ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Еурокубокте Құрбан Бердыевтің құрбаны болған ТОП-5 клуб

Құрбан Бердыев ресми түрде «Қайраттың» бас бапкері қызметіне тағайындалғаннан кейінгі алғашқы матчында-ақ тарихи жетістікке қол жеткізіп, алматылықтардың тұңғыш рет еурокубоктік доданың топтық кезеңіне шығуына себепші болды. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі 69 жасар маманның бапкерлік мансабындағы талайды тамсандырған матчтарын еске алмақ.

Бердвеы пен Гвардиола

Чемпиондар лигасы-2009/10. «Барселона» – «Рубин» 1:2

«Камп Ноуда» «Барселонаны» жеңу – Бердыевтің Еуропа футбол сахнасындағы ең үздік жетістігі екені сөзсіз. «Рубин» Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі дебюттік жылында сенсация жасап, каталондықтарды тізе бүктірді. Александр Рязанцев пен Гёкдениз Қарадениздің голына «Барселонадан» Златан Ибрагимович ғана бір доппен жауап қатып, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Бірақ осынау айтулы жеңіс қазандықтар үшін топтағы жалғыз жеңіс болып тіркеліп, плей-офф кезеңіне шыға алмады. Дегенмен Бердыевтің командасы Гвардиоланың шәкірттеріне өз алаңында да жеңілмей, тең (0:0) тарқасқанын айта кеткен жөн. Бердыевтің «Рубины» Пеп үшін алынбас қамал болды сол жылы.

Еуропа лигасы-2011/12. «Рубин» – «Тоттенхэм» 1:0

Бердыев екі аяғын бір етікке тыққан тағы бір клуб «Тоттенхэм» еді. Лондонда есе жіберген қазандықтар өз алаңында қалай да есе қайтаруға тырысты және дегеніне жетті. Бибрас Натхоның жалғыз голы англиялықтарды жеңіп, тіпті, оларды үшінші сатыға сырғытып, топтан екінші орымен шығуға септігін тигізді. «Тоттенхэм» мықты құрамын әкелмеді деген күннің өзінде, тарихта «Рубин» «Тоттенхэмді» тізе бүктіріп, топтан шықты деп қалары хақ. Алайда қазандықтар 1/16 финалдан ары аса алмай, «Олимпиакосқа» жол берді.

Рубин – Тоттенхэм

Еуропа Лигасы-2012/13. «Рубин» – «Интер» 3:0

Бұл маусым Бердыев «Рубинінің» Еуропа лигасындағы ең сәтті маусымы болды. Топтық кезеңде қазандықтар италиялық «Интерді» өз алаңында 3:0 есебімен ойсырата ұтты, ал сырт алаңда тең (2:2) тарқасты. Одан бөлек «Партизан» мен «Нефтичді» қапы қалдырып, топтан бірінші орынмен шықты. Миландықтар да Қазанға жас ойыншыларын алып келді, дегенмен көпшілік «Рубин» «Интерді» жеңді», деп әлі күнге дейін ауыздарының суы құрып айтып жүр. Кім кімді қандай құраммен жеңсе де бұл Бердыев пен «Рубиннің» тарихында алтын әріптермен жазылар кездесу болғаны сөзсіз.

Еуропа Лигасы-2012/13. «Атлетико» – «Рубин» 0:2

Жоғарыдағы «Интерді» жеңген жетістік сол маусымдағы жалғыз сенсация болған жоқ. 1/16 финалдың алғашқы матчында «Рубин» күтпеген жерден Радамел Фалькао бастаған мадридтік «Атлетико» сырт алаңда 0:2 есебімен жеңді. Қорғаныста ойнаудың қос королінің арасындағы айқаста Диего Симеоне Құрбан Бердыевке тізе бүкті. Бұл матчта Бердыев құрған қорғаныс аргентиналық маманнан басым түсті. Ал Мәскеуде өткен қарымта кездесуде мадридтіктердің бір гол соғуға ғана шамалары келіп, қазандықтар қос матч қорытындысы бойынша 1/8 финалға өтті.

Еуропа Лигасы-2012/13. «Рубин» – «Челси» 3:2

Бұл маусымда Бердыев командасы жоғарыда аталған екі жеңіспен тоштап қалмады. 1/8 финалда «Рубин» атағынан ат үркімесе де, мықты қарсылас болған испаниялық «Левантені» жарыс жолынан шығарып, ширек финалда азулы «Челсиге» қарсылас атанды. Лондондағы алғашқы матчта алаң иелері 3:1 есебімен жеңіс тойын тойласа, Мәскеуде 3:2 есебімен Бердыев шәкірттерінің асығы алшысынан түсті. Дегенмен бұл жеңіс жартылай финалға шығуға жеткіліксіз болды. Алайда Бердыев пен «Рубиннің» алдында тағы бір еуропалық гранд тізе бүгіп, Құрбан мырза үшін алынбас қамал жоқ екені тағы бір дәлелденді. Ал «Рубинді» әупіремдеп жүріп ұтқан «Челси» чемпион атанып кетті.

Кәрі құрлықтағы аузын айға білеген клубтарды өзінің «Рубинімен» санасуға мәжүберлеген Бердыев мырзаның үлкен тәжірибесі «Қайраттың» Конференция лигасы топтық кезеңінде сәтті өнер көрсетуіне септігін тигізеді деп сенеміз.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте