ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Легионерлер легі. Агенттер мен спорт директорларының қателіктері

Өткен маусымда Қазақстан біріншілігіне келіп ешқандай сүбелі ойынымен көзге түспеген легионерлер бар. Футболшы таңдау кезінде бапкерлер мен клуб басшылары неден қателесті?

Смайлагич

«Астана». Смайлагич

Ең алдымен әңгімені «Астанадан» бастасақ. Бұл команда сапына маусым басында Босния елінің футболшысы Самир Смайлагич келіп қосылды. Ұзын бойлы шабуылшы баспен де жақсы ойнайды екен деген пікірлер айтылды. Команда бас бапкері Андрей Тихонов Смайлагичке сенім артты. Жас шабуылшыны Түркістан қаласында өткен Суперкубок ойындарында алаңға шығарды. Алайда, форвард нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алмады. Жыл сайын легионер алу кезінде қателік жіберетін «Астананы» биыл не күтіп тұрғаны белгісіз. Ал «Тобыл» мен «Қайрат» сапында алаңға шықпай, қосалқы құрамда отырып қалған легионерлер мүлде жоқ. Соның арқасында бұл екі клуб турнирлік кестеде «Астанадан» биік болды. Ал жалпы Смайлагич маусым ортасында «Қызылжар» командасына ауысты. Петропавл командасы оны жалға алды. Бірақ, шабуылшы 8 ойынға қатысты демесеңіз, мұнда да ештеңе тындырмады. Қайта маусым соңында клубтың футбол орталығының түлегі Владислав Прокопенко жақсы қырынан көрінді. Смайлагичтен еш жері кем болмады.

«Қызылжар»

«Қызылжар»

Біріншілікте 4 орын алған «Қызылжар» сапында түсініксіз легионерлер өте көп болды. Мысалы, ресейлік Сергей Бугриев деген қорғаушы 2 ғана матчта алаңға шықты. Ал жартылай қорғаушы Павел Яковлев 8 ойынға қатысты. Бірақ, Ресейден келген сырт футболшы үшін бұл аз көрсеткіш. Андрей Карпович сонымен қатар, Грузия азаматы Романи Чантурия деген шабуылшы алды. Алғы шепте ойнайтын аяқдопшы маусым барысында 5 рет алаңға шықты. Командаға мүлде көмегі тимеді. 8 рет алаңға шыққан Неманья Обрадовичтің де қарық қылғаны шамалы. Сербиялықтың Карпович қайда бапкер болса сонда ауысып баратын әдетін де айта кетейік. Былайша айтқанда Обрадович «Карповичтің командасында». Осы аталған легионерлер қомақты қаржы алып, жергілікті ойыншылар армандайтын жалақыны қалталарына басқаны анық. Сонымен, «Қызылжардың» футболшы сұрыптау бөлімінің жұмысы сын көтермейді деген тоқтамға келдік.

Игорь Коркишко

«Ақтөбе»

Біз бұл ортада «Ордабасы» клубын қалдырып кеттік. Себебі, командада қаржы күрт азайып, команда қарызға батты. Сондықтан да, легионерлер жапа тармағай жан-жаққа ауысып кетті. Ал «Ақтөбе» сапында Игорь Губанов деген ресейлік қорғаушы ойнады. Ол маусым барысында 5 рет алаңға шықты. Жергілікті таланттардан тасып тұрғаны шамалы. Бірақ, бапкерлер осы ойыншыға 5 рет сенім артты. Неге екені белгісіз? Тасқамал қорғаушы деп айтуға ауыз бармайды. Талантты болса ол ойыншы Ресейден Қазақстанға ауыспас та еді. Ресейде кәсіпқой деген 100-ге жуық клуб бар емес пе? Никита Лактионов деген жартылай қорғаушы «Ақтөбе» үшін 1 рет алаңға шықты. Осылайша ол агенттер мен спорт директорлардың сенімін ақтап, қомақты қаржысын алып ауылына кетті. Ресейден футболшы шақырып, оны бір рет алаңға шығару не деген күлкілі әрі аянышты оқиға. Игорь Зенькович пен Игорь Коркишко деген 2 шабуылшының да «Ақтөбеге» керегі шамалы еді. Олар клубқа ауыспас бұрын-ақ жанкүйерлер солай ойлаған. Олар 4-5 рет алаңға шығып, 5-6 ай жалақы алды. Басқа ештеңе де тындырмады.

Гащенков

«Ақжайық»

Батыс Қазақстан облысының беткеұстар командасында украиналық ойыншылар көп болды. Себебі, бапкер Владимир Мазяр Украинадан. Виталий Приндета деген қорғаушы «Ақжайықтың» жейдесімен 4 рет алаңға шыққан. Сосын, жасы 33-ке келген Степан Сикач деген қақпашы болыпты. Ол 2 мәрте қақпа қорғаған. Режиналдо 4 ойынға Гащенков деген ресейлік футболшы 7 ойынға қатысыпты. Легионер үшін аз деп ойламайсыз ба?

«Атырау»

«Атырау»

«Атырау» биыл қатты таңқалдырды. Бұл команда маусым барысында кейбір матчтарға 11 сырттан келген футболшымен шықты. Яғни, құрамында бірде-бір Қазақстан азаматы алаңға шықпаған кездер болды. Десе де, Белорусь мемлекетінің азаматтығы бар Владимир Медведь небәрі 2 рет алаңға шыққан. Команда ойынына көмектесе алмайтын жап-жас белоруссиялық легионерді командаға алып жатқан кезде ешкім ойланбады ма сонда? Демек, агенттер мен спорт директорлар арасында бармақ басты көз қысты әрекеттер орын алған шығар?!

Мусабеков

«Тұран»

Тамирлан Козубаев деген қырғызстандық легионер 1 рет алаңға шығыпты. Ал украиналық Евгений Чумак киелі Түркістан қаласының командасы үшін алаңға 4 рет еніпті. Жартылай қорғаушы Фархадбек Мусабековтың де Қырғызстаннан Қазақстанға келіп ойнау күмән тудыратын трансфер еді. О баста солай сезілген, солай болды да.

Калеб

«Қайсар»

Маусым барысында қызылордалық клуб Қазақстаннан тыс аумақта туған аяқдопшылардың 11-ін шақырыпты. Дегенімен, бәрібір де Премьер-лигадан шығып қалдыг. Ұят па? Ұят. Түгел қызылордалық ойыншыларды шығарсаңыз мұнша абыройсыздыққа ұшырамас едіңіз. Қорғаушы Михайл Мищенко (Ресей) 6 матч, Бименимана Калеб (Бурунди) 7 матч. Екеуінің де «дала қасқырларына» әкелген пайдасы жоқ. Пайдасы болса онда бізге үлкен өлшемдегі микроскоп қажет болады. Ал қақпашы Артем Леоновтың қызылордалық клубтың қақпасын күзеткені тіпті ақылға қонымсыз.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте