ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Мен қазақпын!». Игита елдегі футзалдың дамуына қосқан үлесі һәм мансабын аяқтағаннан кейінгі жоспары туралы

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы әрі капитаны Лео Игита Meta-ratings.kz тілшісіне берген сұқбатында Қазақстандағы футзалдың дамуы, орыс тілін қалай үйренгендігі және мансабын аяқтағаннан кейін не істейтіні туралы айтты.

Игита

— Игита – бұл сенің лақап атың. Қазақстанда толық аты-жөнің бойынша атап көрді ме?

— Көбісі біле бермейтін шығар, бірақ менің шынайы толық есімім – Леонардо де Мело Виейра. Игита деп атау бала кезімде шашымның ұзын болып, әйгілі футбол қақпашысы Хосе Рене Игитаға ұқсатқаннан басталды. Сол алты жасымнан бастап, әлі күнге дейін Игита деп атап келеді.

— Қазақстандық жанкүйерлер де шетелден келген ойыншыларға лақап ат қойғанды ұнатады. Сені де басқаша атап көрді ме?

— Иә, әрине, «Игитажан», «Игита батыр» деп атайды. Бұл құлаққа өте жағымды естіледі. Қазақ футболының тарихына азды-кем үлесімді қостым. Мен қазақпын!

— Қазақстанға 2009 жылы келдің, елімізде 13 жыл бойы тұрасың. Қалай ойлайсың, қазір осы спорт түрі елімізде сол кездегіден әлдеқайда танымал ма?

— Иә, футзал Қазақстанда өте қарқынды дамуда. Мен 2009 жылы ойнап бастаған кезде, қазіргідей қатты танымал болмаған еді. Осы спорт түрінің Қазақстанда дамуына қандай да бір септігімді тигізгеніме қуаныштымын.

Қазіргі футзалдың ойын стилі де басқаша. Көшеде серуендеп жүргенде байқайтыным, теңбіл допты қуып жүрген балалардың арасында талантты ойыншылар аз емес. Қазақстан құрамасы алдағы 10-15 жыл ішінде де фавориттердің қатарында болатынына сенемін.

Игита

— Бразилиядан Қарағанды қаласына көшіп келген кезде, ең алғаш қандай ерекшелікті байқадың?

— Ең алғашқысы бұл – ауа райы, жаздыгүні келгеніме қарамастан, ауа райы салқындау болды. Содан кейін бір байқағаным, көбісі орысша сөйлейтін. Барлығы алғаш рет Бразилиядан келген адамды көргенде ерекше назар аударатын. Ең бастысы – әр адам маған қол ұшын созудан қашқан емес.

— Орыс тілін қалай үйрендің? Арнайы сабақтарға бардың ба әлде өзің үйрендің бе?

— Мен спорттан бөлек өмірде де жеңімпаз болғым келеді. Қазақстанда өмір сүруім оңай болу үшін тіл үйрену керек деп шештім. Арнайы сабақтарға барған емеспін, тек өзім көп естіген сөздерді жазып, португал тіліндегі аудармасын тауып, солай жаттап жүрдім. Күн сайын осылай қайталап отырдым.

Игита

— Жанкүйерлер сенен көбінесе қазақ тілінде бір-екі сөз айтуыңды сұрайды. Қандай қазақша сөздерді жаттап үлгердің?

— Иә, көбіне сый-құрмет білдіретін және күнделікті өмірде қолданатын сөздер: «Қайырлы күн», «Қайырлы кеш», «Ас болсын», «Рақмет».

— Спорттық мансабыңды аяқтағаннан кейін Қазақстанда қалып, футзалды дамытқың келе ме? Болашақта өзіңді қайда көресің?

— Иә, футзал саласында жұмыс істейтін жоспарым бар. Бірақ әлі нақты білмеймін, бапкер боламын ба әлде директор немесе бапкердің көмекшісі ме. Бар білерім, спорт саласында қызмет еткім келеді.

Фото: UEFA

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте