ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Манчестер Ситидің» аңызына айналған Серхио Агуэро футбол әлемінде қандай шыңдарды бағындырды?

33 жастағы Серхио Агуэро денсаулығына байланысты мансабын аяқтайтынынжариялады. Бұл туралы ол баспасөзмәслихатында: «Менің денсаулығым барлығынан маңызды.Дәрігерлер маған футбол ойнамау туралы кеңес берді,сондықтан мен «Барселонадан» және кәсіби футболданкетіпбара жатырмын», - деді шабуылшы көз жасын тыя алмай. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі футболшының мансабына көз жүгіртіп өтті.

Агуэро

30 қазанда «Алавеспен» болған матчтың бірінші таймында Агуэро тынысытарылғандықтан кеудесін ұстап алып, көгалға жата кетті. Мұны байқаған «Барселона»дәрігерлері алаңға зембілмен жүгіріп шықты, бірақ футболшы орнынан тұрып, алаңнанөз бетімен кетті.

Агуэро

Стадиондағы алғашқы тексеру кезінде дәрігерлер ештеңені анықтай алмады. Клубшабуылшыны дереу ауруханаға жеткізді. Бір күннен кейін Агуэро өзінің твиттер парақшасындажақсы жұмыс істеп жатқанын және алаңға оралуға дайын екенін жазды. «Ол футболойнауды жалғастыра алады деп үміттенеміз. Бірақ ұзақ уақыт емделуі қажет», - деп,бұл ақпаратты Хави де растады. Дегенмен,жағдай әлдеқайда күрделі болып шықты: Серхио Агуэроның жүрегіндегі ақау кәсібимансабын жалғастыруға мүмкіндік бермеді.

Серхио Агуэро мансабын өз еліндегі «Индепендьенте» (54 матч, 23 гол)командасында бастаған. 2006 жылы Испанияға қоныс аударып, бес жыл бойы«Атлетико Мадридтің» (175 матч, 74 гол) намысын қорғады. Бұл командамен біргеЕуропа кубогі мен УЕФА Суперкубогін жеңіп алды. Бірақ аргентиналық шабуылшы мансабының ең керемет әрі еңжарқын бөлігін Англияда өткізді.

Серхио футбол әлемінде «Кун» деген лақап атпен танымал болды. Бұл аттыңқайдан шыққанын футболшы өзінің бір сұхбатында айтқан болатын:

«Менің лақап атым бала кезімде көп көрген жапон мультфильмімен тікелей байланысты. Ол жердегі кейіпкер мен секілді тектектеу болатын. Сондықтан атам мені «Кун» деп атап кетті. Бірақ кейіпкердің есімі Кум-кум еді»

Агуэро

Агуэро «Манчестер Ситиге» қиын шақта, яғни клубқа ұзақ жылдар бойы тұрақты өнеркөрсететін шабуылшы қажет болған кезде қосылды. 2011 жылға дейін «Сити» орталықшабуылшыға жарымай, үлкен қиындықтарға тап болды. Робиньо, Санта-Крус, Жо,Адебайор және Балотелли – бұларды сатып алу үшін «қалалықтар» көп ақша жұмсады,бірақ олар өздеріне артылған сенімді ақтамады. Тек Тевес қана жақсы ойнапбастаған еді, бірақ оның да іші пысты ма, әйтеуір клубтағылардың бәріменжанжалдасып, ақыр аяғында «Ювентусқа» ауысты.

Агуэро Премьер-лигадағы алғашқы матчтың өзінде керемет ойнады. 15 тамызда«Суонсимен» өткен матчта аргентиналық шабуылшы алаңға 59-минутта шығып, дубльжасады, онысымен қоймай, Давид Сильваға нәтижелі пас шығарып берді. Англиядағыалғашқы маусымында 23 гол соғып, Робин ван Перси мен Уэйн Руниден кейінгілиганың үздік сұрмергені атанды.

Сегіз маусым бойы жоғары деңгейде ойнаған Агуэро жалғыз өзі қиын-қыстау сәттердекомандасын алға сүйрейтін еді. Сол 2012 жылғы КПР-ге қарсы матчты керемет мысалретінде қарастыруға болады, шабуылшы бұл ойында «Ман Ситиге» Премьер-Лигадағыалғашқы чемпиондық атағын жеңіп алуға көмектескен болатын.

Агуэро

Аргентиналық шабуылшы футболда қалыптасып кеткен екі ережені өзгертті.Біріншіден, ол оңтүстік америкалықтардың Англияның қатал климатынан жәнеагрессивті футболынан қорықпайтынын дәлелдеді. Екіншіден, Премьер-лигада бойықысқа шабуылшылардың да (173 см) жетістікке жететінін көрсетіп берді.

Оның таңғажайып өнері мен маңызды голдарына қарамастан, Англияның кәсіпқойфутбол қауымдастығы Агуэроны екі рет қана маусымның символикалық командасынақосты. Ол «Манчестер Ситиге» келгеннен кейін алты маусым бойы барлықтурнирлерде кемінде 28 голдан соқты. Мұндай көрсеткішті Англия футболыныңтарихында Джимми Гривз ғана тіркеген.

Ал енді Агуэроның «Манчестер Ситидегі» рекордтарына көз жүгіртіп өтейік:

• Клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген: 260 гол;

• Премьер-лига тарихында ең көп гол соққан шетелдікфутболшы: 184 гол;

• Премьер-лигада ойнаған 33 қарсыласының 32-сіне гол соққан;

• 10 маусымда 12 хет-трик жасады. Осы уақыт ішінде Роналду,Кантона, Бергкамп, Клинсманн, Виалли, Са, Бэйл, Фирмино, Старридж, Это'О жәнеЖиру секілді шабуылшылар жабылып жүріп, мұндай көрсеткішке жете алмаған;

• 7 рет Премьер-лигада айдың үздік ойыншысы атанды;

• АПЛ тарихындағы сұрмергендер тізімінде төртінші орынға иеболды.

Агуэро

Англияда Серхио Агуэро мүмкін болған жүлденің барлығын жеңіп алды. Атапайтсақ, бес рет Англия чемпионы атанды, алты рет Лига кубогін, бір рет Англиякубогін және үш рет ел Суперкубогын жеңіп алды. Бірақ басты трофей – Чемпиондарлигасының титулы бұл шабуылшы үшін арман болып қала берді.

Агуэро және Месси

Агуэро Аргентина құрамасы үшін де нашар ойнаған жоқ. 2008 жылғы жазғыОлимпиадада топ жарса, биыл Америка кубогін жеңіп алды. Жалпы өз елінің бастыкомандасы үшін 101 матчта төбе көрсетіп, 41 мәрте қарсылас қақпасынан саңылаутапқан екен. Өзінің жақын досы Мессидің шақыруымен осы жазда «Барселонаға»ауысып еді. Керемет дуэт көреміз бе дегенде, Месси ПСЖ-ға аттанды, ал Серхиомансабын аяқтады. Бірақ каталониялық клуб үшін бес матч өткізіп, анау-мынауемес, «Реал Мадридтің» қақпасына гол соғып кетті.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте