ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы бес турындағы есте қалған кездесулер

Әне-міне дегенше, футболдан Қазақстан чемпионатының бесінші туры да аяқталып қалды. Грандтар өз дәрежесінде өнер көрсетуде, аутсайдерлер өз орындарында. Алғашқы 5 турдағы кейбір жекелеген командалардың нәтижелеріне Metaratings.kz тілшісі тоқталып өтеді.

Валерий Чуперка және Жиан Мартинс

Өзінің ойын философиясын «Қайрат» ойыншыларына толықтай жеткізіп болмаған Шпилевский шәкірттері турнир кестесінде көш бастап тұр

Чемпиондыққа үміткер командаларға келер болсақ, «Қайраттың» аяқ алысы жаман емес. Вагнер Лав бастаған Шпилевский шәкірттері алғашқы төрт ойынның біреуінде ғана тең ойнап, қалған үш матчты жеңіспен аяқтаған. Айта кетерлігі, Премьер-лиганың алғашқы турында алматылықтар «Жетісуға» қарсы екінші таймда он адаммен жүріп-ақ 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Екінші турда дәл сондай жағдай, бірақ алматылық команданың пайдасына жұмыс жасады. Қызылордалық «Қайсардың» капитаны Думан Нәрзілдаев алаңнан қулып, «Қайрат» бір адамға артық ойнады. Бірақ ол жеңісті Алексей Шпилевский қызыл қағазбен еш байланыстыра алмайтынын жеткізді.

«Қызыл қағаз ойынның нәтижесіне әсер етті дейсіз бе? Білмеймін. Өткен аптада да осындай жағдай болған. Ол кезде біз бір адамға кем ойнадық және жеңіске жете алдық. Бүгінгі қарсыластарымыз да солай жасап, бізге қысым көрсетуіне болатын еді. Сондықтан, мен бұл жерде ешқандай басымдық көріп тұрған жоқпын. Бәрі өз орнымен болды. Төреші тағы бірнеше қызыл қағаз: Дугаличтің бетінен ұрған қақпашысына, сонымен қатар Небойшаны соққан 11-ші нөмірлі ойыншыға көрсетсе болатын еді», — дейді Шпилевский.

Томасов бастаған Тихонов тәлімгерлері әр тур сайын өз баптарына келіп жатыр

Ал «Астана» Түркістанда өткен атақты «су добы матчында» жоғалтқан ұпайы мен былтырғы жылғы ел біріншілігінің вице-чемпиондары «Тобылмен» болған ойында тең ойнағаны болмаса, қалған екі ойында сенімді жеңіске жетті. Жаңа бапкерге енді ғана еттері үйрене бастаған елордалықтар өздерінің былтыр айрылып қалған чемпиондық атақтарын қайтару үшін барын салары анық. Құрамын Ароян, Аймбетов, одан қалды испаниялық Кадэте сияқты ойыншылармен күн санап күшейтіп жатқан ұжым маусым ортасына қарай бір-біріне одан әрі үйренісіп «Қайрат» пен «Тобылдан» еш қалыспайтын команда болуға талпынады.

Марин Томасов

Атыраумен өткен соңғы ойында елордалықтар «мұнайшыларды» 6-2 есебімен ойсырата ұтты. Ресейден футболды сағынып келген Абат Аймбетов пен командаға қайта оралған Роман Муртазаев және биыл командаға капитан боп сайланған Абзал Бейсебеков екі голдан соғып шықты. Айта кетерлігі, соғылған алты голдың төртеуі Марин Томасовтың керемет пастарынан кейін соғылып отыр. Хорват аталған ойында голдық пас беру көрсеткіші бойынша кезінде Чемпиондар Лигасында ойқастаған Фокси Кетэвуаманың жетістігін қайталады.

Қызуқанды «қызыл-ақтар» ҚПЛ көрермендерін қызыққа қарық қылуда

Шынында да, бір-екі жыл бұрынғы маусымдарда қыруар қиындықты бастан кешкен «Ақтөбе» футбол клубының футболшылары Премьер-лиганы сағынғандықтарын соңғы екі турда дәлелдеуде. Тура бір АПЛ клубтары секілді соңғы минуттарда ойынның қызығын кіргізіп, жанкүйерлердің делебесін қоздыратын ойын көрестіп жүр Алексей Бага баптайтын жігіттер. Үшінші турда «Ордабасыға» қарсы өте керемет, жеңіске бергісіз тең ойын өткізді.

Ақтөбе

Алматыда өткен тартысты матчта ҚПЛ жанкүйерлері голдың түр-түрін көрді: алдымен өзбек шабуылшысы Игорь Сергеев өз жарты алаңынан Бекхан Шайзада күзеткен қақпаны жәл көздеді; одан соң араға 15 минуттай салып Еркебұлан Нұрғалиев қарсыластың айып алаңындағы комбинациялан кейін командасының екінші голын соқты. Ал ойынның 86-шы минутында Рифат Нұрмұхамед оң қанаттан ойыса келе өзінің сол аяғымен «Ордабасы» қақпасының алыс бұрышын шиыра тепкен добымен дәл көздеді. Соңғы голдың соғылуына матч аяқталуға санаулы сәттер қалғанда өз иелегін тастап шабуылдағы әріптестеріне көмекке келген «Ақтөбе» қақпашысы Жасур Нәрзіқұловтың үлесі орасан, оның бағыттағын добы қақпа бағанасынан кейін серпіліп Михаил Йерабектің иығына тиіп бос қақпаға енді.

Осы ойын жайында шымкенттік клубтың бас бапкері Александр Седнев: ⠀

«Меніңше, тең есеп жағдайы жеңілістен де қиын болады. Мүмкін тіпті нәтиженің өзінде емес, бұның қалай орын алғаны шығар. Менің футболшыларым өте қатты тырысты. Олар ойынның мазмұны жағынан да, сапасы жағынан да жақсы кездесу өткізді. Алайда, кейде қарсылас ешбір сәт тудырмаса да, бізге 4 гол соғатын ойындар болады. Бұл көп, өте көп. Бірақ мұндай ойындар болып тұрады. Менің футболшыларға ойын икемділігі бойынша да, жанын салып ойнағандары бойынша да ешқандай сұрағым жоқ. Бізге матчтың кейбір эпизодтарынан кейінгі жайбарақаттық секілді аспектілер жетіспейді. Біз гол соққаннан кейін барлығы біткен секілді, ойын жасалып қойған секілді болады. Бұл шыныменде біз үшін ащы сабақтар, себебі барлығының көңіл-күйі түсіп кетті. Матчтың қалай өрбіп жатқаны мен қорытынды есептің қандай болғаны іс жүзінде бізді өлтірді. Біз өзімізге мұны тәжірибе ретінде қабылдап, келесіде осындай қателіктерді жібермеуге тырысамыз. Мен алғаш қарағанда қақпашымыздың көптеген қателіктер жібергені жөнінде айтып өтсем деймін. Қателік бұл бір істің салдарынан туындайды, біз өз қақпашымызға сенеміз. Расымен де, өте жақсы қақпашы өсіп келеді. Мен бұған күмәнданбаймын, менің сөздерімді естеріңізге алыңыздар. Мұндай ойындар оны екі есе мықты етеді деп сенемін. Ол қатайып, тәжірибе жинақтайды. Әрине, болжау мүмкін емес ойындар болады», - деп ой білдірген болатын.

Александр Седнев

«Ақтөбе» клубының басшысы Артур Смағұлов «Ордабасы» бапкерінің кейбір сөздеріне наразылық танытып, қарсы пікір білдірген.

«Кешегі матч туралы көп дүние жазғым келеді. Ең бастысы – мен өз командамды, жаттықтырушылар штабын, футболшыларды және әкімшілік топты мақтан тұтамын. Әр матчта ең соңғы секундқа дейін күресентінімізді көрсеттік! Біз кеудеміздегі эмблема үшін ойнаймыз! Команда мұны әр матч сайын дәлелдеп келеді. Барлық жігіттер команда үшін, жанкүйерлер үшін жан салып күресетін осындай ұйымшыл және тату ұжым тағы қайда бар екенін білмеймін.

Артур Смағұлов

Кеше біз мықты қарсыласқа қарсы төрт гол соқтық. Өкініш бар, себебі матчта жеңіске жетуіміз де мүмкін еді. Мүмкіндіктер болды... Біз тек енді құрылып келе жатқан командамыз. Алдымызда көп жұмыс күтіп тұр, бірақ қазірдің өзінде қандай жетістікке жеткіміз келетіні және қандай ұжым құруды қалайтынымыз көрініп тұр. Басты мақсат – клубты қазақстандық футболдың элитасына қайта көтеру. Жанкүйерлерге ерекше рахметімді айтамын. Сіздер үздіксіздер! Мұны қайталаудан жалықпаймын! Осындай қолдау мен бірліктің арқасында біз бәріне қол жеткіземіз! Барлық жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін мың алғыс!

P. S. Александр ма, кім еді атың, мазмұны мен сапасы бойынша өз командаңды бағала, «Ақтөбе» туралы айтуға құқығың жоқ!», – деді Смағұлов өзінің инстаграмдағы парақшасында.

Алексей Бага

Алексей Баганың соңғы минуттардағы жетістік құпиясы ойыншыларды тыңнан алаңға шығару. Оған дәлел, соңғы турда беларус маманының командасына жеңіс сыйлаған екі голды да 74-ші минутта ойынға қосалқы құрамнан қосылған Дидар Жалмұқан мен Рифат Нұрмұхамед соқты. Айта кетерлігі, Рифат чемпионаттағы соңғы үш ойында алаңға тыңнан қосылып, 3 голмен көзге түскен.

«Ақтөбенің» биылғы маусымда әзірге жеңіліссіз келеді: бес ойында үш рет тең ойнап, екі рет жеңістің дәмін татқан. Премьер-лигаға жаңа оралған, құрамы мен бапкерлері жаңарған ұжым үшін жаман көрсеткіш емес. Дегенмен, бұл маусымда «қызыл-ақтардың» еурокубоктық аймаққа шығу-шықпауы екіталай. Себебі, мықты қарсыластармен ойындар әлі алда. Тек бір нәрсе анық, ақтөбелік ұжым тек өз жанкүйерлерін ғана емес, сонымен қатар өзге де Қазақстан Премьер-лигасын қош көретін көзі қарақты жанкүйер қауымға қызықты ойындар мен тамаша голдарды әлі талай сыйлайды.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте