ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Әлемдік сарапшылардың болжамы. Токио Олимпиадасын Қазақстан 20-орынмен аяқтайды

Токио-2020 Олимпиадасының басталуына санаулы күндер қалды. Әлемдегі сараптама жасайтын агенттіктер төрт жылдықтың басты додасына болжамдарын ұсынып үлгерді. Осы ретте олар Қазақстанның мүмкіндігін қалай бағамдап отыр деген сұраққа жауап іздеп көрсек.

ҚР Олимпиада құрамасы

Gracenote Nielsen Company деген спорттық жарыстарға сараптама жасайтын агенттік бар (2016 жылға дейін Infostrada-Sport деп аталған). Олар Олимпиада ойындарына болжамды алғаш рет жасап отырған жоқ. Мысалы, 2018 жылы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның 1 қола медаль еншілейтінін дәл тапқан. Бірақ оның алдында Рио Олимпиадасында 2 жүлдеге қателескен еді. Яғни агенттік 19 медаль жеңетінімізге сенімді болған. Бірақ Қазақстан Бразилиядан 17 жүлдемен оралды. Дегенмен, Рио Олимпиадасында Қазақстан медаль саны жөнінен рекорд жаңартқан.

Gracenote былтырғы жылдың басында пандемиядан бұрын Қазақстан Токиодан 11 медальға қол жеткізеді, оның біреуі алтын болады деп болжаған. Жалпы командалық есепте 26-орынға тұрақтайтынымызға сенім білдірген.

Енді биыл болжамдары өзгерген. Мысалы, сәуір айында Қазақстан 16 медаль алуға қауқарлы деп көрсеткен. Алайда алтын санын тағы да бірден асырмаған. Оның үстіне қай спорт түрінен екенін де айтпаған. Жалпы командалық есепте 20-орынға ие болады деген.

Gracenote Nielsen Company болжамы
Gracenote Nielsen Company болжамы бойынша үздік ондық

Бірінші орынды АҚШ құрамасына ұстатқан. Агенттік олар 114 медаль (43 алтын) жеңіп алады деп болжаған. Екінші орында Қытай бар (85 медаль 38 алтын). Үштікке Ресей олимпиадалық командасы ие болады деп отыр (73 медаль 23 алтын).

Gracenote Nielsen Company болжамы
Gracenote Nielsen Company болжамы бойынша Токиодағы 10-20 орындар
Gracenote Nielsen Company болжамы
Gracenote Nielsen Company болжамы бойынша Токиодағы 20-30 орындар

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті болжам жасауға, алдын-ала қандай тапсырма қойып отырғандарын айтуға асығар емес. «Арық сөйлеп, семіз шығуды көздейді» немесе берген уәделерінде тұра алмай қаламыз деп қорқады. Жақында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында олимпиадалық комитеттің бас хатшысы Андрей Крюков тілшілер бірнеше рет сұрағанымен, жарытып ештеңе айтпады.

«Біз үнемі жекпе-жек түрлері мен ауыр атлетика секілді күшті қажет ететін спорт түрлеріне сенім артып келдік. Бірақ қазір Олимпиада ойындарында жағдай өзгерді. Токиода жаңа спорт түрлері болады. Мысалы, құзға өрмелеуден қатысатын спортшымыз бар. Сол секілді спорттық гимнастикадан Милад Карими осы сайыстың бес түрінен әлемде көшбасшылардың бірі. Бірақ ол алтын немесе күміс медаль алады деп кесіп айту дұрыс емес. Біз спортшының Олимпиадаға тыңғылықты дайындалуына психологиялық тұрғыдан кедергі келтіреміз», – дейді Андрей Крюков.

Ол осы ретте негізінен велоспорт, ауыр атлетика, гимнастика, таэквондо, құзға өрмеулеу, каратэден жүлде күтетінін айтып қалды.

«Біз Дмитрий Баландинге сенім артып отырмыз. Оның дайындығы өте жақсы. Велошабандоздарымыз да соңғы кездері жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Сол секілді әдеттегідей боксшылар мен ауыр атлеттерге де сенім артылады. Дегенмен, бұл спорт екенін жақсы түсінеміз», – дейді бас хатшы.

ҚР Олимпиада құрамасы

Крюков айтқан спорттық гимнастика шебері Милад Карими Олимпиаданың жеті жолдамасына қол жеткізген. Ол Токио Олимпиадасында көпсайыс, еркін жаттығу, қол тіреп секіру, қоссырық, шығыршық, керме және гимнастикалық ат снаряды бойынша жарысқа қатысады.

«Токиода Жапония, Қытай, Ресей спортшылары басты қарсыласым болары анық. Десе де, спорттық гимнастика өте қызық әрі жұмбаққа толы спорт түрі. Мұнда кімнің жеңімпаз болатынын, жарыста кімнің мықты болатынын алдын ала біле алмайсың. Мықтылары ұтылып, тосыннан танымал емес спортшы топ жаруы да мүмкін. Айтпақшы, бала кезден осы спорттағы кумирім, жапониялық Кохэй Учимирамен бірге сайысқа түсемін», – дейді Милад Карими olympic.kz берген сұхбатында.

Қазақстан жазғы Олимпиада ойындарынан 1996 жылдан бері қатысып келеді. Осы жылдардың ішінде командалық есептегі ең жоғары көрсеткішіміз 2000 жылы Сиднейде тіркелген. Ол кезде 22-орынға тұрақтағанбыз. Кейіннен 2012 жылы барлық рекорд жаңарып, 7 алтынмен 12-орынға дейін көтерілген едік. Алайда қуанышымыз ұзаққа созылған жоқ. Допингке байланысты 4 алтынымыздан айырылып, 25-орынға дейін сырғыдық. Соңғы рет Риода медаль саны жөнінен рекорд жаңарды. Отандастарымыз 17 жүлдеге ие болды.

Енді Токио төрінде Қазақстан құрамасы 27 спорт түрінен бақ сынайды. Жапония жерінде 95 отандық атлет ел намысын қорғайды. Құрама сапында 63 ер және 32 әйел спортшы бар. Олимпиада ойындарында боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова Қазақстанның туын ұстап шығады. Ашылу салтанаты 23 шілдеге жоспарланған.

Қазақстан жазғы Олимпиада ойындарынан тек бір рет ғана 2004 жылы жалғыз алтынмен оралған. Одан кейін кемі 2 алтыннан төмен түскен емеспіз. Осы ретте Gracenote агенттігінің болжамымен келісеміз бе? жоқ әлде олар болжағаннан жоғары нәтиже бола ма?

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте