ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қалай жіберіп қойдық? Ресейліктер Серена Уильямсты жеңген Рыбакинадан айырылып қалғандарына өкініп жатыр

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Үлкен дулыға санатындағы «Ролан Гарростың» ширек финалына жолдама алды.

21 жастағы қазақстандық теннисші 1/8 финалда атақы америкалық Серена Уильямсты 2 сетте жеңді. Матчтағы есеп - 6:3, 7:5.

Осы ойыннан кейін Ресейдің «Матч ТВ» арнасының жүргізушісі Софья Тартакова твиттер парақшасына қалай ғана бұл теннисшіден айрылып қалғандарына өкініш білдірді.

Елена Рыбакина

«Қалай ғана осындай теннисшіден айырылып қалуға болады? 2018 жылы бәрі түсінікті еді. Ленаның топ теннисшілердің қосыларын білгенмін. Әкесі Андрей (НТВ плюс аранасыныі экс-продюсері) Ресей теннис федерациясынан қызына көмек сұрады. Оның соңы немен біткенін жақсы білесіздер. Рыбакина енді Қазақстан атынан өнер көрсетеді», – деп жазды Тартакова.

Серенаны жеңгенінің арқасындв Рыбакина алғаш рет Үлкен дулыға санатындағы доданың ширек финалына шығып отыр. Парижге дейінгі үздік көрсеткіші Australian Open-2020 турнирінің үшінші айналымы. Ал «Ролан Гарроста» бұрынғы мауымда негізі топта бір айналымнан ғана асқан.

Үлкен дулыға санатындағы жарыстардың 22 дүркін чемпионы Серена Уильямс осымен төртінші жыл қатарынан «Ролан Гарроста» 1/8 финалдан аса алмай жүр: 2018 және 2019 жылдары үшінші айналымда шығып қалды, 2020 жылы бірінші кезеңнен әрі аспады. 2017 жылы Уильямс қатыспаған. Өйткені ол кезде сәбиін күтіп отырды.2016 жылы финалда Гарбинье Мугурусаға есе жіберген.

Рыбакина енді ресейлік Анастасия Павлюченковамен кездеседі. Қарсыласы беларусь қызы Виктория Азаренконы жеңді.

Елена Рыбакина

Айта кетейік, Елена Қазақстанға Ресейден қоныс аударған. Ол 1999 жылы 17 маусымда Мәскеу қаласында дүниеге келген. Тенниспен бес жасынан бастап айналысқан. Бұл спортқа әкесі баулыған. Өйткені кезінде әкесі де тенниспен айналысқан. Қазақстанға қоныс аударғанын

Қазақстанға қоныс аударғанына 2 жылдан асты. Сол кезде ол рейтингте екінші жүздіктің соңында тұратын. Былтыр 17-орынға дейін көтерілді. Қазір 22-орында. Енді Франция ашық біріншілігінен кейін тағы алға жылжитыны анық.

Серенаға дейін әлемнің үздік теннисшілерінен София Кенин (АҚШ), Элизе Мертенс, Кирстен Флипкенс (екеуі де – Бельгия), Шуай Жанг (Қытай), Хизер Уотсон (Ұлыбритания), Каролин Гарсия (Франция) секілді мықтыларды жеңген.

Рыбакинаға дейін бірде-бір қазақстандық теннисші Серена Уильямсты жеңбеген:

Серена Уильямс – Ярослава Шведова –5:0⠀

Серена Уильямс– Юлия Путинцева –3:0⠀

Серена Уильямс – Зарина Диас – 3:0⠀

Серена Уильямс – Галина Воскобоева – 2:0⠀

Серена Уильямс – Сесиль Каратанчева – 1:0⠀

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте