ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Бәс тігушінің 5 қатесі. Ермұхамед Мәуленнің ақыл-кеңесі

Қазақстандық азаматтар биыл букмекерлік кеңселерге 78 миллиард теңге ұтылыпты. Бұл ресми статистика. Осы орайда қазақстандық бәс тігушілердің 5 қатесіне тоқталып өтейік. Қай жерде қате жіберіп жатырмыз?

угіт сәБ

Ең алдымен бәс тігуш­ілер қомақты қаржы тігіп сомаларын үлкей­тіп алғысы келеді. Мұндай аудитория Қаза­қстанда көп емес, де­генімен Алматы мен Астана және Шымкент қалаларында көп тірке­лген. Қалталы азамат­тар кейде 1,13 коэфи­центке бәс тігіп мил­лиондарынан айырылып жатады. Футболда 1,­13 коэфицент ойнап кету ықтималдылығы өте көп болып саналған­ымен, шықпай қалу қа­упі де бар екенін ұм­ытпау қажет. Миллион теңге тігіп, 120 мың теңге ұтып аламын деу өз-өзін ақтамайт­ын жоба екенін оңай байқауға болады. Яғн­и, сіз миллион теңге­ні 120 мың теңге үшін тәуекелге салып от­ырсыз. Бұл дұрыс па? «Барселона» өз алаң­ында «Малагаға» гол салады деп тіккен бір досым каталониялық клубты қарғыстың ас­тына алғаны әлі есім­де. Құрамында Мессиі бар «Барса» өз алаң­ында 0:2 жеңіледі деп кім ойлаған?

Екінші мәселе экспрессте. Сенбі-жексенбі күндері болатын матчтарды араластырмай сенбі күнгі матчты бір бөлек, ол жеңіліп болған соң ертесіне тағы бір экспресс тігетіндер көп. Адамдар сенбі күнгі матчтармен жексенбі күнгі матчтарды аралстырғысы келмейді. Ол шыдамсыздықтың белгісі. Бүгін тігіп, бүгін ұтқысы келеді. Тағатсыздықтың салдарынан сенбі күнгі 2-3 жақсы матчтың ішіне іріткі салатын болмашы ойындар кіріп кетеді. Сосын «біреуі қадады» деп басыңыз төмен салбырап отырасыз да қаласыз. Егер сенбі күні 3 фаворит команданың жеңісіне сенімді болсаңыз, бірақ олардың коэфиценті аз болса онда неге жексенбі күнгі матчтардың да ішінен іріктеп 2-3 матчты қосып алмасқа?! Бәс тігушілерге жетпейтін ең басты қасиет шыдамдылық. Аң аулаған аңшыдан асықпай, ыждаһатпен ақырын күту қажет.

угіт сәБ

Үшінші ірі мәселенің бірі экспресстердің тоғысуы. Қазақстандағы бәс тігушілердің жиі жіберетін қателігі —​ бір оқиғаны екінші экспресстің ішіне қосуы. Менің бір сыныптасым үш экспресс алған. Ойланып, толғанып сенімді деген бәстерді жинапты. Тіккен қаржысы да оңай емес. Бірақ, байқап қараса сол тіккен үш экспрессінің үшеуінің ішінде «Миланның» жеңісі бар екен. Тура сол күні «Милан» ғайыптан тайып жеңіліп қалды. Осылайша үкілеген үш үміттің үшеуі де күлге ұшты. Бір оқиғаны, яки бір матчты екінші экспресске алу үлкен қате екенін анық ұғатын кез жетті, ағайын! Себебі,​ 100 пайыз шығады деген матч болуы мүмкін емес.

Төртінші ретте тоқталатын жайт коэфицентке қарап бәс тігу. «Боруссия» Дортмундтың жеңісіне 1,35 коэфицент беріп тұрса ол 65 пайыз жеңеді деген сөз емес. Бәлкім бұл командада жарақат алған футболшылар бар шығар. Эрлинг Холланд алаңға шыға ма? Ойынға 1 сағат қалғанда футболшылар тізімі жарияланады. Е болмаса сол матч жайлы ақпараттар оқып, сәл де болса ізденген дұрыс. Ақша тігіп отырған соң бәс тігушінің өзі де ізденіп, хабардар болып отырғаны абзал. Әйтпесе, кеңсені аша салып шығады-ау деген 1,4-1,5 коэфциенттерді теріп қоя салу екінің бірінің қолынан келеді ғой. Ол жай ғана сәттілікте сенім артқан адамның тірлігі. Егер сол сәттіліктің өзі жеткілікті десеңіз, матч тоталы жұп немесе тақ дегенге бәс тіге салыңыз. Екеуінің де коэфиценті 1,85. Яғни мүмкіндіктерді букмекерлік кеңсе 50 де 50 қылып қойған. Аспанға тиын лақтырып, «Орел немесе решка» дегенмен бірдей.

угіт сәБ

Бесіншіден маған 5 коэфицент жетеді​ нем­есе ертең кредит төл­еймін, 80 мың шығарып алуым керек деп дә­лдеп бәс тігу де қате ұғым. Жалпы, букме­керлік кеңсеге бәс тігіп тез ақша аламын деу қате пікір. Мұн­да жиған-терген ақпа­раттарыңызды, ішкі сараптамаңызды тексеру үшін бәс тігуіңіз қажет. 80 мың​ керек екен деп тура 8 коэ­фицентке 10 мың​ тіг­етіндер бар. Сосын ол ставка шықпай қалы­п, 78 млрд теңгеге өз үлесін​ қосады. 10 мың теңге жеңіліп қалған соң, ішкі псих­ологияны дұрыс сезін­іңіз. Сіз жеңіліп қа­лдыңыз, енді оны қаз­ір қайтарып алу қажет деген пікірден ары­лыңыз. Ол сізді жеңіп кеткен Олжас деген класстасыңыз емес, ол букмекерлік кеңсе. Ол жанды тұлға еме­с. 100 мың ұтылдым, соны қайтарамын деп кіріссеңіз онда тағы 200 мың жеңілетінің­із түсінікті. Себебі, адамның ақылынан гөрі эмоциясы шешуші рөлге шығады. Қызбал­ыққа салынады, сосын ашуға жол береді. Жалпы, қалтаңызда арт­ық қаржы болып, бәс тіккіңіз келсе, онда бірден мына ойды са­наңызға алыңыз:​ «Бо­лды мына 10 мың теңге ешқашан қайтпайды»​ немесе «Мынанша со­маны тіктім ол қазір ұтады» деген сөз жо­қ. Бұл ақшаны мен​ ендігі жоғалттым деп есептеңіз. Өйткені, сол бәске зор үміт арты, одан кейін оның жеңіліп қалуы сізді психологиялық тұрғы­да қиын жағдайға ите­рмелеуі мүмкін.

Ермұхамед Мәулен

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте