ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Мақсат Әмірханов: «Бала кезімде Филипп Ламға еліктеп өстім. Оның допты тоқтатуы, пас беруін де қадағалап қарайтынмын»

Биылғы Қазақстан премьер-лигасының басты сенсациясы «Тараз» командасы десек қателеспейтін шығармыз.

Армениялық маман Вардан Минасян жаттықтыратын клуб 6 ойында 14 ұпай жинап, көшбасшылар қатарында келе жатыр. Әзірге ешкімнен жеңілген жоқ. Тіпті, сырт алаңда «Қайраттан» бір ұпай еншіледі. Жақында осы команданың капитаны Мақсат Әмірхановты әңгімеге тартқан едік.

Мақсат Әмірханов

– Мақсат, «Тараз» биыл маусымды жақсы бастады. Енді осы қарқынды жоғалтып алмау үшін не істеу керек деп ойлайсың?

– Биыл маусымды сәтті бастадық. Енді чемпионаттың соңына дейін осы қарқынымыздан айырылып қалмауымыз керек. Биыл командаға келген бапкер өте тәжірибелі. Соның арқасында осындай нәтиже көрсете бастадық деп ойлаймын. Әрине, басқа да факторлар әсер ететіні түсінікті. Клуб басшылығы тарапынан да жақсы қолдау бар. Сосын айта кететін бір жайт, біздің Жамбыл футбол мектебінің түлектерінің мінезді келеді. Кез келген матчта ерекше құлшыныспен ойнайды. Жеңіліп жатып, мінез көрсетіп жеңісті жұлып алған кездеріміз бар. Мысалы, бірінші турда «Қайсармен» ойынды айтуға болады.

– Команданы күшейту үшін әлі де ойыншылар қажет шығар?

– Командаға әрине жаңа ойыншылар керек. Онсыз болмайды. Өйткені маусым ұзақ. Алда қаншама тур бар. Кемі бір-екі позицияны күшейтуге тиіспіз. Бірінші кезекте өткір шабуыл өтінде ойнайтын, голды көбірек соғатын футболшы қажет. Трансферлік терезе 8 мамырға дейін созылды. Сондықтан уақыт бар. Үлгеруге болады деп ойлаймын. Ал биылғы келген легионерлерге көңілім толады. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда деңгейлері жоғары. Жанкүйерлер де сол жағын жиі айтып жүр.

Ойын кезінде

– «Тараз» 2004 жылы Қазақстан кубогын ұтқанымен, еурокубокка қатыса алмады. Нақтырақ айтқанда, стадион дайын болмауына байланысты. Енді биыл команданың жолдама алуға қаншалықты мүмкіндігі бар?

– Мүмкіндік жоғары деп ойлаймын. Командалардың деңгейі биыл бір-біріне жобалас. Бізде қазір көбісіне қарымды қарсылық көрсетіп, алты турдан кейін алғашқылардың қатарында келе жатырмыз. Бастысы, осы қарқынды жоғалтып алмауға тиіспіз. Егер «Тараз» клубы маусымның қорытындысы бойынша үздіктер қатарына еніп, еурокубокка жолдама алып жатса, Жамбыл облысы үшін керемет сый болар еді. Өзіміз де еурокубокта ойнағымыз келеді. Оның үстіне, стадионымыз да УЕФА талаптарына сай.

– Биыл командаға «Тараз» футболының түлегі, қорғаушы Елдос Ахметов оралды. Екеуің бір-бірінді тез түсінісе алдыңдар ма?

– Әлбетте. Ондай проблема болған жоқ. Бір-бірімізді бала кезімізден жақсы танимыз. Елдостың командаға келгені дұрыс болды. Жамбыл футболының түлектері ойнағаны жанкүйерлер үшін де қуаныш деп білемін.

Нағыз капитан

– Мақсат, екі матч «Ертісте» өткізегенін болмаса спорттық карьераң толықтай «Таразда» жалғасып келеді. Басқа клубта ойнамағанына өкініш жоқ па?

– Кәсіби футболшы болған соң, ондай құлшыныстар болды ғой. Бірақ ешқандай өкінішім жоқ. Маған өзімнің туып-өскен қаламның намысын қорғаған абырой. Соған қуаныштымын. Алдағы уақытта ондай мүмкіндіктер болып жатса, көре жатармыз. Барлығы уақыттың еншісінде.

Спорттық карьерамды міндетті түрде «Тараз» клубында аяқтағым келеді. Жергілікті жанкүйерлердің алдында соңғы матчымды өткізіп, бутсыны шегеге ілгенге не жетсін!

– Бірнеше жылдан бері «Таразды» алаңға капитан ретінде бастап шығып жүрсің.Капитан болу қаншалықты жауапкершілік жүктейді? Жалпы капитанның міндеті қандай?

– Капитанның міндеті – команданы жұмылған жұдырықтай ұстау. Әрдайым ойыншылармен байланыста болу. Сонымен қатар капитан деген – бапкер мен команданың арасындағы делдал адам. Сол себепті жауапкершілік өте жоғары. Бапкер көбінесе талаптарын маған айтады, мен соны жігіттерге жеткіземін. Туған жеріннің командасының капитаны болу абырой әрі зор жауапкершілік деп санаймын. Жамбыл облысынан шыққан атақты футболшылардың көбісі көптеген командалардың және ұлттық құраманың капитаны болған. Олардың есімдері айтсақ, ұзақ уақытта алады. Менде солар секілді беделді капитан болып, өз есімімді футбол әлемінде қалдырғым келеді.

«Тараз» командасы

– Әлемдік деңгейлердегі қорғаушылардың кімнің ойыны ұнайды?

– «Бавария» мен Германия құрамасының капитаны болған, әлем чемпионы Филипп Ламның ойынына қарап, қызыққанмын. Соның ойын стиліне еліктеп өскенім рас. Оның допты тоқтатуы, пас беруін де қадағалап қарайтынмын. Өте сауатты ойыншы әрі адамгершілігі жоғары футболшы деп санаймын. Филипп осы күні спорттық карьерасын аяқтап кетті.

– Чемпиондар лигасының 2020/2021 жылғы маусымы түгесілуге жақын. Жартылай финалға төрт команда жолдама алып үлгерді. Төрт мықтының арасында қай команданың бағы жанады деп ойлайсың?

– «Манчестер Сити» жеңіске жетеді деп ойлаймын. Сол командаға тілеулес боламын. Өзім бұрыннан «Ювентус» пен «Манчестер Ситиге» жанкүйерлік ететінмін. Алғашқысы, жарыстан ерте шығып қалды. Енді ағылшын клубының топ жаруына тілектеспін. Бас бапкері Пеп Гвардиолаға ерекше көңілім толады. Оның ойын стилі, философиясы ерекше ғой.

– Бұрын командалар әдемі ойын көрсетуге тырысатын. Ал қазір құндылықтар өзгеріп, көбісі бірінші кезекте қандай жолмен болсын нәтижеге қол жеткізуді көздейді. Бұл қаншалықты дұрыс?

– Осы күні прагматикалық ойын көрсететіндердің заманы. Тарихта нәтиже қалады. Бапкерлерден де көбінесе бірінші кезекте нәтижені талап етеді. Сондықтан барлығы жеңіске жету үшін бар күштерін салады. Ойынның сапасы негізінен екінші планға қалып кете береді. Өзіміз білетіндей, Қазақстанға келетін бапкерлерге де бір жыл ғана мүмкіндік береді. Сондықтан барлығы асығады. Бір жылдың ішінде команданы жоғары деңгейге көтеру оңай шаруа деп ойламаймын. Жаттықтырушыға кемі 2 жыл мүмкіндік беру қажет.

Украина-Қазақстан матчы

– Жақында Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізді. Осы екі матчқа қандай баға бересің?

– Франция және Украинамен бір-бір ойын өткізіп үлгердік. Алғашқы матч әлем чемпиондарымен болды. Жақсы тойтарыс берді деп санаймын. Украинамен кездесуде бірінші тайм сәтсіздеу болғанымен, екінші таймда жігіттер мінез көрсетті. Соның арқасында бір ұпайға қол жеткізді. Қазақстан оңай топқа түскен жоқ. Менің ойымша, Франиядан басқаларының бәрінен ұпай алуға болады. Егер осы іріктеуде топта үшінші орын алып жатсақ, жаман емес деп санаймын.

– Әңгімеңе рахмет!

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте