың қателігі солжерден басталды.

Тихоновпен кездесіп,оған: «Неге ТМД елдерінен әлем чемпионы шықпайды? Бізге не жетіспейді? дегенсұрақ қойдым. Ол бұған жемқорлықтың кінәлі екенін айтты. Сен неге мұныменкүреспейсің десем, ол кісі мұның тамыры тереңге жайылғанын мәлімдеді. «Мен өмірсүргім келеді, сондықтан осы ағыспен жүремін», - деді.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте