ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Бұрыштамалар баттлы. Куадрадо мен Чалханоглу жасаған жарқын голдар

Кеше Еуропаның топ-5 чемпионатының ішкі біріншіліктерінің кезекті тур ойындары өтті. Олар әдеттегі тартысты матчтардағы жекелеген ойыншылардың шеберлігі мен қақпашылардың қателіктері салдарынан әдемі голдарға толы болды. Metaratings.kz тілшісі қызықты голдардың бірқатарына тоқталып, сіздердің назарларыңызға ұсынбақ.

Чалханоглу

Ең алдымен Италия чемпионатындағы орталық матчтан бастасақ, «Рома» өз алаңында «Интерді» қабылдаған болатын. Ойынның 15-ші минутында миландық команданың жартылай қорғаушысы Хакан Чалханоглу бұрыштама добын тікелей қақпаға бағыттады, жолай қорғаушылардың ешбіріне тимеген доп «Рома» қақпашысы Руи Патрисиудың ауынан өтіп қақпаға енді. Әрине, бұл жағдайда қақпашыдан басқа ешкімді кінәлай алмайсың, дегенмен Хаканның да соққысының бағытын өзгерте ұшқанын ескеру қажет. Шамасы, португалиялық қақпашы бұл пастың қорғаушылардан аспайтындығына тым сенімді болса керек. Бұл голдан соң Эдин Джеко мен Дензтль Дюмфрис есептегі басымдықты еселеп, қонақтар сенімді жеңіске жетті.

Патрисиу

Келесі керемет гол да «А» сериясының аясында орын алды. 16-турда «Ювентус» Туринде «Дженоамен» шеберлік байқасты. Матчтың 9-шы минутында Хуан Куадрадо командасының пайдасына тағайындалған бұрыштама добын айып алаңына асырады. Бір қарағанда пас сияқты көрініп әуелей ұшқан доп Сиригу күзеткен қақпаның алыс бұрышына топ ете түсіп, алаңдағы жиналған жанкүйерлердің жан ұшыра қуануына себеп болды. Патрисиудың жағдайымен салыстырсақ, бұл жерде қақпашының допты қайтаруға еш мүмкіндігі болмады. Аталған гол колумбиялық футболшының асқан шеберлігі мен сәттіліктің қатар келуі деп топшылауға болатын секілді.

Куадрадо

Ойыншының өзі ойыннан соң италиялық телеарнаға берген сұхбатында голы жайлы былай деп түсіндірді:

«Мен мұны әдейі ойластырғам жоқ, бұл кездейсоқ орын алған гол болды. Мен допты жақын бұрышқа бағыттаған болатынмын, алайда ол биігірек ұшты»

Ланс-ПСЖ

Франция чемпионатында да қақпашыларға қатысты келеңсіз жағдай болды. «Пари Сен-Жермен» футбол клубының тәжірибелі қақпашысы Кейлор Навас сырт алаңда «Ланспен» өткен кездесудің 62-ші минутында Секо Фофана бағыттаған допты қайтара алмады. Соққы күшті болғанымен ұшу бағыты аса қатты құйтырқы да болмады, оның үстіне қақпашыға тура бағытта келе жатқан. Дегенмен Навас допты қақшып алуды ойласа керек, оны абайсызда қолының астына қарай бағыттап, қақпасынан бір-ақ шығарды. Бұл оқиғадан соң онсыз да, 17 турда 10 матчқа ғана қатысқан Кейлордың алаңдағы орнын Еуропаның үздік қақпашысы Донаруммаға біржола беріп қою қаупі ұлғая түсетіндей көрінеді.

Париждік команданы жеңілістен Джоржиньо Вейналдум құтқарды. Матчтың соңғы сәттерінде Мбаппенің әуелете асырған добын қақпаға дәл бағыттаған голландиялық командасына бір ұпай алып берді.

Фред

Ағылшын Премьер-Лигасы, әрине, әдемі голдан ешқашан мақұрым қалған емес. 15-тур аясында «Олд Траффордтағы» ойында «МЮ» жартылай қорғаушысы Фред матчтың 77-ші минутында айып алаңының сыртынан гол соқты. Командаласы Гринвудтың пасын тоқтатпастан өзінің әлсіз саналатын оң аяғымен «Кристал Пэлас» қақпасының алыс бұрышын дәл көздеді. Фред өткен турда «Арсеналмен» өткен матчта командасына пенальти алып берді және голдық пастың авторы атанды. Соңғы ойындарда өзін жақсы қырынан танытып жүрген бразилиялықтың жаңа бапкер Ральф Рангниктің көңілінен шығатынына да сенім мол.

«Қызыл сойқандардың» бас бапкері матчтан соң аталған гол жайлы былай деп ойын білдірді:

«Фредтің голы мен үшін күтпеген жағдай болды. Маған тіпті көмекшімнен бейнеқайталаудан оның шынымен де оң аяқпен тепкендігін нақтылап сұрауға тура келді. Мен оны тек сол аяқпен тебе алады деп ойлаппын. Фред үшін қуаныштымын».

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте