Эдуар Менди 7 жыл бұрын жұмыссыз жүрді, ал бүгін ЧЛ финалында «Челси» қақпасын қорғайды

«Челси» Чемпиондар Лигасының жартылай финалында «Реалды» сенімді түрде ұтып финалға шықты. Мадридтіктердің гол соғып, ойын тағдырын басқа арнаға бұруға мүмкіндік болды – Бензема екі қауіпті соққы жасады, бірақ екі сәтте де Эдуар Менди өз командасын құтқарып қалды.

Ерік Каиров - Эдуар Мендидің ауыр жолы жайында мақала жазыпты.

Эдуар Менди
Алғашқы эпизодтағы Мендидің сейві

Чемпиондар Лигасының бұл маусымында Эдуар 11 ойынның сегізінде қақпасын голдан аман сақтады. Бұл турнир тарихындағы үздік көрсеткіштердің бірі: Себастьяно Росси, Сантьяго Канисарес пен Кейлор Навас – бұл қақпашылардың барлығында тоғыз құрғақ матчтан, бүгінгі финал Мендиге бұл рекордты қайталауға мүмкіндік болып тұр.

Бір қызығы, сенегалдық қақпашы өзінің бұрынғы командасы «Реннмен» ойында қақпасына енген доп оның топтық кезеңде жіберген жалғыз голы болды. Менди француздық клубтан өткен жылдың күзінде 24 млн евроға ауысқан болатын. Артынша плей-офф кезеңінде ол күзеткен қақпаға «Порту» мен «Реал» ойыншылары бір голдан соққан.

Мендидің Англиядағы алғашқы маусымы өте сәтті өтуде: бастапқы бес матч қатарынан гол жібермеді – мұндай жағдай «Челсиде» Петра Чех кеткелі болмаған. Маусым қорытындысы бойынша 31 ойынның 16-сын голсыз өткізіп Эдерсон мен Льористен кейінгі АПЛ-дағы үздік қақпашылардың үштігіне енді.

Петр Чех пен «Челси» қақпашылар бойынша штаттағы скауты Кристиан Лоллишонның (екеуі де кезінде Лондонға «Реннен» келген) еңбектері ақталды – Мендиді «ақсүйектерге» осы қызметкерлер ұсынған. Қақпашыға салынған қаржы мен артылған үміт 100% ақталды.

Осы тұста Эдуар Медидің өмір тархына тоқталып өтейік, себебі ЧЛ финалисі осыдан бірнеше жыл бұрын мүлде жұмыссыз қалған.

Эдуар Францияда, Сенегал (анасы) мен Гвинея-Бисаудан (әкесі) келген эмигранттардың отбасында дүниеге келді. Футболды Погба, Флоран и Бенжамен Менди, Манданда, Рияд Марез сияқты жұлдыздар шыққан атақты «Гаврдың» академиясында үйренді, бірақ оның болашағы жоқ деп санаған басшылары Эдуарды оқудан шығарып жіберді.

Менди ұзақ жылдар бойы аймақтық лигаларда («Шербур» командасы сапында) ойнады. Ол негізгі құрамдағы орын үшін ұзақ күресті – екінші командада ойнады, қосалқы құрамнан ойынға қосылып жүрді. Тек командасы төртінші дивизионға түсіп қалғанда ғана алаңға тұрақты шыға бастады. Ал бір маусымнан кейін оның командасы тағы да бір дивизионға төмендеді.

Агенті Эдуарды Бірінші лигада ойнап жүрген (үшінші дивизион) ағылшындық клубқа орналастырып беретінін айтқандықтан, Менди француздық командалардың ұсыныстарын қабылдамады. Бірақ сөз берген делдал ағылшындармен келісе алмай, нәтижесінде 22 жасар қақпашы клубсыз қалды.

Эдуар Менди

Менди ол сәттерді:

«Кез-келген адам сияқты футболшы үшін де жұмыссыз қалу – бетке тиген шапалақ секілді болады. Арты-артынан болатын сәтсіздіктер өз әсерін тигізбей қоаймайды. Тіпті, бұл менің қолымнан келмейтін іс пе деп ойлай бастайсың», – деп еске алады.

Менди берілмеді. Ол «Гаврмен» бір жыл бойы тегін жаттықты, ал содан кейін «Марсельден» қаралымнан өтті, оған «Шербурдағы» достары арқылы жетті.

Жағдай соншалықты жаман емес еді: Эдуарға өте аз жалақымен әуесқойларға арналған келісімшарт ұсынылды және ол командаға төртінші қақпашы ретінде алынды. Сенегалдықтң айтуынша, онда өткізген бір маусым оған көп нәрсе берді: ол кәсіби мамандармен жаттықты және көпке белгілі Стив Манданданың сабақтарын алды.

«Бұл маған еңбектің бәрі босқа кетпегендігін және менің күш-жігерімді дұрыс жұмсап, дұрыс шешім қабылдағанымды дәлелдеп берді».

«Марсельдің» төртінші қақпашысын ақыр-аяғында Лига 2-де ойнайтын «Реймс» шақырды. Менди ол жерде алдымен Йоанн Карассоны негізгі құрамнан шығарып тастады, содан соң тамаша маусым өткізді (өзі қатысқан матчтардың жартысында гол жібермеді) және командасымен бірге Лига 1-ге жолдама алды. Жоғарғы дивизиондағы бірінші маусымынан кейін-ақ (38 ойында 14 құрғақ матч) қақпашыны «Ренн» өз қатарына қосты. Арада бір жыл өтті – ал ол болса «Челсиде».

Менди өте байсалды адам: ол алаң сыртында ешкімге дауыс көтермейді. «Ренндегі» әріптесі Бенжамен Буриго Эдуардың командасымен қалай қоштасқанын айтты: «Ол өте-өте мықты, бірақ бізге кететінін айтқан кезде жылап жібере жаздап тұрды».

Арада тағы бір жыл өтті – Менди болса, Чемпиондар Лигасы финалисінің негізгі қақпашысы.

Ерік Каиров

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте