ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Атаңанәлет «Аталанта»! Танымал тілші бармақ шайнап қалды

Бұл оқиға менің досымның басынан өтті. Бәс тігу өнеріне бас салғалы оншақты жылды оңғарып тастаған ол өте тәжірибиелі болатын. Бірақ, бәрібір қателесті.

Бәс

Сарыарқаның самал желін төске алып, кешқұрым сыра ішетін әрі футбол көретін жақсы бір кафеге келдік. Спортбар дейін десек өзі сондай қатты танымал, ел білетін жер емес. Бір досымыздың ашқан шағын ғана бизнесі. Ішінде 7-8 столы бар, 20-30 адамға лайықталған жол үстіндегі аядай ғана спортбар. Барлығымыз біреу қуып келгендей сонда жиналыппыз. Бірнеше шөлмек сыраны ортаға алып, болатын матчтарды талқылай кеттік. Талай жылдар бойы экраннан түспеген бір әріптесіміз 100 мың теңгеге бәс тігіпті. Ішінде өзі айтпақшы «осы жалған дүниедегі ең сенімді деген мегабетондар» екен. Жиынтығында 9 коэфицент, 5 ойын.

Қалғандарымыздың ставкаларымыз 5-10 мың теңгенің көлеміндегі бәстер болған соң оны қатты талқылай да қоймадық. Басты назарды 900 мың теңгеге салып отырмыз. Себебі, бұл экспресстің алғашқы ойыны ойнап үлгерді. «О басы жаман емес» дей бергенімізде ол экспресстің екіншісі де шықты. Енді үш матч бар. Барлығы далаға шығып, таза ауа жұтып, кейбірі темекі тартып тұрғанда іште жүрген бір досымыздың жарқын дауысы шықты. «Гол, шықты!» деген дауыстан соң бәстің 4 асуынан да өткенімізді білдік. Әл алынбаған, қолға тимеген 900 мың теңгені 5 жігіт талан-таражға сала бастадық. Әңгіме қызды-қыздымен жүріп жатты. «Кальяри» болса «Аталантаны» өз алаңында 1:0 жеңіп тұр. Бізге керегі жалпы матчтың тоталы 2,5-тен көп. Яғни, қарапайым стандарт 3 гол. Қағылез мінез «Кальяри» гол салған кезде «болды, шықты» дестік те, сыраны сіміруді одан әрі жалғай бердік. Теледидарда сол матч көрсетіліп, оның әрбір шабуылы біз үшін құдды бір той секілді. Айқайлап, пайпайлап, міне енді гол салынардай боп көрініп тұрды. Бірақ, матчтың 60 минутанан асып, жетпісінші минуттарды желкемдеп қалғанымызды кеш ұқтық.

Аталанта – Кальяри

Бәс тіккен жігітіміздің қабағы қатуланып, екі сөзінің біріне орыс тілінің ащы сөздері араласа бастады. Иә, «Аталанта» әшейінде топырлатып гол салушы еді, бірақ, бұл жолы емес. Екінші тайм басталғалы бері есепті теңестіре алмай жатыр. Қайта аракідік «Кальяри» қарымта шабуылдан ұстап алатындай көрінеді. Осы тұста әлгі бәсімізді кеңсенің сайты 300 мыңға сатыңыз деген бағасын 220 мыңға дейін түсіріпті. Әр минут сайын түсіп жатыр, түсіп жатыр. 900 мың шыққалы тұрған бәсті бір жағынан қимайды екенсің! Бізге тек қызық керек, ал досымызға қомақты қаржы керек. 900 мыңды алып саунаға барып шомылып, сыраны сылқитып ішіп, тойлатып қайту жоспарлары барған сайын бұлыңғырлана бастады. Негізі бәстің иесі 200 мыңды соған жұмсап, қалғанын өзіне қалдыратынын жоспарлаған болатын. Бір кезде түнгі матчтардың біршама легі басталды. Ішінде Англия, Испания, Италия лигаларының керемет матчтары тұр. Әлгі досымыз соған қызықты да, матчтың 84 минутанда әлгі ставканы 100 мың теңгеге сатып, басқа бәс тікті. Иә, себебі күдер үзілген еді. «Ең болмаса өз ақшамды алып, жаңадан басқа бәс тігейін» деді ол. «Е бопты, екінші мүмкіндік бар ғой», «Ай бекер саттың, қазір шығып кетсе қайтесің?», «Ставканы стақаның – отаныңды сатқаның» деген сөздер әр бұрыштан естіліп жатты. Екінші бәс тігіліп, енді біз сол ойындарды қадағалауға кірісейік деп теледидарды өзге арнаға ауыстыра берген тұста Дуан Сапата дуанадай атып шығып, таразы басын теңестірді. Біздің үстел ду ете қалысты. «Бағаннан бері салмай енді салғанын қарашы» деп өкініп жатқандар да бар. «Бірақ, болды ғой, матчтың 90+5 минуты өтіп жатыр, бәрібір шықпайды екен» деген досымыздың сөзі соңына таман желініп кетті. Осылай сабырлы сөйлеп тұрған досымыздың бірер сәттен кейін қатты дауысқа салып боқтайтынын білсеңіз ғой. «Аталанта» тағы бір гол салды. Есеп 1:2 сырт алаңда жеңіске жетті. Соңғы 2 минутта 2 гол салды. Матч тоталы 2,5-тен көп болып шықты. Көзден бұлбұл ұшқан 900 мың-ай! Ешкімде көңіл-күй жоқ, екінші бәсті қадағаламай-ақ сол жерден біртіндеп такси ұстап кете бастадық...

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте