ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Күтпеген трансферлер, Чемпиондар лигасындағы реформа, Суперлиганың сәтсіздігі. 2021 жылы орын алған 21 оқиға

2021 жыл әлем футболы үшін маңызды жаңалықтарға толыболды. Біз күтпеген трансферлер болды, жаңа турнир қосылды, чемпиондарауысты. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі өткен жылы орын алған 21 оқиғаны еске түсірмек.

Трансферлер

1.Бір-екі күн өмір сүрген Суперлига

Сәуір айында 12 клуб УЕФА-дан бас тартып, жаңа турнир,яғни Суперлиганы құруға дайын екендіктерін мәлімдеді. Бұл бастаманы «МанчестерЮнайтед», «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Арсенал», «Челси», «Тоттенхэм», «Барселона»,«Реал Мадрид», «Атлетико», «Интер», «Милан» және «Ювентус» командалары қолдады.Алпауыт клубтар осы турнир арқылы көбірек ақша тапқысы келді.

Суперлигаға бас-аяғы 20 команда қатысады деп жоспарланғанболатын, «JP Morgan» банкі турнирді қаржыландыруға дайын болды. ФлорентиноПерес Суперлиганың президенті болып бекітілді. Ол 2000-шы жылдардың басынанбері бұл идеяны жүзеге асыруға тырысты, бірақ мұнысынан ештеңе шықпады.

Суперлига

Тура екі күннен кейін Суперлига жобасы күйреді: алдымен «Челси» бұл турнирден бас тартты, одан кейін сегіз бірдей команда лондондық клубтың ізінен ерді. Тек «Реал», «Барселона» және «Ювентус» өз дегенінен қайтпады. УЕФА Суперлига идеясынан бас тартпаған клубтарға Чемпиондар лигасына қатысуға тыйым саламыз деп қорқытты.

Чеферин жобаның жабылуын өзінің басты жеңісі деп санайды, бірақ Суперлига идеясы әлі күнге дейін жойылған жоқ: клубтар жаңартылған турнир жоспарын ұсынды, ал «Барселона» президенті Жоан Лапорта Переспен бірге соңына дейін күресетіндерін айтуда.

2. Жанкүйерлер трибунаға оралды

2021 жылдың мамыр айында толық болмаса да, жанкүйерлерге чемпионат матчтарын стадионнан тамашалауға рұқсат етілді, ал жаңа маусымнан бастап (2021 жылдың тамызы) стадионға 100% жанкүйерлер кіре бастады. Бірақ А сериясы жаңа маусымды 50% көрерменмен бастады.

3. Чемпиондар лигасының форматы өзгерді

Суперлиганың құрылуы туралы мәлімдемеден кейін УЕФА Чемпиондар лигасының жаңа форматын бекіту туралы шешім қабылдады. Дегенмен, өзгерістер 2023/2024 жылғы маусымнан бастап өз күшіне енеді. Кәрі құрлықтың басты додасында 32 емес, 36 команда бақ сынайтын болады және турнир «швейцариялық жүйе» бойынша жұмыс істемек: бір команда 10 матч (бесеуі өз алаңында, бесеуі сырт алаңда) өткізеді, қарсыластар ұқсас нәтижелер бойынша таңдалады (жеңімпаздар жеңімпаздармен, жеңілгендер жеңілгендермен ойнайды). Алғашқы сегіз команда плей-офф кезеңіне өтеді, 9-24-орындағы клубтар 1/8 финалға өту үшін қосымша матч өткізеді, ал 25-36-орындағылар турнирден шығады.

4. Жозе Италияға, Конте Англияға оралды

«Тоттенхэмде» 17 ай жұмыс істеген Моуриньо қызметінен кетті. Португалиялық маман 2002 жылдан бері алғаш рет бір командамен трофей жеңе алмады. Бірақ ол ұзақ уақыт жұмыссыз қалған жоқ – күзде «Рома»Жозені бас бапкер етіп тағайындады. Қазір команда жүлделі орынға таласып жатқан жоқ, сондықтан Моуриньоның трофейсіз сериясы бес жылға созылуы мүмкін.

Моуриньо мен Конте

«Тоттенхэм» тізгінді Нуну Эшпириту Сантуға сеніп тапсырды,бірақ көп ұзамай оны да жұмыстан шығарып, Антонио Контені бас бапкер етіпбекітті.

5. Күтпеген чемпиондар: «Лилль»,«Интер» және «Атлетико»

Франция. Маусымның соңғы матчы алдында «Лилль» ПСЖ-данбір ұпайға, «Монакодан» үш ұпайға алда тұрды, сондықтан титулдың иесі соңғытурда анықталды. Бұл жолы «Лилльдің» мерейі үстем болды. Команда соңғы рет 10жыл бұрын, 2010/2011 жылғы маусымда чемпион атанған болатын - осы уақыт ішіндеПСЖ жеті рет, «Монпелье» мен «Монако» бір рет алтыннан алқа тақты. Чемпионатбарысында «Лилль» тек үш рет жеңілді, бұл лигадағы ең жақсы нәтиже ретіндетіркелді.

Лилль

Италия. 2011/2012 жылғы маусымнан бері «Ювентус» чемпионатанып келді. Италияда 9 жыл бойы чемпион өзгерген жоқ. Осы жылы олардыңгегемониясы бұзылды: Контенің басшылығымен «Интер» Скудеттоны жеңіп алды.

Испания. Чемпионаттың аяқталуына төрт тур қалғандаинтрига жоғалмаған еді: бірден төрт команда, атап айтсақ, «Барселона», «Реал»,«Атлетико» және «Севилья» чемпиондық атаққа таласты. Нәтижесінде, «Севилья»төртінші орынға, каталониялық клуб үшінші орынға жайғасты. Ал «Атлетико» «РеалМадридтен» екі ұпайға озып, чемпион атанды.

6.Левандовски Мюллердің рекордын жаңартты

1972 жылы Герд Мюллер Бундеслиганың бір маусымында 40 голсоқты, содан бері бұл рекордты ешкім жаңарта алмады. Ал 2021 жылы РобертЛевандовски 41 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеп, өз есімін тарихқа енгізді.

Желтоқсан айында Левандовски күнтізбелік жылдағы голдарсаны бойынша Мюллердің тағы бір рекордын жаңартты. 1972 жылы неміс футболшысы42 гол соқса, Роберт 2021 жылы 43 голдың авторы атанды.

7. «Челси» Чемпиондар лигасындатоп жарды, алЭмери тағы да Еуропа лигасын жеңіп алды

Тоғызжылдан кейін «Челси» финалда «Манчестер Ситиді» жеңіп (0:1) тағы да Еуропаныңтриумфына айналды. Бұл ТомасТухельдің бірінші жүлдесі, клуб үшін Чемпиондар лигасындағы екінші, ал РоманАбрамович үшін командадағы 19-шы трофей болды.

Челси

Бесфинал, төрт жеңіс – Еуропа лигасынешімУнаи Эмериден артық жеңгенемес. Үш рет «Севильямен» топжарса,биыл «Вильярреалмен» аталмыш кубоктіиеленді.

8.Эриксен және Дания құрамасының ерлігі

Финляндиямен болған матчтың 44-минутында даниялық футболшылардыңбірі допты ауттан ойынға қосты, дәл осы сәтте Кристиан Эриксен күтпеген жерден есінентанып қалды. Оған ұзақ уақыт бойы медициналық көмек көрсетілді. 10 минуттан кейінЭриксенді зембілмен алып кетті, матч бір-екі сағаттан кейін қайта жалғасты.Кейін белгілі болғандай, Кристианның жүрегі тоқтап қалған екен.

Дания құрамасы

Оқиға Дания құрамасын біріктіріп, оларға үлкен серпінберді. Нәтижесінде даниялықтар Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты. БірақАнглияға (2:1) есе жіберіп, финалға берілетін жолдамадан құр қалды.

9. Сырталаңда соғылатын голдың маңыздылығы жойылды

Дәл осы Еуропа чемпионаты өтіп жатқан кезде УЕФАреволюциялық шешім қабылдады. 2021/2022 жылғы маусымнан бастап Чемпиондарлигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасындағы сырт алаңда соғылатын голдыңмаңыздылығы жойылды. Енді матч тең есеппен аяқталса, овертайм немесе пенальтисериясын көретін боламыз.

10.ЕуропачемпионатынИталия, Америка кубогінАргентина жеңіп алды

Италияқұрамасы финалда Англияменкездесті. Гарет Саутгейт пен жанкүйерлер үшінөз елінде жеңіскежету өтемаңызды болды, бірақ«Уэмблиде» италиялықтардың бағы жанды: драмаға толы өткен матчтың пенальти сериясында «Скуадра Адзурраның» асығы алшысынан түсті.

Италия құрамасы

Ал Месси Аргентина құрамасымен бірге көптен күткенжүлдесіне қол жеткізді. Оған дейін Месси 2014 жылғы әлем чемпионатында күміскеие болып, Америка кубогінің финалында үш рет жеңілген болатын. Осы жазда оныңарманы орындалды. Аргентина 1993 жылдан бері алғаш рет Америка кубогін жеңіпалды. Бразилиямен болған финалдық матчтағы жалғыз голды Анхель Ди Мария соқты.

Аргентина құрамасы

11. Месси мен Рамос ПСЖ сапынаауысты

Лео «Барселонада» қалғысы келді, бірақ Ла Лиганың ережесінесәйкес, каталониялықтар оны командада сақтап қала алмады.

«Клубпен барлық мәселе жайлы келістік, толық түсіністік болды, ешқандай келіспеушілік орын алған жоқ. Мен жалақымды 50 пайызға қысқарттым, олар басқа ештеңе сұрамады. «Барсада» қалатыныма сенімді болдым. Бірақ бұл Ла Лига ережелеріне байланысты мүмкін болмады», - деді Месси баспасөз мәслихатында.

Осылайша, Месси ПСЖ клубымен екі жылдық келісім-шарт жасасты. Бірақ париждік клуб сапында бұрынғы деңгейінде ойнай алмауда. Бас-аяғы 16 матч өткізіп, алты гол соқты, төрт нәтижелі пас берді.

Месси және Рамос

ПСЖ команданы күшейту үшін «Реал Мадридтің» капитаныСерхио Рамосты еркін агент ретінде қатарға қосты. Бірақ ол жарақатынабайланысты бірнеше ай бойы алаңға шықпай, жалақы алып жүрді. Испаниялық футболшыПСЖ клубындағы дебютін қарашаның соңында «Сент-Этьенге» қарсы матчта жасады.Одан кейін үш ойынға қатысып, бір қызыл қағаз алды. Чемпиондар лигасыныңплей-офф кезеңінде Рамос өзінің бұрынғы командасы «Реал Мадридке» қарсыойнайтын болады.

Роналду

12.Роналду «Манчестер Юнайтедке» оралды

Мессиден кейін Роналдудың «Ювентустен» кететіні туралыхабар футбол әлемін дүр сілкіндірді - португалиялық шабуылшы «МанчестерЮнайтедке» оралды. Ол Италиядан өзі кеткісі келді және «Манчестер Ситиге» ауысуғабір табан жақын болды, бірақ соңғы сәтте бәрі өзгерді: Роналду бұған дейінгіжеті жылын өткізген клубқа қайта оралды. Англияға келгелі бері Криштиану «қызылсойқандар» үшін 21 матчқа қатысып, 14 гол соқты және 3 нәтижелі пастың авторыатанды.

13.Конференция лигасының тұсауы кесілді

Аталмыш турнир Еуропа лигасының беделін арттыру үшін, Чемпиондарлигасына шағын командалардың кіруін барынша азайту және еурокубоктегікомандалардың жалпы санын 96-ға жеткізу мақсатында ойлап табылған. Оған Қазақстанныңатынан «Қайрат» командасы қатысты. «Базель», «Карабах» және «Омониямен»шеберлік байқасқан алматылық клуб топтық кезеңнен әрі аса алмады.

14.«Шериф» – Чемпиондар лигасында

Молдовалық клуб Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндесенсация жасады: алдымен «Шахтерді» ұтып, кейін «Реалдан» айласын асырды. Біраққалған төрт ойында бір ғана ұпайға ие болды. Дегенмен, «Шериф» еурокубоктегіжорығын әрі қарай жалғастыра бермек. Команда Еуропа лигасының плей-офф кезеңінешығу үшін өтпелі матч өткізеді.

15. Куманның кесірінен күйреген «Барселона» жаңа бапкер тағайындады

Өткен жылы «Барселона» үлкен қиындықты бастан кешірді.Біріншіден, Месси командадан кетті, ал каталониялық клуб чемпионатты сәтсізбастады, Чемпиондар лигасында «Бавария» мен «Бенфикаға» жол берді, нәтижесінде«Барселона» 2000/2001 жылғы маусымнан бері алғаш рет бұл турнирдің плей-оффкезеңіне шыға алмады. Енді, команда Еуропа лигасының өтпелі матчында анау-мынау емес, «Наполимен» кездеседі.

Рональд Куман

Куманның қолынан ештеңе келмеді. Жанкүйерлер «РеалМадридпен» болған матчтағы жеңіліске шыдамай, бапкердің кетуін талап етті. Көпұзамай нидерландылық маман 10 миллион еуроны қалтасына басып, жұмыстан қуылды. Аңызғаайналған Хави бас бапкер етіп тағайындалды, қазір испаниялық маман команданықайта жасақтауда.

16. Италиямен Португалия әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде сәтсіздікке ұшырады

Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі сенсациямен аяқталды:Еуропаның бұрынғы және қазіргі чемпиондары өз топтарында екінші орындардыиеленді және Катарға жолдама алу үшін өтпелі матч өткізеді.

Жеребе нәтижесінде екі команда да С жолағына түсті, ИталияСолтүстік Македониямен, Португалия Түркиямен ойнайды. Егер жеңіске жетсе, қоскоманда финалда кездеседі. Яғни әлем біріншілігіне екі команданың біреуі ғанабаратын болады.

17. Роналду800-голын соқты

Роналду өзінің есімін футбол тарихында талай рет жазды,бірақ 2 желтоқсанда ол тағы да үлкен көрсеткішке қол жеткізді: Премьер-лигадағы«Арсеналға» қарсы матчта (3:2) ол өзінің мансабындағы 800-голын соқты. Бұлтарихи жетістік және Роналдуды футбол тарихындағы үздік сұрмерген деп атауғаболады. Себебі Пеле, Ромарио және Йозеф Бицанның қанша гол соққаны әлі күнгедейін белгісіз.

18. Италиядаалаяқтар пайда болды

«Ювентус» басшылығы полицияның назарына ілікті. Клуб басшылары жалғанқаржылық есеп беру арқылы пайдатаптыдеген күдікке ілінді. Яғни, Фабио Паратичи, АндреаАньелли, Павел Недвед секілді адамдар трансферге жұмсалған қаржыны өтірікжазып, қалған ақшаны өз қалталарына басқан екен. Кейін белгілі болғандай, тек «Ювентус»қана емес, «Интер», «Аталанта», «Дженоа», «Наполи» және «Сампдория» клубтарынада дәл осындай айып тағылды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

"Ювентус" басшылары

19.Месси жетінші «Алтын допты» алды

Биыл бұл жүлдені Левандовски алатындай көрінді, бірақ олайболмады. Месси мансабындағы жетінші жүлдесін алу үшін сахнаға шықты. Ол дауысберу қорытындысы бойынша 613 ұпай, ал Роберт 580 ұпай жинады.

Месси және Левандовски

Салтанатты рәсімнен соң France Football басылымының басредакторы Паскаль Феррет Левандовскидің «Алтын допты» алуы мүмкін екенінжасырмай айтты: «Оған бұл жүлдені қайта беру туралы ойлануға болады, бірақ біз «Алтындоптың» тарихын құрметтеуіміз керек. Біз «Левандовски өткен жылы «Алтын допты»алатын еді» деп сенімді бола алмаймыз. Дауыс беру процессі болған жоқ. Бірақөткен жылы Левандовскиде тамаша мүмкіндік болатын еді».

20.Чемпиондар лигасының жеребесі қайта тартылды

Футбол жанкүйерлері Роналду-Месси текетіресін қайтакөреміз бе деп еді, бірақ алғаш рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінеарналған жеребе тарту рәсімі бірнеше өрескел қателіктерге байланысты қайтаөткізілді. Нақтырақ айтсақ, «Манчестер Юнайтед» пен «Атлетиконың» себеттерінетоптық кезеңдегі қарсыластар қайта түскен екен.

21.Агуэро жүрек ауруына байланысты мансабын аяқтады

30 қазанда «Алавеспен» өткен матчтың бірінші таймыаяқталар тұста Агуэроның тынысы тарылды, содан кейін ол кеудесін ұстап, бір-екісекундтан кейін көгалға құлады. Дәрігерлер жүгіріп келіп, оны алаңнан алыпкетті. Ауруханадағы алғашқы тексеру кезінде дәрігерлер қауіпті ештеңені анықтайалмады, сондықтан тереңдетілген тексеріс қажет болды. Агуэро бәрі жақсы екенінжәне матчқа дайындалып жатқанын хабарлады, бірақ кейін мұндай диагнозбен(тахикардия) спорттық мансабын жалғастыра алмайтыны белгілі болды.

Серхио Агуэро

2021 жыл драмаға толы болды. Біраз адам көзіне жас алды.Месси жылап, «Барсадан» кетті, Агуэро жылап, мансабын аяқтады, англиялықтарфиналда жеңіліп, көз жастарына ерік берді. Даниялық жанкүйерлер Эриксенді алаңдап,жылады. 12 айдың ішінде күтпеген оқиғалар орын алды. Осының бәрін сараптасақ,2021 футбол үшін соңғы бес жылдағы ең маңызды жыл болды деп айтуға болады.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте