ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Астана» мен «Тобыл» бір күнде хабарласты». Астанов – өзіне түскен ұсыныстар мен алға қойған мақсаты жайлы

Қазақстан жастарқұрамасы мен «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов YouTube-тағы«Вести Спорта» арнасына қонаққа барды. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі сұхбаттың толық нұсқасын жариялады.

Астанов

— Қазақстан мен Шотландия арасындағы матч ұзақ уақыт бойыесте қала ма?

— Ия, әрине. Бұл ойында керемет эмоцияларды бастанөткердік. Жанкүйерлер де футбол атмосферасын құра білді. Бірінші кезекте,қолайсыз ауа-райына қарамастан, біздіқолдауға келген алматылық жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Біз бұл матчтажеңіске жетуіміз керек еді. Қанша мүмкіндік болғанын өзіңіз де көрдіңіз. Бірақшабуылдардың нүктесін қоя алмай жаттық. Сондықтан жұмыс жасауды тоқтатпаймыз.

Астанов

— Осы жолы ұлттық құрамаға шақыртылмағаныңа өкінесің бе?

— Жоқ, бәрін жақсыжағынан қабылдаймын. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Бұл жолы ұлттық құрамадан ешкімхабарласпады.

— Өткен жылы Франциямен болған матчта Қазақстанқұрамасында дебют жасадың. Осы ойында қандай эмоциялар болды?

— Сөзбен айтыпжеткізе алмаймын. Мен бес минут қана ойнадым. Бірақ бұл мен үшін үлкен тәжірибеболып саналады. Әлем футболындағы жұлдыздарға қарсы ойнадық. Ол матчта алаңғашығатынымды да білдім. Себебі Талғат Маруаұлы сол кезде бізге мүмкіндікберетінін айтты. Сондықтан осы ойынға біз толықтай дайын болдық.

Франциядағы барлықойыншының деңгейі жоғары. Олар Еуропада доп тепкендіктен, біз барлығының ойынынбақылап отырамыз. Бірақ ол кездесуде ешқандай да қобалжу болған жоқ. Себебіоған дейін де Премьер-лигада біршама матч өткізіп тастаған едім.

Астанов

Ойын соңында КингслиКоманмен жейде ауыстырмақшы болдым. Тіпті онымен келісіп те қойған едім. Бірақсол кезде алдымнан Азат Нұрғалиев шығып: «Бұл футболшымен мен алмастырамын, сенбасқасына бар», - деді (күліп). Сондықтан Мусса Сиссокомен жейде алмастыруғатура келді. Ол жейде қазір үйде тұр. Айтпақшы, ол да менің жейдемді алып кетті.

— Премьер-лиганың өткен маусымында ең үздік жас ойыншыатандың.

— Бұл тек басы ғанадеп айтқым келеді. Босаңсуға болмайды. Әлі де болса прогресс жасау қажет. Бұл жүлде ештеңені де білдірмейді.Өткен маусым мен үшін сәтті өтті және мен бұл үшін қуаныштымын. Өйткені,керемет жүлдеге ие болдым. Мені қолдаған жандарға және командаластарыма алғысайтамын.

Астанов

— «Ордабасыдағы» өзгерістер жайлы не айтасың?

— Басында біз клубтыңболашағы жайлы білмедік. Біз күн сайын клубтың президентімен сөйлестік, бірақол кісі де ештеңе айта алмады. Кейін жағдай реттеле бастады, президент ауысты.Біз оқу-жаттығу жиынын кеш бастадық. Оның үстіне, тек Шымкентте дайындалып,Бірінші лига командаларымен ойнадық. Біз ақырындап ойынымызды жақсартыпкелеміз. Бәрі жақсы болады деген ойдамын.

— Маусым басында командада бірде-бір легионер болмады.Осы сәтте жаңа маусым жайлы не ойладыңдар?

— Біз жергіліктіойыншылармен де ойнай беретін едік. Себебі шымкеттік жігіттерде мінез бар.Бірақ легионерлерсіз ойнау өте қиын. Қазір шетелдік футболшылар командамызғабейімделіп үлгерді. Біз олармен бірге командалық кешкі ас іштік. Жиісөйлесеміз. Бразилиялық ойыыншылар тек португалша сөйлейтіндіктен, олармен аудармашыарқылы пікір алмасамыз.

