ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Айына он мың доллар алған шығар». «Тұранның» бапкері – Газзаевтың кетуі мен клубтағы жағдай туралы

1 комментарий

«Тұран» бас бапкерінің міндетін атқарушы Қуаныш Қабдолов YouTube-тағы NursultanQurman арнасына берген сұхбатында Владимир Газзаев пен клубтың жағдайы туралы,соңғы нәтижелер мен командадағы өзгерістер жайлы айтып берді.

— Осы маусымда бас бапкердің міндетін атқарушы маман ретінде бес ойын өткізіпүлгердіңіз. Нәтижелер туралы не айтасыз?

— Мен бұл команданы жақсы білемін, себебі құрам жасақталғанкезде осында болдым. Мен бапкердің орнына келген соң тактикалық өзгерісжасадым. Лев Скворцов, Алияр Мұхамед секілді жаңа әрі жас ойыншыларды негізгіқұрамға шығардық. Оларға өздеріне берілген мүмкіндікті жақсы пайдалануда депойлаймын. Төрт матчта тең нәтиже тіркедік. Қарсыластар оңай болған жоқ.«Қызыл-Жармен», «Атыраумен», «Ордабасымен» тең ойнадық және сырт алаңда«Қайратты» жеңдік. Ал «Астанамен» болған соңғы ойында 3:3 есебі тіркелді. Жалпыалғанда, жақсы ойындарға куә болдық.

— «Тұран» биылғы маусымда жүлделі орындар үшін күреседі деген ақпарат болды.Бірақ клубтың турнирлік кестедегі жағдайы оған сәйкес келмейді. Бұған не себеп?

— Бұған клуб басшылығын кәналай алмаймыз. Біздіңпрезидентіміз Айбек Тілеужан осы жылы барлық жағдайымызды жасап беруде. Газзаевсұраған ойыншыларды, медициналық құрал-жабдықтарды демеушілердің көмегімен алыпберді. Ол жабдықтардың бізге тигізер пайдасы мол. Жұмыстар жақсы атқарылуда. Жаңаклуб болғандықтан, «Астана» және «Тобылмен» бәсекелесу қиындау болады. Бірақжігіттермен сөйлесіп, әр ойында бар күшімізді салып ойнайық деген мәмілегекелдік. Себебі біз қазіргі турнирлік кестедегі орынға лайық емеспіз.

— Клуб өткен жылғы қарыздарын осы маусымға арналған бюджетпен жапты ма?

— Біздің клубқа осы жылы 1,2 миллиард теңге бөлінді.Өткен жылғы қарызымыз шамамен 400 миллион теңгені құрады. Оны ақпан айындажауып тастады. Сондықтан маусымды 800 миллион теңгемен бастадық. Бізге бұданбөлек қосымша қаржы керек. Ойыншыларға әр матч сайын сыйақы берілуі тиіс. Бұл туралыбіз клуб басшылығымен сөйлестік. Жақын арада бұл мәселе шешіледі деген ойдамын.Ол үшін клубқа демеушілер табу керек. Біз осы жылдан бастап FlyArystanәуекомпаниясымен серіктес атандық. Олар бізге ақшаны үнемдеуге көмектесіпжатыр. Мысалы, сырт алаңдағы ойындарға біз осы компания арқылы тегін барыпжүрміз.

— Клубтың автобусы жоқ екен...

— Әзірге клубтың материалдық-техникалық базасы жоқ. Бізекі жыл бойы Шымкенттегі «Биік» базасында жаттығып жүрміз. Ойыншылар осындажатады, осы жерден тамақтанады, жаттығу жұмыстарын өткізеді. Ал Тұркістанғаойынға бір күн қалғанда барамыз. Ол жақта қонақүйге жатып, ойын біткен соңШымкентке қайтамыз. Әр ойынды сырт алаңда өткізіп жатқандай сезімде боламыз.Қазір клубтың базасы салынып жатыр. Бірақ қашан бітетінін білмеймін. Әзіргебіздің жеке автобусымыз да жоқ. Екінші лигада өнер көрсететін «Тұранның» жастаркомандасы, академияның жігіттері де «Биікте» жаттығады. Бұл үлкен шығын болыптабылады.

— Владимир Газзаев жайлы ойыңыз қандай? Оның жұмысына қандай баға бересіз?

— Бапкерге сын айту дұрыс емес секілді. Мүмкін бұлкомандада өзінің мүмкіндігін пайдалана алмаған шығар. Бірақ ол кісі үшін барлықжағдай жасалды. Клуб басшылығы оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырып, бапкер қалағанойыншыларды алып берді. Бірақ Газзаев өз ойынын қоя алмады.

— Олсіздің пікіріңізді тыңдайтын ба еді?

— Мен өзімді оның командасында жүргендей сезінбедім.Кішкене бөлектеу жүрдім. Ол бәрін өзі жасайтын еді.

— Клуб басшылығы сізге әрі қарай да сенім арта бере ме?

— Қазір уақытша бапкердің міндетін атқарып жүрмін. Клуббасшылығы маған толықтай сенім артатынын мәлімдеді. Біз әр ойын сайын адалжұмыс жасап жатырмыз деп ойлаймын.

— Газзаевпен қалай қоштастыңыздар?

— Ешқандай реніш болған жоқ. «Тобылмен» болған ойыннанкейін қызметінен кететінін сезген секілді. «Тұран» оған белгілі бір көлемдеөтемақы төлеген шығар.

— Бұл бапкерді кім таңдады?

— Оны облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев таңдады. Үшкандидатураның ішінен соны ұнатты. Газзаевтан бөлек, үміткерлер тізіміндеНиколай Костов пен Милан Миланович, ал отандық бапкерлерден Нұркен Мазбаевболды. Газзаев «Тұрандағы» ең көп жалақы алатын адам болды. Бірақ оған қаншажалақы төленгенін білмеймін, айына шамамен 10 мың доллар алған шығар. Өзімніңқандай жалақы алатынымды айта алмаймын. Бірақ еңбекақы көңілімнен шығады.

— Ойыншылар жайлы сөз қозғасақ. Азат Нұрғалиевтің командадағы рөлі қандай?

— Азаттың көшбасшылық қабілеті бар. Ол командаға киімауыстыратын бөлмеде көп көмектеседі. Бірақ, қазір ол жарақат алып қалды.Шамасы, оған ота жасату керек секілді. Мәскеудегі дәрігерімен ақылдасқаннанкейін бәрі белгілі болады. Азатты командаға клуб басшылығы шақыртты. Ол«Тұраннан» үлкен жалақы талап етті деп ойламаймын. Недегенмен, Шымкент өзініңтуған жері ғой.

— Сіз Таңат Нөсербаевқа сенбейсіз бе?

— Олай демес едім. Таңат соңғы кездері ораза ұстады.Сондықтан 20-30 минут қана ойнай аламын деді. Енді ораза бітті, жағдайөзгеретін шығар. Себебі мен барлық ойыншыларға сенемін. Таңат біздің капитан,көшбасшы ойыншымыз. Бас бапкерді тыңдап, сөзіне құлақ асатын футболшы.

— «Тұранның» жас ойыншыларына біраз клуб көз тігіп отыр.

— Газзаев кеткелі бері, мен Лев Скворцов, Алияр Мұхаммед,Санжар Сатанов, Дүйсенбекұлы Қуаныш дейтін футболшыларды ойынға шығарып жүрмін.Бастапқы екеуі негізгі құрамда шығып, жақсы ойын көрсетуде. Командадағыойыншылардың бәрі жақсы.

— Жазда «Тұран» сапында трансферлік өзгеріс бола ма?

— Трансфер терезі ашылған соң, жаңа ойыншылардықарастырып көреміз. Дәл қазіргі сәтте шетелдік футболшылар керек емес секілді.Ойынға деген құлшынысы көп жас ойыншыларды қатарға қосуға тырысамыз.

— Сіз өзіңізді қатал бапкермін деп айта аласыз ба?

— Қатты қатал емеспін. Командадағы ойыншылардың бәріүлкен азамат қой. Егер тәртіп бұзып жатса, айыппұл саламыз. Бірақ кешіретін сәттерде болады. Тәртіп жағынан ешқандай мәселе жоқ. Командадағы атмосфера керемет.

— Клуб басшысы туралы қандай пікірдесіз?

— Айбек Бауыржанұлы жас болса да, футболға дегенкөзқарасы өзгеше. Осындай менеджерлер Қазақстанға керек. Біз жақсықарым-қатынастамыз. Әркім өз жұмысын біледі. Біздің қойған талаптарымыздыорындауға тырысады. Біз оған толықтай сенім артамыз. Қазір жақсы жұмыстар атқарылуда. Оған футболшылар мен клубқызметкерлері куә. Сондықтан мен ол туралы жаман пікір айта алмаймын. Жасменеджерлерді тек қолдау қажет деп ойлаймын.

— Клубтағы ең жоғары және ең төменгі жалақы мөлшерін айта аласыз ба?

— Ең төменгі жалақы 150 мың, ал максималды жалақы 4миллион теңгеге дейін баратын шығар. Ең жоғары жалақыны командадағы легионерлералады. Бұл нақты ақпарат емес, тек өз ойым.

— Ұлан Қонысбаевты жазда Газзаев «Тұранға» шақырмақшы болған екен.

— Ұлан бізбен бірге ОЖЖ-на қатысты. Оны қолдау үшін АйбекТілеужан жиынға шақырды. Бірақ бізбен ақылдасып, оған мүмкіндік берейік дегенортақ шешім шығарды. Қазір командасыз жүргендіктен оған қиындау болады.

— Қазақстандық Моуриньоны (Ибадулла Мелдеханов) жұмысқа алдыңыздар. Оның көмегі матч кезінде сезіле ме?

— Матч кезінде мен оны байқай бермеймін. Ал ойыннан кейінәлеуметтік желілерден байқап жатамын. Ол қазір біздің клубта жұмыс істеуде. Олбалалар үйінен шыққан, мүгедектігі бар екен. Клуб басшылығына келіп: «сутасысам да, «Тұранда» жұмыс істейін», - деп сұраныпты. Сондықтан оған мүмкіндікберілді. Қазір ол мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасауда. Мұны әлеуметтікжоба деп айтсақ та болады.

— Сіз «Атыраудың» жігітісіз. Шымкент ұнады ма?

— Шымкентте жұмыс жасаймын деп мүлдем ойламаған едім.Бірақ өмір болған соң, осында келіп қалған жайымыз бар. Шымкент өте жақсы қарсыалды. Атырау мен бұл жердегі менталитет әртүрлі. Жұбайым да жақында Шымкенткекөшіп келді. Оған да бұл қала ұнаған секілді.

— «Тұранның» жанкүйерлері бар ма?

— Аллаға шүкір, клубтың жанкүйерлері бар. «Атыраумен»болған ойыннанкейін біз оларменкездестік. Олар бізді қолдап, маған толықтай сенім артатынын мәлімдеді. Клубтыңфан-қозғалысы бар. Олар «Қайратпен» сырт алаңда өткен ойынға барды. «Астанамен»болған матчта да жанкүйерлеріміз көп болды.

— «Ордабасымен» келісілген матч болатыны жайлы ақпарат пайда болды. Бұлқаншалықты рас?

— Ешкім жеңісті оңайлықпен бере салмайды. Әр клуб алдынақойған мақсат-міндетін орындап жатыр. Сондықтан бұл өтірік әңгіме. Біз бұлойында көп мүмкіндік жасадық. Бірақ сәттілік серік болмады. Нағыз жеңіскежететін матч болды.

Комментарии (1)
  • Бір қуантарлығы, Тұран командасының сапында қазақ футболшылары көптеп өнер көрсетуде. Бұл құптарлық іс. Отандық футболдың дамуына үлкен үлес қосады деп білемін

    0
Девушки в спорте