ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Букмекер №1 в Казахстане
Лучшее приложение 2025*
Онлайн-букмекер №1
Лучший букмекер 2025*
Самый надежный букмекер

«Франциямен салыстырғанда Тәжікстан маңызды болған тәрізді». Жалмағамбетов құраманың ойындары туралы айтты

Қазақстан құрамасы жолдастықкездесуде Тәжікстанды жеңгеніне қарамастан ешкімнің Қазақстанның ойынына көңілітолған жоқ. Матчтан кейін ұлттық құраманың экс-қорғаушысы Максим Жалмағамбетов Qazsportарнасының студиясында қонақта болып, өз ойымен бөлісті. Meta-ratings.kz тілшісістудияда айтылған пікірлердің ең маңыздысын жинақтаған болатын.

Максим

– Франциядағы ойынның есебінфутболшылар Тәжікстанмен кездесуде ойларынан шығарып үлгерді ме?

– Қоғамда резонанс тудырған ойынды екі күннің ішінде қалай ұмытуға болады?Ол мүмкін емес. Бұл матчқа қатысты қаншама әңгіме болды. Басшылықтан бастап,ойыншыларға дейін сынның астында қалды. Ойынның сапасына, нәтижесіне, негізгіқұрамды таңдауға дейін сөз етілді.

– Ал Тәжікстанмен матч не үшінқажет болды?

– Тәжікстанмен не үшін жолдастық кездесу өткіздік? Осының себебінтүсінбедім. Кез келген матчтың стратегиялық мәні болуы тиіс. Федерациябасшылығы мен бас бапкер ақылдасуы керек. Жолдастық ойынды көбінесе құрамаларбелгілі бір турнирге дайындық есебінде жүргізеді. Ал біз іріктеу кезеңіаяқталып, футболшылар демалысқа кеткен кезде өткізіп тұрмыз. Бұрын ОрталықАзиядағы Тәжікстан, Қырғызстан секілді көршілерімізбен Әзірбайжан, Андорра,Армения секілді өзімізбен деңгейлес командалармен кездесер алдында ойнайтынбыз.

Меніңше, қатарынан 15 жеңілістен кейін құрама ойыншыларын сергітіп алумақсатында ұйымдастырылған секілді. Сосын ФИФА рейтингінде аз да болсакөтерілейік деген шығар.

Қазақстан

– Тәжікстанмен кездесуден кейіносы құраманың болашағы бар деп айта аласыз ба?

– Қазір ойнап жүрген футболшылар ­– соңғы 10-15 жылдағы жүйенің өнімдері.Тәжіктердің өзі бізден мықтырақ екенін байқатты. Әйтеуір, 15 матчқа созылғанжеңіссіз серия үзілді. Соған ғана қуанамыз. Басқа позитив көріп тұрған жоқпын.Жалпы бұл құрамадан ешқандай болашақ көріп тұрған жоқпын.

Өз алаңымызда допқа иелік етуден де кемшін түстік. Қарсылас 52 пайыз допқаиелік етіпті. 90 минут бойы қақпаға жалғыз тура соққы жасағанбыз. Оның өзіқарсыластың қақпашысының қателігінен кейін. Голдан басқа барлық статистикалықкөрсеткіштер бойынша тәжіктер бізден үздік болды.

– Жолдастық кездесуде негізіненқандай ойыншылар ойнағаны дұрыс?

– Осындай жолдастық матчта көбіне қосалқы құрамдарға, жас фтуболшыларғамүмкіндік беріп жатады. Біз тек Әлібек Қасым мен Сұлтанбек Астанов үшін ғанаТәжікстанмен жолдастық кездесу ұйымдастырған сияқтымыз. Бас бапкер келесііріктеу кезеңінде кімдерге сенім артқысы келеді, сондай ойыншыларды сынақтанөткізу керек қой. Құрамада Малый, Марочкин, Тағыберген, Логвиненко, Щеткинсекілді ардагер ойыншылар жүр. Олар бір циклден кейін ойнамайтыны анық. Қазір17, 19,21 жас секілді жастағы құрамалардың барлығында Еуропа чемпионатыныңіріктеу кезеңінде соңғы орында жүрміз. Бұл ойыншылар алдағы кемі 4-5 жылдаұлттық құрамада ойнайтындар.

Малый

– Францияға ойынға шықпағанфутболшылар жолдастық кездесуде бой көрсетті...

– Иә, Логвиненко, Тағыберген, Қасым, Дарабаев, Малый секілді футболшылардыастанада қалдырып кетті. Бас бапкер жарақаты болғандықтан қатыса алмады депайтты. Бірақ екі күннің ішінде жазылып кеткендеріне күмәнім бар. Егер Францияменойнаса, Тәжікстанға қарсы да олар шыға алар еді. Өйткені осындай стратегияболған. Яғни Франциямен әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде ойын емес,Тәжікстанмен жолдастық кездесуге басымдық берген.

– Егер негізгі құрамды апарғандада ұтылар едік қой. Бізге 0:4 немесе 0:8 есебімен жеңілудің қандай маңызы бар?

– Бұл сұраққа Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам лайықты жауапберді деп ойлаймын. Ол қарсыласқа құрмет көрсеткенін жеткізді. Франция 90 минутбойы бар күштерін салды. Әйтпесе, 1-2 голсалып, алаңда мазақ қылып жүруілеріне де болар еді ғой.

Абат

– Франциямен кездесуге шыққанқұрам жайлы не айтасыз?

– Әліп, Марочкин, Ерланов үштігі ешқашан бірге негізгі құрамда шыққан емес.Сосын шабуыл шебіндегі Абат Айымбетов ұзақ уақыт жарақатына байланыстылазеретте болған. Тек Франциямен кездесу алдында «Қайратпен» кубоктағы матчтаалаңда өнер көрсетті. Соған қарамастан Парижде бірінші минуттан бастап ойынғақосып жібереді.

Максим

– 2007 жылы Тәжікстанменкездесуде алаңға шығыпсыз. Ол кезбен салыстырғанда айырмашылық бар ма?

– Ол уақытпен салыстырған Тәжікстан құрамасының деңгейі өскені байқалыптұр. Екеуі екі команда. Қорғанысқа жатып алу жоқ. Біздің айып алаңымызда бесойыншы жүрді. Өкшемен де беріп жатты. Біздің қапталдағы ойыншыларды оп-оңайөтіп кетіп жатты. Ал Қазақстанда ондай жүйелі шабуыл болған жоқ.

– Қазақстан құрамасының бұданжақсы ойнауға мүмкіндігі бар ма?

– Әрине, бар. Қалай жоқ деп айтасың? Ол үшін ойыншылар басқа чемпионаттарғабару керек. Әйтпесе, жылдан-жылға құраманың деңгейі құлдырап барады.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!