Ордабасы

— «Қайратқа» ауысу мүмкіндігі болды ма?

— Иә. Сұлтанбек«Қайратқа» ауыспас бұрын мен алматылық клубтың бір филиалында қаралымнан өттім.Мені ешкім де бақылаған жоқ. Нәтижесінде олар менен бас тартты. Содан бері«Ордабасыда» ойнап жүрмін.

— Маусымаралық үзіліс кезінде «Астана» клубы сеніменбайланысты ма?

— Ия, мағанхабарласты. Шынымды айтсам, менімен Премьер-лиганың тоғыз клубы байланысқашықты. Тіпті «Астана» мен «Тобыл» бір күнде хабарласты. Бірақ мен шымкенттікклубпен жарамды келісім-шартымның бар екенін айтып, ұсыныстарына жауап береалмадым.

— «Астана», «Тобыл» секілді алдына үлкен мақсат қоятынклубқа ауыспағаныңа өкінбейсің бе?

— Аздаған өкініш бар.Бірақ мен «Ордабасыда» қалып, тұрақты түрде ойнау туралы шешім қабылдадым. Оныңүстіне, біз жаттығуды кеш бастадық. Басқа клубта бәсекелестік жоғарыдегендей... Дұрыс жасадым деп ойлаймын. Менің «Ордабасымен» төрт жылдық келісім-шартымбар. Бірақ ондағы өтемақы мөлшері жайлы білмеймін.

— Цхададзенің кезінде дебют жасадың. Ал Седневпенжұмыспен жасау қалай екен?

— Цхададзе тактикатұрғысынан алып қарасақ өте мықты бапкер. Ол жастарға сенім артты. Алғашқы жылынебәрі үш матчқа қатыстым. «Астанамен» болған ойында дебют жасап, 78 минут ойнадым. Ал 2020 жылы маған көбірек сене бастадыжәне мені тіреуіш жартылай қорғаушы ретінде алаңға шығарып жүрді. Қазір мен оңқапталдағы вингер позициясында ойнаймын, бірақ Қазақстан жастар құрамасындаартқы жартылай қорғаушы ретінде өнер көрсетемін. Қай жерде ойнасам да, мағанайырмашылық жоқ.

Астанов және Седнев

Седневпен жұмыс істеумаған ғана емес, командадағы барлық жігіттерге ұнайды. Біз маусым басында клубпрезидентіне Седнев қалмаса, командадан кететінімізді айттық. Біз «Ордабасыда»осы бапкердің арқасында қалдық. Әйтпесе, бірқатар ойыншылар басқа клубқаауысуды жоспарлап жүрген еді.

— «Ордабасы» өткен жылғы қарызынан құтылды ма?

— Жоқ. Бірақ алдағыуақытта құтылады.

— «Таразбен» болған ойыннан кейін Бекхан Шайзада алаңсапасын сынға алды. Сен оның пікірімен келісесің бе?

— Біздің Шымкенттегіалаңның да сапасы нашар. Ауа-райы қолайсыз болғандықтан, үш ойынды да осындайалаңда өткізуге мәжбүр болдық. Бәрі түзеледі деген үміттемін.

Астанов

— РПЛ клубтарынан ұсыныс түсті ме және бала кезіңде қайфутболшыны үлгі тұттың?

— Алға жылжу қажет.Бірінші кезекте Ресей Премьер-лигасына барып, одан кейін Еуропаға аттанғымкеледі. Бұл менің мақсатым. Өткен маусымның соңында Ресейдің бір клубы мағанқызығушылық танытты. Менімен тікелей байланысқа шыққан жоқ, тек агентімменсөйлескен екен.

Бала кезімненНеймардың ойыны қатты ұнайды. Ал сүйікті клубым – «Барселона».

— Осы маусымда алға қойған мақсатың қандай?

— «Ордабасы» үшінПремьер-лигада қалу басты мақсат саналады. Ал өзімнің жеке мақсатым - маусымбойы жақсы ойнап, ұлттық құрамаға шақырту алу.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте