ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Екінші Эдгар». Футбол әлемінде көзілдірікпен ойнайтын тағы бір футболшы пайда болды

Футбол әлемінде тағыбір ерекше жағдай орын алды. «Манчестер Ситидің» бұрынғы және Норвегия құрамасының белді ойыншысы алдағыуақытта көзілдірікпен ойнайтын болады. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі 30 жастағы футболшының қандай жағдайға ұшырағанын анықтап көрді.

Омар

2021 жыл «Галатасарай»қорғаушысы Омар Элабделлауи үшін сәтсіз басталды. Футболшы отбасын және достарынқуанту үшін отшашу сатып алған еді. Бірақ пиротехника тым тез жұмыс істеп,норвегиялық ойыншының бетіне тиді. Кейінірекол болғанжағдайды былай сипаттап берді:

«Мен көзіме бірдеңе түсіп кетті деп ойладым. Бірақ содан кейін бетімнің күйіп қалғанын сездім. Сол сәтте айналам қара түнекке айналды...»

Оқиға тез арада БАҚбеттерінде тарала бастады, өйткені дәрігерлердің бірі сол кезде Элабделлауидіңфотосын әлеуметтік желіге жүктеген болатын. Қорғаушының беті қатты зақымдалған, әсіресесол жақ көзі. Футболшыны жақындары да танымай қалған екен. Дәл сол сәтте Омардыңмансабы аяқталатындай болып көрінді.

«Мен ауруханада не болғанын түсінуге тырыстым. Менің ойымша, дәрігерлерге де жағдайды бағалау қиын болды. «Тек шындықты айтыңыз. Жағдай қаншалықты ауыр?», - деп сұрадым.  Дәрігер: «Бір көзің жаман емес, бірақ екіншісі жайлы ештеңе айта алмаймын», - деді. Оның айтқанынан, жағдайдың нашар екенін түсіндім», - деді Элабделлауи.

Омар

Омар Америка ҚұрамаШтаттарына барып, «Цинциннати» деген клиникада емделді. Дәрігерлер көруқабілетін қалпына келтіру мүмкіндігін 5-10 пайызға ғана бағалады. Жалпыалғанда, дәрігерлер футболшыға 11 мәрте ота жасауға мәжбүр болды.

Ақыр соңында Элабделлауифутболға қайта оралу туралы шешім қабылдады. Бірақ Түркиядан алыс жерде жаттығуол үшін қиындық тудырды. Оған америкалық футболдағы «Цинциннати» клубыныңфитнес жаттықтырушысы көмектесті. Ол футболшымен жеке жұмыс істеп, ол үшінарнайы жаттығу бағдарламасын жасап берді. Осы жаттығулардың арқасында Омар өзформасын сақтап қалды. Көп ұзамай Элабделлауи Түркияға оралып, «Галатасарай» клубындажаттығуға мүмкіндік алды.

«Бұл өте ерекше жағдай болды. Мен өз сезімдерімді сөзбен қалай жеткізу керектігін де білмеймін. Емделген соң, көзім аздап көре бастады. Арманым орындалғандай сезімде болдым. Бірақ сіз көздің көруін ешқашан арман деп ойламайсыз. Себебі оны заңды құбылыс ретінде қабылдайсыз», - деді футболшы.

Омар

Енді Элабделлауиге әржарты сағат сайын көзге арналған дәрілерді пайдалануға және арнайы жасалғанкөзілдірікпен ойнауға тура келеді. 28 қаңтарда қорғаушы «Тузласпормен» болғанжолдастық матчта алаңға шықты. Ол кезде «Галатасарай» 2:6 есебімен ұтылды. Ал 21ақпанда Омар Түркия чемпионаты аясында «Гезтепке» қарсы өткен ойынға негізгіқұрамда шығып, толық ойын өткізді. Осылайша, футболшы араға 433 күн салып, алаңға қайта оралды.

Омар

«Бұл өте қиын процесс болды, ауыр жарақат алдым, бірақ соңына дейін күрестім. Енді алаңға оралып, өзім жақсы көретін іспен шұғылдана бастадым. Өзімді өмірімде екінші рет футболшы болғандай сезінудемін», - деді Омар футболға оралғаны туралы.

Осылайша, Элабделлауифутбол тарихында көзілдірікпен ойнауға рұқсат етілген Эдгар Давидстен кейінгі екіншіойыншы болды.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте