ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Екі бірдей Олимпиада чемпионын дайындаған бапкер допингке байланысты 4 жылға спорттан шеттетілді

Токио Олимпиадасы қарсаңында «Допингке қарсы ұлттық орталық» ережені бұзғандардың тізімін жариялапты. Соңғы болып, жеңіл атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Любовь Никитенко енген.

Оған тағылған айып – тыйым салынған препараттарды тағайындауға әрекет еткен.

Осы ретте Любовь Никитенко деген кім деген сұраққа жауап іздеп көрсек. Ол 1948 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Өткен ғасырдың 70-жылдары еліміздегі ең үздік атлеттердің бірі болды. 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Одақ көлемінде үздіктер қатарында жүрді. Сегіз мәрте КСРО чемпионы атанған. 1976 жылы Монреальда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Ал 1997 жылы Жабық кешендегі Еуропа чемпионатында 60 метрге жүгіруден топ жарған.

Кейіннен жұбайы ақтөбелік Владимир Никитиенкомен (футбол бапкері Никитенко емес) бірге бапкерлік карьерасын бастады. Екі маманның тандемінің арқасында өткен ғасырдың 80-90 жылдарында әлемдік деңгейдегі үздік атлеттер жарқырап шықты. Мысалы, Жезғазған қаласының тумасы Виталий Савин 1988 жылы Сеул Олимпиадасында КСРО құрамасындағы әріптестерімен бірге 4х100 метрлік эстафетада жеңіске жетті.

Любовь Никитенко
Любовь Никитенко

Никитенко жұбы мұнымен шектеліп қалған жоқ. Кейіннен Ольга Шишигинаның жұлдызын жақты. Шишигинаның 2000 жылы Сидней Олимпиадасында тәуелсіз Қазақстан тарихында жеңіл атлетикадан алғаш болып жеңіске жеткенін жанкүйерлер жақсы біледі.

Сонымен қатар әр түрлі додаларда топ жарған Генадий Черновол, Наталья Ивонинская, Наталья Торшина, Елена Никитенко, Татьяна Азарова, Виктория Зябкина, Әйгерім Шыназбекова, Светлана Голендова, Элина Михина, Юлия Рахманова секілді шәкірттері де болды.

Шыны керек, Никитенко жаттықтырған спортшылардың көбісі допинг дауына іліккен. Мысалы, Ольга Шишигина 1995 жылы Гетеборгтегі әлем чемпионатында екінші орын алғаннан кейін допингпен ұсталды. Оның қанынан станозолол табылды. Сөйтіп, Атлантадағы Олимпиада ойындарына қатыса алмаған болатын.

Кейінгі жылдары Никитенкодан тәлім алғандардан 2010 жылғы Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Наталья Ивонинская мен 2015 жылғы Жазғы Универсиаданың жеңімпазы Юлия Рахманова ұсталған.

Сонымен қатар осы жолы допингке қарсы ережені бұзған үшін тағы екі жеңіл атлет спорттан шеттетілді. Олар: Роксана Оспанова мен Александр Каспер. Екеуі де метастерон қолданғаны үшін үш жылға жарыстарға қатыса алмайды.

Дисквалификация мерзімі:

Оспанова – 2021 жылдың 4 мамырынан 2024 жылдың 4 мамырына дейін;

Каспер – 2021 жылдың 11 мамырынан 2024 жылдың 11 мамырына дейін.

Бұл екі спортшы да Никитенконың қарамағында жаттыққан. Сондықтан осындай былықтары көбейіп кеткендіктен тәжірибелі маманға 4 жылдық дисквалификация берілді. Ол 2021 жылдың 7 маусымынан 2025 жылдың 7 мауымына дейін кәсіби міндетін атқара алмайды. Бапкерлік қызметпен айналысуға болмайды.

Қазақстанда жеңіл атлет мамандары өте аз. Көбісі, Кеңес одағының мектебінен шыққандар. Олардың басым көпшілігі зейнет жасына жеткен немесе асып кеткен. Любовь Никитенконың өзі биыл 73 жасқа толады. Ал жастар жалақысы аз болған соң, аса жолай қоймайды.

Никитенконың бірнеше шәкірті допинг дауына іліккенімен, ешқайсысы қолданғандарын мойындамаған. Мысалы, осы күні АҚШ-та тұратын спринтер Юлия Рахманова қанынан метастерон қалай табылғанын мүлдем түсінбейді.

– Ешқашан допинг қолданған емеспін. Бір кездері операциядан кейін жаттығудан қол үзіп қалған едім. Емделіп жүргенде әр түрлі препараттар іштім. Кейіннен қанымнан метастерон табылды дегенде бірден сол ішкен дәрілерімнен күмәндандым. Бірақ «Допингке қарсы ұлттық орталық» басшысы Майра Бақашова метастерон ағзаға ішкен дәрілер арқылы пайда болмайтынын айтты. Ол витаминдер немесе арнайы қоспалар іштің бе? деп сұрады. Егер ішсең, сол препараттарды Беларусь еліне сараптама жасауға жіберу керектігін ұсынды. Оған ақшам болған жоқ. Сонымен 4 жылға дисквалификация алдым, – дейді Юлия Рахманова.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте