ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Бюджетті әр спорт түріне бөлек беруі тиіс». Жаманқұлов – әлем чемпионаты және елдегі футзалдың дамуы туралы

Қазақ футзалының аңызы, қазіргі «Каспий» футзал клубының бапкері Серік Жаманқұлов YouTube-тағы Yessen Yeleuken арнасына берген сұхбатында Литвада өткен әлем чемпионаты, өзінің мансабы және Қазақстандағы футзалдың дамуы туралы айтты.

Жаманқұлов

- Жақында ғана әлем біріншілігі аяқталды. Біздің команда төртінші орыналды. Сен бұған дейін Таиландты және Иранды ұтуға болатынын айттың. Сен мұнысездің бе әлде қарсыластардың ойынына қарап осылай дедің бе?

- Мұндай кезде турнирлік кестеге, қарсыластардың деңгейіне қарап талдаужасауға болады. Біздің кезімізде Таиланд дәл қазіргідей құраммен ойнайтын еді.Иранның да құрамында өзгеріс жоқ. Екеуі де өте мықты. Бірақ Таиландтанөтетініне сенімді болдым. Иранға қарсы ойынның қиын болатынын білдік. Өйткенібіз бұған дейін Иранды ешқашан ұтпағанбыз. Бір ғана тең ойын өткізгенбіз.Оларда ең мықты ойыншысы Тайеби де болған жоқ. Ол команданың көшбасшысы,голдарды соғатын да, мүмкіндіктерді жасайтын да дәл осы ойыншы. Қазақстанменболатын ойынға Тайебидің қатыспайтынын білдім. Жалпы алғанда, біздің құраманыңойыны ұнады.

- Біздің қазіргі құрама сенің кезіңдегі командадан мықты ма?

- Маған өзіміздің жергілікті жігіттердің мықтылығы ұнайды. Олардың деңгейіайтарлықтай өсті. Бұл ретте Каканың қосқан үлесі зор деп білемін. Себебі ол жергіліктіжігіттерге сенім артып, мүмкіндік берді. Олар да бұл мүмкіндікті пайдаланып,деңгейлерінің біршама өскенін көрсетті. Біздің кезімізде сәл басқаша болды.

Кака

- Жігіттер сенімді ақтады. Соңына дейін ойнады. Қай спорт түрі болмасын, Қазақстан құрамасы әйгілі құрамамен кездессе, алдын-ала ұтылып қояды. Бірақ футзал командамызда бұл байқалмады. Мысалы, сол Португалиямен болған ойынды айтсақ болады.

- Ия, бұл ұйқыны бұзған ойын болды. Екі тайм бойы, қосалқы таймда да жігіттер жеңіс үшін ойнады. Кейбіреулері пенальтиді ойынның белгілі бір аспектісі деп біледі. Бір командалар бұған арнайы дайындалып жатады. Бірақ мен пенальти сериясын лотерея де санаймын. Қанша дайындалсаң да, ойын кезінде бәрі басқаша болады. Мысалы, қақпашы жете алмайтындай етіп тоғыздыққа тебуге болады. Кейбір қақпашылар отырмай, тік тұрып тосады. Доп басына тиіп кетуі мүмкін дегендей. Сол үшін лотерея деп айтамын.

- Төрешілердің жұмысын қалай бағалайсың? Олар бізге қаталдау болған секілді.

- Еуропадағы төрешілер майда-шүйде фолдарға қарамай, ойнауға мүмкіндік береді. Фол берілген кезде ол команданы бірден басып тастайды. Біздің Біржанға және Тайнанға сары қағаз берді. Бір сары қағаздан кейін аяғыңды тартып, абайлап ойнай бастайсың. Қиындықтар болды, бірақ төрешілер тарапынан қысым болды деп айта алмаймын.

Оразов

- Біздің елдегі футзал жанкүйерлері команданың тек алғашқы төрттігі жақсыойнайды деп айтуда. Осы туралы не айтасың? Қазір біздің құрамада толық екітөрттік бар ма?

- Екі төрттікті бөліп қарастыра алмаймыз. Өйткені Дуглас пен Тайнанның қасындабір ойында Ақбалықов пен Нұрғожин, ал кейбір ойындарда Оразов пен Тұрсағұловшықты. Сондықтан бір төрттік мықты, екіншісі әлсіз деп айта алмаймыз. Әртөрттікке әр түрлі тапсырма берілуі мүмкін. Мысалы, бір төрттік прессингжасаса, екінші төрттік қарсыласты өз жарты алаңдарында күтіп алады. Екі төрттікекі түрлі деп айтуға келмейтін сияқты.

- Басқа командаларда өтінімге енген ойыншылардың барлығы ойынға қатысыпжатады. Ал бізде 8-9 ойыншы ғана паркетке шығады. Тек Таиландпен болған ойындағана ірі есеппен жеңіп жатқандықтан жастарға мүмкіндік берілді.

- Ол бапкердің шешіміне байланысты. Бізге көрінбейтін жұмыстар болады. Әрқарсыласқа әртүрлі дайындалады. Мен осы әлем чемпионатында Азат (Валиуллин) ойнайды деп ойладым.Өйткені бұған дейінгі ойындарда да Кака оған сенім артты, ол күші, техникасыжәне жойқын соққысы бар ойыншы. Дәурен мен Альберттің позициясында ойнай алады.Бірақ ол паркетке шыққанда мен оны ойынға кіре алмай жатыр деп ойладым. Кейінтағы бір матчқа шықты. Бірақ өзгеріс болмады. Кака оларды шығарғысы келеді.Бірақ осындай жағдайлардан кейін тәекелге баруды қаламайды. Кейде қорғаныстажеке қабілеттеріңді пайдалану керек болады. Қарсыласпен бірге-бір қалғандажақсы ойнайтын қорғаушылар керек. Сол үшін барлығына бірдей мүмкіндік бермеді.Шыны керек, құрамаға енді ғана қосылып жатқан жігіттерге көп бапкер сенім артақоймайды. Тек жақсы нәтиже болып жатқанда ғана ойынға шығарып, тексеріп көреді.

Қазақстан

- Португалияны ұтып келе жатып, пенальти сериясында ұтылдық. Егер олардыжеңсек финалда Аргентинаға қарсы ойын қалай болар еді?

- Португалия сапында Рикардиньо топтық кезеңде аз ойнады. Ол әлембіріншілігіне келгенде жарақатынан толық айықпаған еді. Плей-офф кезеңіндежақсы ойнай бастады. Ал ширек финалда ақсаңдап жүргенін көрдім. Сенімділігі артып,финалға еш жері ауырмайтын адам секілді шықты. Өйткені ол өзі үшін мұның соңғыәлем чемпионаты екенін біліп отыр. Өкінбейтіндей іс-әрекет жасап, жеңіске үлесқосты. Португалияның ойыны Рикардиньоға байланысты. Бірақ бұл жолы Пани менЭрик Португалияны алға сүйреді. Ал Аргентина чемпионат бойы жоғары прессингпенойнады. Олар финалда қызыл қағаз алды. Италияда доп теуіп жүрген кәсіпқойойыншының өзі қателесті. Тәжірибелі ойыншының неліктен өрескел тәртіп бұзғанынтүсіне алмадым.

- Енді Еуропа чемпионаты басталады. Нидерландыда 16 команда сынға түседі.Біз бірінші себетте тұрмыз. Бұл жолы әлем чемпионатына қатысқан құрам бара ма,әлде жаңа ойыншылар қосыла ма?

- Қазір Қазақстан кубогінің ойындары болып жатыр, алда чемпионат бар. Какаәрдайым ізденісте жүретін адам. Өзгерістер болуы мүмкін. Бірақ жарақаттарболмаса, команданың тірегі өзгермейді. Жаңа ойыншыларды Еуропа біріншілігінеалып бармаса да, жолдастық ойындарда тексеріп көруі мүмкін. Ал Лео қарашаайында қайта оралып қалады.

Лео

- Әлем чемпионатында Леоның жоқтығы сезілді ме?

- Әрине. Леоның ойнап жүргенінеталай жыл болды. Біздің құрамаға ең алғаш болып Игита мен Лео келген еді.Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Португалиямен болған шешуші ойында да Леоүлкен үлес қосты.

- Енді өзің туралы айтсақ. Сен мансабыңды үлкен футболдан бастадың ба, әлдебірден футзалға келдің бе?

- Бала кезімізде жарыстың барлығы үлкен футболдан болатын. Жаңатаста наурызайынан маусым айына дейін далада, ал күз айларында спорт кешенінде ойнайтынбыз.Бірақ жарыстың бәрі далада әрі үлкен алаңда өтетін. Біз көбінесе далада желболғандықтан спорт кешенінде арнайы тактикаларды білмесек те дайындықжұмыстарын жүргізетінбіз.

- Футзалдағы мансабыңды қай клубта бастадың?

- Ең алғаш «Аңсар» командасында ойнадым. Одан кейін «Қайратқа» ауыстым.

- «Каспийге» Дінмұхамед Сүлейменовтың шақыртуымен бардың ба әлде әкімдікшақырды ма?

- Димаш шақырды. Ол маған ерекше бағдарлама ұсынды. Ол футзалды тек«Каспий» клубының төңірегінде ғана дамытпай, бүкіл Маңғыстау облысын қамтығысыкеледі. Кезінде біз екеуміз бір бөлмеде отырып алып, осыны армандайтын едік.Осындай мүмкіндік болған соң шақыртуды қабыл алдым.

Жаманқұлов және Сүлейменов

- Біздің футзалға деген қызығушылығымыз «Қайраттың» еурокубоктегіойындарынан және Қазақстанның Еуропа чемпионатындағы жетістігінен кейінбасталды. Ол кезде төрт-бес команда ғана бареді. Ал қазір чемпионатқа 8-9 команда тіркеліпті. Одан да көп командалар ойнасабола ма?

- Иә, 12-14 команда ойнасаболады. Көп елдерде тұрақты түрде 12командабақ сынайды.

- Футбол федерациясы әлем чемпионатындағы нәтижеден кейін футзалды дамытыпжатыр ма?

- Нақты бағдарлама жоқ. Мысалы, Ресейде әр футзал клубының балаларғаарналған академиясы бар. Әр жастағы балардың чемпионаты болады. Яғни, олардаойын практикасы көп болады. Бізде әзірге 13, 15, 17, 19 жастағы балалардың чемпионатыбар. Кейбір клубтарда 19 жастағы балалардың командасы жоқ.

- Оның үстіне бізде әзірге жеке клуб жоқ қой.

- Жаңадан құрылған «Рахметті» жеке клуб деп айта аламыз. «Қайрат» та жекеклуб, бірақ оларға әкімдік көмектесетін сияқты. Анығын білмеймін.

- Клубтардың жеке меншік болғанын қалайсың ба?

- Ия, жақсы ғой. Ол кезде клубтардың жеке демеушілері нәтиже сұрайды.Сондықтан жауапкершілік көп болады.

- Елімізде футзал спортын насихаттау жұмыстары қалай жүруде?

- Бізде насихат жұмыстары керемет жүргізілмейді. Тек бір клубымыз жарқ етіпшықса әңгімелер айтылып, қайтадан басылып қалады.

- Маңғыстауда әуесқой футзал жақсы дамыған. Әуесқой деңгейден кәсіпқойдеңгейге ауысатын ойыншылар бар ма?

- Бәріміз әуесқой деңгейден келдік. Өйткені бізде футзал мектебі жоқ. Қазіртек «Қайратта», Қарағандыда, Аятта, Ақтөбеде ғана мектептер бар. Ал біздіңкезімізде мұндай мектептер мүлдем болған жоқ. Әуесқой деңгейден кәсіпқойғаауысқанда өте қиын болды. Өйткені екеуіндегі деңгей екі түрлі. Бұл сынақтан өтеалмайтын да жігіттер бар.

- Оңтүстік өңірде және Жамбыл облысында футзал клубтары жоқ. Өзіңнің туғанжерің Таразда неге команда жоқ? Осыған байланысты ұсыныс жасамадың ба?

- Ашығын айтайын, қаладағы спортқа қатысы бар адамдарға ұсыныспен бардым.Белгілі себептерге байланысты футзал командасы кейінірек ашылады депүміттендірді. Мансабымды жақында аяқтағандықтан, бір орында отыра алмаймын.Қазір де тәжірибе жинап жатырмын. Таразда команда ашылады деп айтылған. Біраққашан ашылатынын білмеймін. Үмітіміз бар.

Жаманқұлов

- Бізде нақты футзалға дайындайтын бапкерлер бар ма?

- Бізде бұл сала бойынша бапкерлік курстар жоқ. Өзіміздің ойынымызды,көргенімізді бір арнаға тоғыстырып және Кака, Какау секілді бапкерлерденбілмейтінімізіді сұрап, бір-бірімізді толықтырып жатамыз. Бапкерлердідайындайтын нақты курстар жоқ. Бірақ жақын арада футбол федерациясындасеминарлар болады деп жатыр.

- Футбол мен футзалдың біргеболғаны дұрыс па?

- Мысалы «Бенфика», «Спортинг»,«Барселона» бір құрылымда жұмыс істейді. Бірақ бір құрылымда болғанымен, әрспорт түріне бюджет бөлек беріледі және тек сол спорт түріне ғана жұмсалады.Солай болса, дұрыс болар еді. Футзалдың бюджетін футболға пайдалану секілдіжағдайлар кері әсерін тигізеді.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте