Антирекорд орнатып, Мбаппенің тарихқа енуіне мүмкіндік бердік. Қазақстан естен шықпайтындай нәтиже тіркеді

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің финалдық ойынында Франциядан оңбай ұтылды. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі аталмыш матч жайлы сөз қозғамақ.

Франция - Қазақстан

Ойын басталмайжатып-ақ сегіз бірдей негізгі құрам ойыншысының әлем чемпиондарына қарсы ойнамайтыныбелгілі болды. Одан бөлек, Асхат Тағыберген мен Игорь Шацкий белгісізсебептермен Францияға бармаған екен. Талғат Маруаұлының қосалқы құрамдағыоыншыларға сенім артуына тура келді.

Жігіттер алты минут қана шыдай алды. Тео Эрнандестің пасына аяғын дәл қойған Килиан Мбаппе есеп ашты. Тағы алты минуттан кейін Стас Покатилов допқа жетпейтінін білсе де, қақпасын тастап алға қарай ұмылды. Допқа бірінші жеткен Коман қақпашыны алдап өтіп, дәл сол Мбаппеге пас ұсынды. Ал ПСЖ шабуылшысы ашық қақпаны көздеуде еш қателеспеді. Бір қызығы, француздарға бұл голды соғу үшін үш қана пас жеткілікті болды. Шабуылды команда капитаны Уго Льористі өзі бастап берді. Біздің жігіттер де өз бақытын қарсыластың айып алаңынан іздеп, 19-минутта алғашқы дәл соққысын жасады. Бірақ бұл Франциясына қақпашысына қиындық туғызбады. 32-минутта Мбаппе баспен гол соқты. Бұл жолы да оған Кингсли Коман көмектесті.

Канте

Екінші таймда Францияқұрамасының соңғы жаттығуларына қатыспаған Карим Бензема дубль жасады.72-минутта Адриан Рабьо бұрыштамадан асырылған пасты баспен қақпаға дәлбағыттап, командасының алтыншы голын соқты. Алаңға қосалқы құрамнан шыққанВладислав Васильев Гризманның пенальтиден гол соғуына мүмкіндік жасап берді. Алойынның аяқталуына үш минут қалғанда Мбаппе покер жасап, ойынның нүктесінқойды.

Абат

Осылайша, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңін сәтсіз аяқтап, тарихындағы ең ірі жеңілісіне ұшырады. Бұған дейін қазақстандықтар Түркия (2006 ж) мен Ресейден (2008 ж) 0:6 есебімен жеңілген еді. Әлем чемиондарына қарсы ойнайтынымызды білдік, бірақ бұл матчта антирекорд орнайды деп ешкім ойламаған болар. Жұбаныш голын соғу да қолымыздан келмеді. Қазір футбол ойнай алмайды деген елдердің өзі ұтылса да, гол соқпай кетпейді. Күні кеше Эстония құрамасы сырт алаңда Бельгия қақпасынан саңылау тапты. Тіпті Фарер аралдарының өзі Данияның осал тұсын таба білді. Андорраның Польшаға, Мальтаның Хорватияға соққан голы бар, айта берсек көп. Бірақ Жамбыл Көкеевтің ерлігін қайталау біздің жігіттердің қолынан келмеді.

Бұл матчта да еліміздің басты командасы сырт алаңда ойнағанына қарамай қонақжайлылығын көрсетіп, Франция ойыншылардың рекорд орнатуына өз септігін тигізді. Мбаппе Қазақстанда өткен алғашқы кездесуде ойыннан гол соғу былай тұрсын, пенальтиді сәтті орынай алмаған еді. Ал бұл жолы еш қиындықсыз төрт гол оқты. Осылайша, Килиан ұлттық құрама сапындағы алғашқы хет-тригін жасады. Одан бөлек, соңғы 63 жылда покер жасаған Франция құрамасының алғашқы ойыншысы атанды. Роналдудың Португалия сапындағы дебюттік голын соғуға көмектестік, енді Мбаппенің арқасында жұртшылық Қазақстан құрамасы туралы көп еститін болады. Адриан Рабьо да бұл ойында өзінің ұлттық құрамадағы дебюттік голын соғыпты. Ал Бензема болса Францияның үздік сұрмергендері тізімінде бесінші орынға көтерілді (35 гол).

Бензема және Мбаппе

Сөзсіз, Мбаппе бұлматчтың үздік ойыншысы атанды. Ал Қазақстан құрамасында Оралхан Өміртаев, ЕркінТапалов және Исламбек Қуат үздіктер қатарына енді.

Рейтинг

Франция құрамасыныңбас бапкері Дидье Дешам қарсыласқа құрмет көрсеткеніктен соңына дейін ойнағанынайтты. Ал Талғат Маруаұлы жіберілген қателіктерден сабақ алып, мұндайкелеңсіздікті болдырмауға тырысатынын тілге тиек етті.

Соңғы әлемчемпиондары өз атағын қорғап қалу үшін Катарда бақ сынайды. Француздар кешегіойыннан кейін Д тобында бірінші орын алды. Ал Қазақстан құрамасы үш ұпайменіріктеу кезеңін ең соңғы орында аяқтады.

Еуропаның деңгейінкөрдік, енді Азиядағы футболды тексеріп көреміз. Қазақстан құрамасы 16 қарашакүні Тәжікстанды қабылдайды. Кешегі ойыннан кейін Еуропадан кетіп, Азияда бақсынауымыз керек дейтін жанкүйерлердің қарасы көбейді. Соңғы рет өткен жылдың 4 қыркүйегіндеЛитваны жеңіп едік, содан бері жеңістің не екенін білмей келеміз. Ауыржеңіліске қарамай, осы жылды жақсы нотада аяқтайтын мүмкіндік бар. БірақФранциямен болған ойын көпке дейін жанкүйер қауымның есінен шықпайды.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте