Айбар Жақсылықов: «Ұлттық құрамадағы алғашқы голымды күтіп жүрмін»

Футболдан Қазақстан ұлттыққұрамасының шабуылшысы Айбар Жақсылықов Молдовамен кездесуден кейін Meta-ratings.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

Жақсылықов

– Айбар жеңіс құтты болсын! Бас бапкер алаңғашығарда қандай тапсырма берді

– Рахмет. Алаңда көбірек прессинг жасап, ашылып отыр деп тапсырма берді.Мен ойынға араласқанда есеп 1:1 болып тұрған. Молдоваға жеңіс үшін келдік.Сондықтан жиі ашылып, мүмкіндігін болса қақпаға теуіп отыр деді.

– Екінші гол соғылатын тұстақақпаның алдында сен тұрдың...

– Иә, егер автогол болмғанда аяғымды қояуға даяр тұрғанмын. БактиерЗайнутдинов негізі пасты маған берген еді. Бастысы, команда жеңіске жетті.Соған қуаныштымын.

– «Астана Аренада» қарымта матчбар. Сол ойыннан не күтесің?

– Екінші ойын 29 наурызға жоспарланған. Бұл матчта жакүйерлеріміздіңалдында жеңіске жетуге тиіспіз. Бапкердің барлық тапсырмаларын орындауғатырысамыз.

– Қазақстан құрамасының жеңістойламағанына көп болған. Матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеде ерекше қуанғанболарсыңдар?

– Әлбетте. Әрбір жеңіс қуаныш қой. Қазақ елі осы жеңісті көп күтті.Федерацияның жаңа басшылары да келіп, қолымызды алып кетті.

Қазақстан құрамасы

– Бұл сенің ұлттық құрамадағыалтыншы ойынын екен. Жалпы құрамадағы алғашқы кездесуің есінде қалды ма?

–Көп ойын өткізе қойған жоқпын ғой. Сондықтан бәрі есте. Ұлттар лигасындаАлбаниямен кездесуде алғашқы дебютімді өткізгенмін. Ол кезде БактиерЗайнутдиновті ауыстырып алаңға кірдім. Ойын 0:0 есебімен аяқталды. Бас бапкерМихал Билек еді.

– Енді тек гол соғу қалды ғой...

– Дәл солай. Дебюттік кездесуімнен бері голды күтіп жүрмін. Әзірге екіншітаймда 25-30 минутқа ғана шығып жүрмін. Шабуылшы болғандықтан соның өзін тиімдіпайдаланып, гол соғуға тырысуым қажет.

Бүгін соңғы минутта мүмкіндігім болған еді. Алдымнан шыққан қорғаушыданөткеніммен сәттілік жетіспеді.

– Өзіңе қай позицияда ойнағанұнайды?

– Мен негізгі орталық шабуылшымын. Бірақ соңғы 1-2 жылда бапкерлер қапталғаауыстырып жүр.Жылдамдығымды пайдалан деп айтады. Әрине, орталық шабуылшығақарағанда қапталда ойнағанда гол соғу көрсеткішін азаяды. Бастысы, командағапайданды тигізу. Футбол бокс секілді емес, командалық спорт түрі.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте