ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Нұралы Әліп екі футболшымызды керек қылмаған «Зениттің» көңілінен шыға ала ма?

«Қайрат» және Қазақстан құрамасының қорғаушысы НұралыӘліп «Зениттің» оқу-жаттығу жиынына шақыртылды. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі 22 жастағы футболшының мүмкіндіктерін саралап көрді.

Нұралы Әліп

Естеріңізде болса, екі жыл бұрын Санкт-Петербургтіккоманда қазақстандық футболшы Бауыржан Исламханды оқу-жаттығу жиынына шақырғанболатын. Жартылай қорғаушы бақылау матчтарында өзін жақсы көрсеткенімен, келісім-шартжасалмады. Содан кейін Исламхан «Аль-Айн» клубына ауысып, көп ұзамай допингқолданғаны үшін футболдан шеттетілді. Ал 2017 жылы Еркебұлан Сейдахмет«Зениттің» жастар командасына шақырту алып, Италиядағы турнирде «Атлетик Юнион»қақпасына жарты сағат ішінде төрт гол соғады. Бірақ ресейлік клуб ФИФАережесіне сәйкес, 18 жасқа дейінгі футболшымен келісім-шартқа отыра алмады.Ендігі кезек Нұралы Әліпке келді.

Нұралы Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат ойыншылардыңалғашқы үштігінде тұр: Transfermarkt порталы оны 1,7 миллион еуроға бағалады. Қазақстандықойыншылардың ішінде тек Бактиер Зайнутдинов (ЦСКА) мен Александр Меркельдің («Газиантеп»)ғана нарықтық құны Әліптен жоғары екен.

Нұралының трансферлік құны жайлы «Қайрат» клубыныңпрезиденті Қайрат Боранбаев та айтқан еді.

Боранбаев

«Оның трансфері бойынша бізге ресми ұсыныстар түскен жоқ. «Зенит», «Рубин» және «Аякс» телефон соқты, бірақ ұсыныс болмады, бұл адамдар мені ғана таниды. Әліптің келісім-шартындағы өтемақы мөлшері 5 миллион долларды құрайды, тек оның ғана емес, барлық қазақстандықтардың құны осындай», - деді Боранбаев Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

«Зенит» Нұралыүшін мұндай ақша төлей қоймас. Ал «Қайрат» басшылығы футболшының мансабынабалта шаппас үшін, бұл соманы азайтуы әбден мүмкін. Себебі, Әліптің «Зенитте»ойнауы алматылық клуб үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін үлкен жетістік болыпсаналады.

«Зенит» Әліпке бекерден-бекер көз тіккен жоқ. Біріншіден,ол РПЛ-да легионер болып есептелмейді. Екіншіден, ресейлік клубтағықорғаушылардың жасы келді. 32 жастағы Ярослав Ракикийдің маусым бойы ойнауғашамасы жетпеуі мүмкін. Оның үстіне, «Зенит» алдағы уақытта үш турнирде бақсынайтын болады: Ресей кубогі, РПЛ және Еуропа лигасының плей-офф кезеңі. СондықтанСергей Семакқа украиналық қорғаушыны алмастыратын ойыншы қажет болады.

Сергей Семак

«Зениттің»бас бапкері 22 жастағы қорғаушының оқу-жаттығу жиынына шақыртылуы туралы пікірбілдірді:

«Көптеген клубтар біздің чемпионатта легионер саналмайтын ойыншыларға назар аударады. Нұралының ойынын тамашаладық, енді оны оқу-жаттығу жиынында бақылауға мүмкіндік туды. Егер ол бізге сәйкес келсе, біз бұл ойыншымен қарым-қатынасты одан әрі дамыту керек екенін түсінеміз. Нұсқалар бар, бірақ мен Нұралы біздің команданы күшейтеді және қорғаныс шебінде бәсекелестік туғыза алатын ойыншыға айналады деп үміттенемін. Әліп келген жағдайда Данила Хотулев ойын практикасын алу үшін жалға кетеді. Бірінші оқу-жаттығу жиынында шешім қабылдауға уақыт жеткілікті болады деп ойлаймын. Егер қандай да бір даулы тұстар немесе белгілі бір себептер болса, онда келесі оқу-жаттығу жиындары қажет болуы мүмкін. Бірақ біз үшін, «Қайрат» және Нұралы үшін де бір оқу-жаттығу жиыны жеткілікті болады деп ойлаймын».

Ал қазақфутболының ардагері Юсуп Шадиев «Зенит» Нұралымен келісім-шарт жасасып, оныбасқа командаға жалға жібереді деп болжады:

«Ресейдегі ең мықты командалардың бірінде оқу-жаттығу жиынына қатысу ол үшін өте өте пайдалы болмақ. Барып, неге қабілетті екенін көрсін. Әліп өте сауатты жігіт, бірнеше позицияда ойнай алады. Менің ойымша, «Зенит» оны сатып алып, жалға жібереді. Жолы болмаса, үмітін үзбеу керек, себебі ол әлі жас. Нұралыға Ракицкий және Ловренмен бәсекелесу қиын болады, бірақ бұл қорғаушылардың жасы отыздан асып кетті. Әліптің артықшылығы – жасында, дегенмен оған шетел футболына бейімделу қиынға соғады. Менің ойымша, «Зенит» болашақ үшін оны командада қалдыруы ықтимал».

Нұралы Әліп

22 жастағы қорғаушы «Қайратпен» 2020 жылы Қазақстанчемпионы атанды, ал өткен жылдың қарашасында ел кубогін жеңіп алды. Бірақ оныңкомандасы 2021 жылы чемпиондық атағын қорғай алмай, үшінші орыды қанағат тұтты.«Қайрат» маусымды Құрбан Бердыевтің жетекшілігімен аяқтады. Нұралыны «Зенитке»ұсынған да дәл осы маман екен.

Нұралы Әліп

Қорғаушының еурокубоктегі тәжірибесі де артып келеді. Ол Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде, сондай-ақ Еуропа лигасы мен Конференция лигасында 17 ойын өткізді.

«Қайраттың» бұрынғы бапкері Андрей Карпович орталық қорғаушының мықты қасиеттерін тізбектеп айтып берді.

«Мен Әліппен «Қайратта» жұмыс істедім, оның күшті жақтарын білемін – оның жақсы антропометриясы, орталық қорғаушыға лайықты жылдамдығы бар және техникалық жағынан өте мықты, допқа талас кезінде оңайлықпен берілмейді. Ол футболды жақсы түсінеді, алыс, қысқа, орташа пастарды әдемі береді, шабуылға қосылады, стандарттық жағдай сәтінде агрессивті түрде әрекет етеді. Ол жағдайды қалай қабылдайды, жоғары деңгейде бәсекелесуге дайын бола ма? Міне, басты мәселе осы болмақ. Бірақ Әліптің мүмкіндігі мол. Мен «Зенитті» бақылап жүремін, командада тәжірибелі қорғаушылардың бар екенін білемін, Нұралы шеберлігі мен қабілеті жағынан Ракицкийден де, Ловреннен де асып түседі. Ол әлдеқайда жылдам, жас, болашағынан зор үміт күттіретін ойыншы».

Нұралы Әліп

Әліп Қазақстан құрамасындағы дебюттік ойынын 2018 жылыөткізді. Сол жылдың наурыз айында қорғаушы «Қайрат» сапында дебют жасап,кәсіпқой деңгейдегі екі ойыннан кейін ұлттық құрамаға шақырту алды. Сол кездегіҚазақстан құрамасының бапкері Станимир Стойлов Нұралыны «ел футболыныңболашағы» деп мәлімдеді. Бүгінге дейін Әліп ұлттық құрама жейдесінде 12 кездесуөткізіп үлгерді. Одан да көп матч өткізуі мүмкін еді, бірақ 2020 жылдыңқарашасында ол коронавирусқа байланысты ұлттық құраманың ойындарын жіберіпалды, ал өткен жылдың қыркүйек айында виза мәселесіне байланысты Босниямен болатынматчқа қатыспады.

Нұралы Әліп

«Зениттің» Дубайдағы алғашқы ОЖЖ-ы 13-25 қаңтар аралығындаөтеді. Нұралы Әліп медициналық тексерістен сәтті өтіп, алғашқы жаттығуынақатысып үлгерді. Ресейлік клуб 19 қаңтар күні Біріккен Араб Әмірлігінің«Эмирейтс» клубымен бақылау матчын өткізеді деген ақпарат бар. Қазақстандыққорғаушының осы матчқа қатысу мүмкіндігі бар. Нұралы бүкіл қазақ елінің артқанүмітін ақтауы тиіс.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте