ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Челси» қақпашыдан, «Ливерпуль» көшбасшысынан айырылды. Африка Кубогінің АПЛ клубтарына тигізер зияны қандай?

9 қаңтар күні КамерундаАфрика кубогі өз жалауын желбіретті. Коронавирустың өршуіне байланысты турниртоқтатылуы немесе кейінге қалдырылуы мүмкін еді, бірақ ешқандай өзгеріс орыналмады. Африкалық командалардың турнирге шақытылған ойыншылар тізімі белгіліболды. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі Африка кубогінен зардап шегуі мүмкінкомандалар жайлы сөз қозғамақ.

Африка кубогі

Әрине, турнир барлықлигаларға әсер етеді. Соның ішінде АПЛ клубтарына кері әсерін тигізуі мүмкін. Әсіресечемпиондық үшін таласып жатқан «Челси» мен «Ливерпуль» маңызды ойыншыларынанайырылды. Басқа командалар да өз ойыншыларын Африкаға аттандырды.

«Тоттенхэм» және үш аутсайдер командаға бұл турнирдіңқатысы жоқ

Ковид мәселесіненқұтылған «Тоттенхэм» Премьер-Лиганың басқа командаларына қарағанда үлкенбасымдыққа ие болды. Өйткені, лондондық клубтың құрамында бірде-бір африкалықфутболшы жоқ.

Сондай-ақ, турнир «Ньюкасл»,«Норвич» және «Лидсті» алаңдатпайды, өйткені оларда тек Еуропаның басқаелдерінен және Латын Америкасынан келген ойыншылар бар. «Норвичте» доп тебетіннигериялық Эндрю Омобамиделе Ирландияда дүниеге келген және осы елдіңқұрамасында ойнауға бел буды.

«Манчестер Юнайтед» пен «Манчестер Сити» бір ойыншыданжібереді

Африка кубогі «МанчестерЮнайтед» үшін үлкен проблема тудырмауы керек. Камерунға Эрик Байи аттанады, ол англиялықклубтың қосалқы құрамдағы ойыншысы болып табылады. Виктор Линделоф пен ГарриМагуайр, Рафаэль Варан мен Фил Джонс оның орнын жоқтата қоймас.

Эрик Байи

Маусымды сәтсізөткізіп жатқан «Саутгемптон» үшін бұл турнир ауыр соққы болуы мүмкін еді, себебіклубқа Мохаммед Салису үлкен септігін тигізді. Ганалық қорғаушы ұлттық құрамағабарудан бас тартып, өз командасына көмектесуді жөн көрді. Дегенмен «Саутгемптон»Африкаға вингер Мусса Дженепоны шығарып салды. Ол соңғы кездері Натан Тельяменболған бәсекеде жеңіліп, өз орнынан айырылған болатын.

Рияд Марез

Рияд Марез Алжирқұрамасының капитаны атанды, бірақ клубтағы жағдайға байланысты Африкакубогі футболшы үшін қажетті уақытта өтпейін деп тұр. Ол «Манчестер Ситиде» кереметойнап жүрген еді. Ал оның жоқтығын Джек Грилиш, Фил Фоден, Рахим Стерлинг секілдішабуылшылар өз пайдасына жаратып, Гвардиоланың сеніміне кіруі бек мүмкін.

«Астон Вилла»

Бирмингемдік клубАфрика кубогіне екі ойыншысын жіберді, бірақ мысырлық Трезеге менБуркина-Фасолық Бертран Траорені негізгі құрамның ойыншылары деп айтуғакелмейді. Ал Джеррардтың тұсында олар мүлдем алаңға шыққан жоқ. Оның үстіне,«Астон Вилла» жақында ғана «Барселонаның» жартылай қорғаушысы ФилиппеКоутиньоны жалға алды. «Брентфордта» да кішігірім проблема бар: нигериялықФрэнк Онииканы қарапайым ойыншы деп санауға болмайды, ал командаға онсыз бір айбойы өмір сүруге тура келеді.

Эдуард Менди

«Челси» негізгі қақпашысынан айырылды

Эдуард Мендидіңтрансферіне дейін «Челси» командасы қақпасына көп гол жіберетін еді. Біраққақпашы Сенегал құрамасына қосылды. Ал ендігі жағдай қалай болмақ? КепаАррисабалага өзінің психологиялық мәселелерін шешсе, Менди келгеннен кейін денегізгі қақпашы атануы мүмкін. Кепа пенальти сериясында талай допты қайтарып,қаһарман атанды. Бұл Томас Тухельдің көзіне түсу үшін берілген үлкен мүмкіндік.

Лондондық клубта Африканың тағы бір өкілі өнер көрсетеді. Бірақ Хаким Зиешті Марокко құрамасының бас бапкері керек қылмады. Бұған арадағы келіспеушілік себеп болған екен.

«Эвертон»

«Эвертон» үшін Алекс Ивобиден айырылу үлкенмәселе болмас еді, бірақ қазір командадағы кадрлық жағдайдың нашарлығы сонша,кез келген ойыншының жоқтығы қымбатқа түсуі мүмкін. Командада вирус жұқтырғанжәне жарақат алған футболшылар өте көп.

Максвелл Корне

«Бернли»

Бұл команда қазірқауіпті аймақта тұр. Соғылған голдардың көпшілігі Максвелл Корнеге тиесілі. Шабуылшыанглиялық клубқа кеш қосылды, оның үстіне команданың бас бапкері оған бірденсенім арта қоймады. Бірақ шабуылшы өзінің деңгейін көрсете білді. Африкакубогіне аттанған Корнесіз «Бёрнли» ұпайдан шашау шығаруы ықтимал.

«Брайтон»

Замбия құрамасыАфрика кубогіне жолдама алса, «Брайтонның» проблемалары әлдеқайда күрделі болуымүмкін еді. Бірақ Энок Мвепудің командасы іріктеуден өте алмады. Десе де, «Брайтон»көшбасшы ойыншысы Ив Биссуманы осы турнирге жіберді.

Ив Биссума

Сондай-ақ «Брайтон»бірнеше апта бойы габондық шабуылшы Ульрик Энем-Эллаға сенім арта алмайды,бірақ жас футболшы әлі командадағы дебютін жасаған жоқ.

«Вулверхэмптон»

«Вулверхэмптон» үшін маңыздыголдарды соғатын Ромен Сесс Марокко құрамасына шақыртылды. Команда тағы бірорталық қорғаушы Вилли Болиден де айырылды, ол ағымдағы маусымда бірде-бірминут ойнаған жоқ, бірақ Сесс болмаған кезде көмектесе алар еді. «Вулверхэмптон»бұрыннан үш орталық қорғаушыдан тұратын жүйені қолданып келді. Сол себепті басбапкер Бруну Лаже үлкен мәселеге тап болды.

«Вест Хэм»

«Вест Хэмнің»шабуылшысы Саид Бенрахма енді ғана тұрақты түрде ойнай бастаған еді. Ал маусымның ең маңызды кезеңінде ол Алжирқұрамасына кетуге мәжбүр болды. Әрине, «Вест Хэмде» Майкл Антонио, ДжарродБоуэн, Андрей Ярмоленко тұрғанда, Дэвид Мойес көп уайымдай қоймас.

«Арсенал», «Ливерпуль» және «Лестер» үлкен шығынғаұшырады

Мохамед Салах, НабиКейта және Садио Маненің болмауына байланысты «Ливерпуль» Премьер-лиганыңекі-үш турын мүлдем ерекше стильде өткізуге мәжбүр болады. Оған қоса, «Лидспен»кейінге қалдырылған матчтың уақыты да әлі анықталған жоқ. Бұл ойынның да Африкакубогімен параллель өтпесіне ешкім кепілдік бере алмайды.

Салах және Мане

Екі негізгі шабуылшыкеткеннен кейін, Дивок Ориги тамаша мүмкіндікке ие болады. Ол осы маусымда онматчқа қатысып, бес гол соғып үлгерді. Мүмкін, шабуыл шебінде Фирмино - Ориги -Жота үштігін көретін шығармыз. Бірақ мерсисайдтық клуб бұрынғыдай голдытапырлатып салады дегенге сену қиын. Жартылай қорғаныстағы Кейтаны Фабиньо менДжордан Хендерсон жоқтатпас.

Арсенал

«Арсенал»

Габондық шабуылшыПьер-Эмерик Обамеянгтың тәртіпке бағынбауы Микель Артетаның өмірін күтпегенжерден жеңілдетті. Александр Ляказетт және Габриэль Мартинеллимен командаәлдеқайда күшті болып көрінуде. Сонымен қатар соңғы кездері «Арсенал» үшін тағыбір африкалықтың маңыздылығы күрт артты. Томас Парти орталық алаңында өзойынымен жанкүйерлерді тәнті етуде. Ал оны алмастыратын Мохамед Эльнени Египетқұрамасына шақыртылды. «Арсеналдың» қосалқы құрамдағы белді ойыншысы НикольяПепе де Африкаға аттанды.

Ндиди және Ихеаначо

«Лестер»

«Түлкілер» алаңныңортасында үлкен проблемаларға тап болды. Үздік жартылай қорғаушы Онинье НдидиКамерунға кетті, оның бәсекелесі Нампалис Менди мен жартылай қорғаныста ойнайалатын Даниэль Амарти де Африка кубогінде бақ сынайды. Сондықтан БренданРоджерстің Бубакари Сумареге сенім артудан басқа амалы жоқ. Замбияның Африкакубогіне өте алмағаны клуб үшін жақсы жаңалық болды. Еуропа лигасында жасындайжарқыраған Патсон Дака да Англияда қалып, Нигерия құрамасына шақыртылған КелечиИхеаначоның орнын жоқтатпауға тырысады.

«Кристал Пэлас»

«Кристал Пэласқа» алдағыүш апта бойы көшбасшыларсыз ойнауға тура келеді. Шейку Куйяте Сенегалқұрамасына, Джордан Айю Гана құрамасына, Вилфрид Заха Кот-д'Ивуар құрамасына аттанды.Ендігі кезекте Патрик Виейра Кристиан Бентеке мен Одсон Эдуард секілдішабуылшыларды қолданатын болады.

«Уотфорд»

Африка Кубогінефутболшылардың көбін «Уотфорд» жібереді. Қорғаушылардан Камерунға УильямТрост-Эконг пен Адам Масина, жартылай қорғаушылардан Имран Луза, шабуылшыларданЭммануэль Деннис пен Исмаила Сарр шақырту алды. Луза негізгі құрамнан түсіпқалды, ал қалған ойыншылар команда үшін өте маңызды. Сондықтан Клаудио Раньериүшін бас ауыртатын сәт келді.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте