ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Барселонаның» жағдайын ушықтыра түскен, Куман күмәнмен қараған ойыншы

Иә, соңғы кездегі каталондық клубтағы жағдай тек клуб жанкүйерерінің ғана емес, жалпы футболды жаны сүйетін көзі қарақты көрерменнің аузында жүрген әңгімеге айналды. Бұл неден басталды, не себепті бұлай болды? Әрине, оның түрлі себептері бар: басшылықтың былығуы, президенттің ауысуы, командадағы жұлдызды ойыншылардың басқа клубтарға кетуі, кетпегендердің қартаюы. Meta-ratings.kz тілшісі осы жағдайлардың бір себебін іздеп көрген болатын.

Суарестің бұрынғы командасына соққан голы

Команда капитаны, клубтың және жалпы футбол тарихындағы үздік ойыншылардың бірі Лео Мессидің биылғы маусым басына таяу ұжымнан кетуін есептемегенде ең шулы трансфер әлемнің үздік шабуылшыларының алдыңғы қатарында жүрген Луис Суарестің каталондықтар сапынан мадридтік «Атлетико» сапын толықтыруы болғаны баршаға мәлім.

Осы тұста уругвайлық ойыншының «Барселонаға» қалай келгендігі, жалпы шаубылшының мансабының қалай басталғандығына қысқаша тоқталып өтсек. Луис 1987 жылдың 24 қаңтарында Уругвайдың үлкен қалаларының бірі – Сальтода қарапайым отбасында дүниеге келген. Оның ата-анасы 7 баланы асырау үшін күні-түні жұмыс жасауға мәжбүр болды. Жағдайлары қанша нашар болса да, ата-анасы Луиске сүйікті ісімен айналысуы үшін жағдай жасады. Суарес жеті жасқа толғанда олар отбасымен жақсы өмірді іздеп елдегі футбол астанасы саналатын Монтевидеоға көшті. Оның ойын мәнері дәл осы қаланың көшелерінде қалыптасты. Анасы Сандра жас бүлдіршінін жергілікті футбол мектебіне жаздырды.

Бала Суарес

Жергілікті «Уррет» футбол клубының жолдастық кездесулерінің бірінде Суарес қосалқы құрамда ойынға қатысты. Оның командасы 0-2 есебімен ұтылып жатқанда бапкер оны алаңға шығаруды ұйғарады. Дәл сол ойында болашақ футбол жұлдызы өзінің алғашқы хэт-тригін жасап, командасына жеңіс сыйлайды. Оған Уругвайдың ірі клубтарының бірі «Насьональ» көз тікті. Алайда лсы жағдаймен қатар, Суарестің 10 жасқа жақындаған шағында оның әке-шешесі ажырасып кетті. Бұл жағдай оған кері әсерін тигізді: үлгі алатын кісісінен айрылған ол жаттығуға бармауды шығарып, мектеп кезінде сауық кештер мен алкогольге әуес бола бастайды. Алаңдағы орнын жоғалтып, футболға деген қызығушылығы да күрт төмендеп кетеді. Бірақ сол шақтарда ол Софияға қатты ғашық болып, өмірге қайта келгендей күй кешеді. Жас қыз Луистің әрі досына, әрі өмірінің мәніне айналады. Оған ұнау үшін Суарес футболды құштарлықпен ойнай бастады. Себебі, сұлу қыздың көңілін басқаша аулауға жас жеткіншектің жағдайы болмады. Кейде досына балмұздақ әперу үшін көшедегі адамдардың қалтасынан түсіп қалған тиындарды теріп жүретін болған. Екі жыл дос болып бауыр басқан жұп енді екіге айрылады. Оның себебі Софияның отбасымен Барселонаға қоныс аударуы еді. Осылайша, жас футболшының өмірінде тағы бір қиын жағдай орын алады. Алайда, Суарес бұл жолы тез есін жия алды. Уругвай чемпионатының шешуші кезедесуінде оның командасы «Рочиді» 6-1 есебімен ойсырата жеңіп, шабуылшы екі кездесуде екі голдың авторы атанады.

Луис Суарес

19 жасында оған голландиялық «Гронинген» ұсыныс жасайды, Луис оған ойланбастан келіседі. Себебі ол Еуропада ойнаса болашағы жарқын және сүйген қызына жақын болатынын түсінді. Бұл трансфердің құны 1 млн еуроны құрады.

Гронингеннің сол кездегі бапкері Роб Янс бұл ауысым туралы:

«Біз ол кезде мүлде басқа ойыншыны қарауға барғанбыз, алайда Луис біздің назарымызды өзіне аударды. Біз оның ойынына риза болып, тез арада оны қатарымызға қостық. Айтпақшы, бұл біз үшін сол кездегі ең қымбат трансферлердің бірі болды. Біз үлкен тәуекелге бел будық. Сенім ақталмаған жағдайда ойыншыға да, бізге де оңайға соқпас еді. Суарес ағылшынша да, голланд тілінде де сөйлей алмайтын. Бапкерлермен ол ойын ым-ишаратпен жеткізіп, тілдесіп жүрді. Өз елінен шетке шықпаған жігіттің жаңа ортаға бой үйретуі өте қиын болды», – дейді.

Суарес Аяксте

Бастапқыда қиындықтар болғанмен, кейіннен Луис командадағы орнын тапты. Балалық шағынан қиындықтан мойымаған жігіт бұл жерде жақсы ойын көрсетіп, «Аякстың» бапкерлік құрамының назарына ілікті. 10 млн долларға амстердамдық клуб уругвайлықты қатарына алды. Жаңа командада Суарес жасындай жарқылдады, оның аяғына түскен доптың бәрі голмен аяқталатын болды. Осылайша, тез арада ол жанкүйерлер мен клуб басшылығының махаббатына бөлене қалды. Ол небары 21 жасында команда капитаны міндетіне ие болды.

2010 жылғы Әлем Чемпионатындағы Ганамен болған атышулы ойыннан кейін оның аты ерекше таныла бастады. Оны Уругвай жанкүйерлері қаһарманға балады. Себебі ұлттық құрама 1970 жылдан бері ӘЧ жартылай финалына шықпаған еді.

Сол жанжалды матчтан кейін де Суарес ерсі қылықтың түр-түрін шығарды: Голландия чемпионатының кезекті турында «ПСВ»-ның жартылай қорғаушысын иығынан тістеп «каннибал» деген лақап ат алады, сонымен қатар бірнеше матч алаңға шығудан шеттететіледі.

Суарес Ливерпульде

Келеңсіз жағдайлар оның шеберлігіне еш нұқсан келтіре алмайды, 2011 жылы шабуылшыны «Ливерпуль» 23 млн фунтқа сатып алады. Луис жаңа командасында 7-ші нөмірлі жейдені таңдайды. Сол жылдың жазында ол Уругвай құрамасымен Америка Кубгын ұтып алады және турнирдің үздік ойыншысы атанады.

Англия чемионатында өзін тамаша көрсеткен уругвайлық шабуылшы 4 маусымда 69 гол соғып, «Энфилдтегі» басты жұлдызға айналды.

Суарес Барсада

Луис 2014 жылы 11 шілдеде «Барселонаға» ауысты. Месси мен Нймар секілді латын-америкалық жұппен тамаша трио құрып, кез-келген команданың қорғаушыларының тізесін дірілдедетіндей ойын көрсетті. Ол көп ұзамай Чемпиондар Лигасы мен Испания чемпионатының жеңімпазы атанды. Ла Лигада бір рет үздік сұрмерген атанып, екі мәрте үздік ассистенті мәртебесіне ие болды.

Осындай тәжірибелі де мықты шабуылшыны Рональд Куман былтырғы маусымда командаға қажетсіз деп тауып, өзіне жаңа команда іздей беруін телефон арқылы жеткізген. Сол кездегі жай-күйін Луис былай жеткізеді:

«Ол менен үшінші және төртінші алаңға барып жаттығуымды сұрады және менімен 15 жасар баламен сөйлескендей тілдесті. Бұл менің көңіліме қатты тиді, реніш тудырды. Осындай сыйластықтың жоқтығынан мен үйге жылап барып жүрдім. Мен оған сыйластықпен қарадым. Еш реніш білдірместен жаттығуды жалғастыра бердім, кәсібилігімді көрсеттім. Мен бұл тығырықтан шығудың жақсы жолдарын қарастырдым. Бұл жағдайға барлығының қатысы бар, өйткені Бартомеу бәріне мені командадағы атмосфераға кері әсер етеді, өйтті, бүйтті деген әңгіме өрбіткен. Бұл Куман маған хабарласпастан бір апта бұрын болған жайт. Мұның барлығы менің жанымды күйзелтті».

Луис Суарес

Көп ұзамай Диего Симеоне шабуылшыны өз командасынан көргісі келетінін жеткізеді, ал Суарес бұған келіседі. Мадридтік «Атлетикодағы» алғашқы маусымында ол Испания чемпионатында 21 гол соғады. Ал бірнеше күн бұрын ол «Барселона» қақпасына өзінің алғашқы голын соқты. Бұл голды тойламаған уругвайлық ерекше жағдайды:

«Мен командамның жеңіске жеткеніне қуаныштымын, біздің көздегеніміз осы еді. Әрине, бұл команда мен үшін ерекше қарсылас, бірақ мен «Атлетико» үшін бар күшімді саламын. Гол соққан жағдайда кешірім сұрауым керек болатынын білдім. Ол менің бұрынғы командалас әріптестерім мен олармен арадағы қарым-қатынасым үшін, оның үстіне командадағы болып жатқан қазіргі жағдай үшін. Менің қолмен көрсеткен белгім Куманға емес, менің нөмірімді білетін барлық адамға арналады. Себебі, ол баяғыша, өзгерткен жоқпын. Мен әзілдеп солай жасаймын деп балаларыма уәде берген болатынмын», – деп жеткізеді.

Куман мен Лапорта

Соңғы алты ойында небары бір рет жеңіске жеткен каталондық ұжымның бас бапкері жұмысынан босауы мүмкін деген қауесеттер бар. Алайда, оның орнын басатын маманның жоқтығынан ба, әлде 12 млн еуро компенсация төлеуден қашып отыр ма, белгісіз, әйтеуір, клуб президенті Куманды жұмысынан босатуға асығар емес:

«Куман «Барселонадағы» жұмысын жалғастырады. Ол сенімге лайық адам, ол біздің клубытң аңызы. Рональд «Барсаның» қиын кезеңді өткеріп жатқан кезінде бас бапкері болуға бел буды, мен мұны жоғары бағалаймын. Қазір біздің ара-қатынасымыз жақсы. Рональд – жақсы адам, мен туралы да ол осындай ойда. Біз «Барселонаның» жағдайын оңтайландыруға тырысып жатырмыз».

Қазіргі таңда «Барселона» ішкі чемпионатта тоғызыншы орында, ал Чемпиондар Лигасында өз тобында соңғы орында келеді. Бұл команданың Еуропа Лигасындағы фавориттер қатарынан көрініп қалуы да ғажап емес. Не де болса, мұның арты немен бітері уақыттың еншісінде. Ал біз еуорпалық футболды көруден жалықпайық, қызықты маусымды рахаттана тамашалайық!

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте