Выбор пользователей

Ұлттар лигасы – ұлттық құраманың көзге түсер керемет мүмкіндігі

Қазақ жанкүйерлерінің қиялы күшті екенін жақсы білеміз. Ендеше ұлттар лигасы жайлы ойлап, оның жуырда өткен жеребесіне тоқтасақ.

Қазақстан құрамасы

Ұлттар лигасының жеребесі тартылып, Қазақстан құрамасының Молдованы жеңген кездегі және жеңілген кездегі ықтимал қарсыластары анықталды. Ең алдымен Қазақстан құрамасы Молдоваға жеңіліп, «D» лигасына түсіп қалар болса қарсыластарымыз кімдер болмақ? Талқылауды осыдан бастасақ. Бұл лигада біздің қарсыластарымыз: Лихтенштейн, Латвия, Андорра. Латвия мен Андорра құрамалары Ұлттар лигасының жарысында біздің қарсыласымыз болған. Бұл екі команда үнемі соңғы лигада жүріп үйреніп қалған. Станимир Стойловтың кезінде біз сол осал деген Андорраның өзімен тең түскен болатынбыз. Ал Латвиямен екі матчта да 1:1 тең ойнадық. Сол жылы топтағы бірінші орынды Грузия еншіледі. Қазақстан Латвия мен Андоррадан жоғары тұрды. Қазір де біз бұл командалардан жоғары екеніміз анық. Талғат Байсуфинов шәкірттері аталған екі командадан оп-оңай айласын асыра алады. Ал Лихтенштейн туралы бірдеңе деп айту қиын. Себебі, бұл командамен Қазақстан құрамасы әлі кездескен жоқ. Бұл команда былайша айтқанда Қазақстан футболшылары үшін таңсық ел. Дегенімен, Лихтенштейннің деңгейі Қазақстан құрамасымен шамалас екені айқын. Егер ең төменгі лигаға түсетін болсақ, онда топта бірінші орын алуға тамаша мүмкіндік болады.

Қазақстан құрамасы

Негізі Қазақстан құрамасы Молдованы екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіп өтуі тиіс. Наурыз айында өтпелі матчтардан кейін біз «С» лигасындағы орнымызды сақтап қалуымыз керек. Сонда біздің қарсыластарымыз мына құрамалар болады: Словакия, Белорус, Әзербайжан. Белорус пен Әзербайжан құрамаларымен біз екі жылда бір мәрте кездесіп тұратын жағдайға жеттік. Бұлардың деңгейі де, футболшылары да бізге жақсы таныс. Ал Словакия құрамасы Қазақстан құрамасы үшін жаңа қарсылас. Бұл ұжыммен біздің команда әлі кездесіп көрген жоқ. Словакия құрамасы өткен Ұлттар лигасы жарысының «В» лигасында өнер көрсетті. Онда Словакия құрамасы Украинаны 4:1 жеңігенімен, қалған матчтардың барлығында жеңіліп қалды. Дегенімен, одан кейін іріктеу турниріне қатысқан Словакия жақсы нәтиже көрсетіп, ЕУРО 2020 додасына қатысты. Біздің топтың анық фавориті де осы Словакия құрамасы. Ал 2022 жылы Қатар мемлекетінде өтетін Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Словакия құрамасы Хорватия мен Ресейден кейін үшінші орынды иемденді. «Интер» сапында ойнайтын Милан Шкриньяр секілді алып денелі қорғаушысы бар Словакия құрамасына қарсы ойнау Қазақстан құрамасының футболшылар үшін де қызық болары анық. Біздің құрама Белорус пен Әзербайжанды артта қалдырып, Словакияға бәсеке танытатын қауқары бар деп есептейміз.

Молдова тақиямызға тар келмейді. Олардан біздің қай жеріміз артық?
Молдова тақиямызға тар келмейді. Олардан біздің қай жеріміз артық?
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Матч-центр
Live
Футбол
Бразилия Чемпионат Бразилии
Гояс
1:2
Интернасьонал
Гояс — Интернасьонал
Live
Футбол
США MLS
Нью-Ингленд Революшн
1:1
Орландо Сити
Нью-Ингленд Революшн — Орландо Сити
Live
Футбол
Бразилия Чемпионат Бразилии
Фламенго
2:0
Куяба
Фламенго — Куяба
Live
Футбол
Бразилия Чемпионат Бразилии
Атлетико Паранаэнсе
0:1
Коринтианс
Атлетико Паранаэнсе — Коринтианс
Live
Футбол
Бразилия Чемпионат Бразилии
Америка Минейро
0:0
Флуминенсе
Америка Минейро — Флуминенсе
Live
Футбол
Аргентина Чемпионат Аргентины
Бока Хуниорс
1:1
Тигре
Бока Хуниорс — Тигре
10:30
Футбол
Китай Суперлига
Хэбэй Илиньшаньчжуан
-:-
Шанхай Шэньхуа
Хэбэй Илиньшаньчжуан — Шанхай Шэньхуа
11:30
Футбол
Китай Суперлига
Тяньцзинь Тэда
-:-
Chengdu Rongcheng FC
Тяньцзинь Тэда — Chengdu Rongcheng FC

Статьи по теме

На данном сайте используются файлы cookie

Это обеспечивает клиентам персонализированный доступ и повышает результативность от посещения ресурса, позволяя нам наиболее эффективно оказывать услуги. Пользуясь веб-сайтом и принимаяусловия настоящей политики, вы даете согласие на использование файлов cookie в соответствии с условиями настоящей политики.